ағылшынша - «І11 \үогк дегендер шақтың аналитикалық формасы
ретінде танылады.
§ 82. Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қарала-
тын көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жа-
ғынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға (аффикске)
парапар қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция
атауыш сөздің формасы болып саналады да, оның (атауыш сөздің)
сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне (парадигмасына) енеді1.
Аналитикалык конструкция немесе сөздің аналитикалык фор
масы шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі
екі түрлі багытта - грамматикалану бағытында жэне лексикалану
бағытында дамуы мүмкін. Сөз тіркесінің грамматикалану ба-
ғытында дамуының нэтижесінде сөздің аналитикалык формасы
жасалса, оның (сөз тіркесінің) лексикалану бағытында дамуы-
ның нәтижесінде фразеологиялык бірліктер жасалады, сөздің
фразеологиялық эквиваленті пайда болады.
Сөз тіркесінің грамматикалануы барысында оның (сөз тір-
кесінің) қүрамындағы сыңарлардың біреуінің лексикалык мағы-
насы күңгірттеніп, атауыш сөзден көмекші сөзге, ал сөздердің
бүтіндей тобы сөздің грамматикалық формасына (аналитикалык
формасына) айналады. Кез келген сөз грамматикалану процесіне
ұшырай бермейді. В.М. Жирмунский грамматикалануға ұшы-
райтын сөздердің мынандай түрлерін көрсетеді. «Грамматика
лану көмекші сөздің алғашқы нақтылы лексикалык магынадан
абстракциялануының... нәтижесі болып саналады; осының өзінде
грамматикалануға ұшырайтындар өздігінен өте-мөте кең (жалпы)
магынасы бар мына сөздер: кең семантикасы бар, мысалы,
болу (не болу), бастау магынасындагы етістіктер,
туру (цалу),
ж үру түріндегі дамыл жэне қимыл етістіктері жэне т.б.; бүлар
өздерінің грамматикалық қызметтері бойынша көмекші немесе
байланыстырушы бола алады; модальды етістіктер..., өздерінен
жақ көрсеткіштері дамитын жіктеу есімдіктері; предлогтарга ай-
налатын мекен үстеулері немесе кең магыналы басқа пысыктауыш
сөздер; артикльдер қызметіндегі сілтеу жэне белгісіздік есімдіктері;
Достарыңызбен бөлісу: