Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  115.  Грамматиканың  синтаксис  саласының  қарастыратын



Pdf көрінісі
бет202/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  115.  Грамматиканың  синтаксис  саласының  қарастыратын 
негізгі  мэселелері:  сөз  тіркесі  мен  сөйлем,  олардың  құрылымы 
мен  түрлері,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемдегі  сөздердің  байланысу 
амалдары  мен  формалары.  Аталған  мәселелерді  жеке,  нақтылы 
бір  тілге 
қатысты  жан-жақты  жэне  тәптіштеп  қарастыру 
грамматиканың  жалпы  теориясының  міндетіне  емес,  жеке  бір 
тілдің  грамматикасының  (оның  синтаксис  саласының)  міндетіне 
енетіндігі  ескеріліп,  б.үл  кітапта,  оның  алдына  қойған  мақсаты 
мен  міндетіне  орай,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемге  тән  басты  белгілер, 
олардың  құрылымы  мен  лингвистикалық  табиғатына  қатысты 
жалпы теориялық мэселелер сөз болады.
Синтаксистік  бірлік  ретінде  қаралатын  сөз  тіркесінің  линг- 
вистикалық  табиғатын  айқындап,  оған  анықтама  беру  үшін, 
біріншіден,  -   сөз  тіркесін  өзімен  сырттай  ұқсас  қүбылыстардан, 
атап  айтқанда,  күрделі  сөзден,  жалпы  сөздердің  тіркесінен 
(атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, сөздердің салалас қатары), 
фразеологиялық  сөз  тіркесінен  жэне  сөйлемнен  ажырату,  екінші- 
ден,  -   оған  (сөз  тіркесіне)  тән  басты  белгілерді  айқындап  алу 
қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет