Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


А.  Ысқаковтың жоғарыда аталған кітабы,  376-377-беттер і



Pdf көрінісі
бет200/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237
1А.  Ысқаковтың жоғарыда аталған кітабы,  376-377-беттер і.
194


2.  Сөз  таптары  -   сөздердің  формальды-грамматикалық  кате­
г о р и я с ы  
да,  таза  грамматикалык  категориясы  да  емес,  лексика- 
грамматикалык категориясы (топтары).
3.  Сөз  таптары  бір-бірінен  жалпы  категорияльды  магынасы 
мен  грамматикалык белгілері жагынан ажыратылады.
4.  Сөздердің  топтары  сез  таптары  ретінде  қаралганда,  ең 
алдымен  олардың  білдіретін  магыналары,  атап  айтқанда,  затты- 
лық  магына,  атрибутивтік  магына,  процессуальдық  магына  жэне 
т.б.  түрдегі  магыналар  негізге  алынады.  Ал  бүл  магыналарды 
лексикалық  магына  немесе  таза  грамматикалык  магына  деп 
емес,  жалпы  категорияльды  магына  деп  таныган  жен.  Жалпы 
категорияльды  магына  сөз  таптарын  бір-бірінен  ажыратуда  басты 
белгілердің бірі ретінде негізге алынады.
5.  Сөз  лексикалық  қүбылыс  қана  емес,  мұнымен  бірге 
грамматикалык  құбылыс  ретінде  де  танылады.  Осыган  орай, 
сөздерді  сөз  таптарына  классификация  жасауда  олардың  грам­
матикалык  белгілері  де  негізге  алынуга  тиіс.  Сөз  таптарының 
грамматикалык белгілері  дегеннен  олардың  морфологиялык жэне 
синтаксистік белгілері ұғынылады.
6.  Сөз  таптарының  морфологиялык  белгісінің  мазмұнына 
сөз  тудыру  формалары  мен  соз  түрлендіру  формалары  енеді. 
Сөз  таптарының  әркайсысының  өзіне  тэн  сөз  тудырушы  арнайы 
аффикстері  болады  да,  сөз  таптары  бір-бірінен  соз  тудырушы 
аффикстер  арқылы  ажыратыла  алады.  Соз  тудырушы  белгілер 
соз  таптарында  болмаган  жагдайда,  соз  түрлендіру 
жүйесіндегі 
айырмашылықтар  сөз  таптарын  ажыратуда  комегін  тигізеді.  Соз 
түрлендіру  жүйесі  грамматикалык  категориялармен  үштасады, 
жекелік-көптік,  септік,  тек (род),  шақ,  жақ,  рай,  етіс  деп  аталатын 
грамматикалык  категориялардың  бірі  зат  есімдерге  немесе 
есімдерге,  екіншілері  етістіктерге  телініп,  сез  таптарын  саралап 
ажыратуға комектеседі.
7.  Сөз  таптарының  синтаксистік  белгісінің  мазмүнына  сөз 
табының  сойлемде  мүше  болу  қызметі  жэне  сөздермен  тіркесу 
ерекшелігі  енеді.  Белгілі  бір  соз  табына  енетін  сөздер  сөйлемде 
белгілі  бір  мүше  болып  қызмет  атқаруға  икемделеді  жэне  создер- 
дін  кез  келген  топтарымен  емес,  арнаулы  бір  тобымен  (немесе 
топтарымен)  тіркеседі,  солармен  қарым-қатынасқа  түседі,  өзара 
байланысады.  Сөз  таптары  мен  сөйлем  мүшелерінің  арасында 
өзара байланыс пен қарым-қатынас пайда болып, орныгады.
195


8.  Сөз  таптары  бірден  емес,  тілдің  тарихи  дамуы  барысында 
біртіндеп  сараланады,  дамиды,  толығып  жетіле  түседі.  Тілдер 
тобының  салыстырмалы-тарихи  грамматикасы  сөз  таптарының 
олардың  синтаксистік  қызметінің  негізінде 
біртіндеп  жігі 
ажыратылып, 
сараланғандығын,  тілдердің  даму 
барысында 
сөз  тудырушы  формалар  мен  сөз  түрлендіруші  формаларға  ие 
болғандығын көрсетеді.
9.  Зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырап, сын есімдердің 
сөз  табы  ретінде  қалыптасуы  олардың  (сын  есімдердің)  заттар- 
дың  сын,  сапа  белгілерін  білдіру  жэне  зат  есімдерді  айқындау 
қызметінде жұмсалуы барысында  іске асқандығын түрлі тілдердің 
деректері дэлелдей түседі.
10.  Түркі  тілдеріндегі  эрі  есім,  эрі  етістік  мағынасында  жэне 
қызметінде  жүмсалатын  есім-етістік  түріндегі  түбір  омонимдер 
бұл  тілдердің  көне  дэуіріндегі  грамматикалык  синкретизм 
күбылысының іздері  ретінде танылуға тиіс.
11.  Сөз  таптарының  бірден  емес,  тілдің  тарихи  дамуы  ба­
рысында  жасалып  қалыптасқандығын  әсіресе  үстеулердің  түрлі 
тілдерде  сөз  табы  ретінде  пайда  болуы  мен  даму  жолдары  дэлел­
дей түседі.  Үстеулер сөздердің сөйлемде пысықтауыш  қызметінде 
жұмсалуы,  осы  қызметгің  оларға әбден  үйреншікті  болып  телінуі 
жэне  сөздердің  қүрамындагы  сөз  түрлендіруші  аффикстердің  өзі- 
нің  бастапқы  қызметтері  мен  мағыналарынан  айырылып  көнеле- 
нуі, түбірлерге әбден сіңісіп кетуі  нэтижесінде жасалган.
12.  Тіл-тілде  сөз  таптарының  даму  барысында  олардың 
(сөз  таптарының)  бір-біріне  ауысу  құбылысы,  атап  айтқанда, 
субстантивтену,  адъективтену,  прономиналдану  жэне  адвербиал- 
дану процестері жүріп жатады.
13.  Тілдің  дамуы  барысында  толық  мағыналы  болу  жэне 
сөйлемде  дербес  мүше  болу  қасиеттерімен  сипатталатын  атауыш 
сөздердің кейбіреулері көмекші сөздерге айналады.
14.  Тілдің дамуы  оны  құрастырушы  бірліктер  мен элементтер- 
дің  дамуынан  тыс,  оларга  байланыссыз  бола  алмайды.  Қайта 
тілдегі  өзгерістер  мен  даму  ондағы  бірліктер  мен  лексика- 
грамматикалық  қүбылыстардың, 
соның 
ішінде  сөздердің, 
мағыналық жақтан да, түлғалы қ жақтан да, ды бы сталу жағынан 
да  өзгеруін,  дамуын  жэне  осыган  орай  сөз  таптары ны ң  жігі 
ажырап  саралануын,  ж етіліп дамуын  аңгартады.
196


ӘДЕБИЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет