Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  116. Сөз тіркесі -  мағыналық жақтан да,  грамматикалық жак-



Pdf көрінісі
бет203/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   237

§  116. Сөз тіркесі -  мағыналық жақтан да,  грамматикалық жак- 
тан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық магыналы кемін- 
де екі сөздіңтіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындагы бай- 
ланыс  сөздің  бөлшектерінің  арасындағы  байланыстан  анагүрлым
198


еркінірек  болады.  Алайда  бүл  еркіндік  сөз  тіркесінің  мағыналық 
жэне  синтаксистік  бүтіндігін  бүзатындай  дэрежеде  болмауға 
тиіс.  Мысалы,  сөз  тіркесінің  сыңарларыньщ  арасында  ұзақ 
кідіріс  (пауза)  жасалса немесе  ол  сыңарлардың  арасына бірнеше 
сөздер  енсе,  сөз  тіркесінің  бірлігі,  тұтастығы  бұзылуы  мүмкін. 
Сөз  тіркесінің  сыңарларының  арасында  да,  сөздің  (мейлі  жалаң 
сез  болсын,  мейлі  күрделі  сөз  болсын)  бөлш ектерінің  арасында 
да  байланыс  бар,  бірақ  сөздің  (соның  ішінде  күрделі  создің  де) 
бөлшектерінің  арасындағы  байланыс  сөз  тіркесінің  сыңарлары- 
ның арасындағы  байланыстан басым да,  бекем де  болады.  Осыған 
орай,  жалаң  сөз  де,  күрделі  сөз  де  сөйлеу  кезінде  жасалмай,  даяр 
тұрган  бірлік  ретінде  сөз  тіркесінің  немесе  сөйлемнің  қүрамына 
емін-еркін  енсе,  синтаксистік  сөз  тіркесі  белгілі  бір  үлгілер 
(модельдер),  формулалар  бойынша  сөйлеу  кезінде  жасалады. 
Осылай  болғандықтан,  оның  құрамындагы  сыңарлар  ыңғайына 
қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.
Сөз  (соның  ішінде  күрделі  сөз) -  зат пен  құбылыстың,  не сапа 
мен  белгінің,  не  іс-әрекеттің  жэне  т.б.  түрақты  атауы.  Сөздер 
затгы,  күбылысты,  сапа-белгіні  немесе  іс-эрекетті  атағанда, 
оларды  бір-біріне  байланысынсыз,  қарым-қатынасынсыз,  жеке- 
дара  күйінде  атайды.  Мысалы,  ат,  агаш,  ж апырац  деген  сәздер 
заттардың  жеке-дара  атаулары  болса,  биік,  ж асыл  деген  создер 
сапа  мен түстің жеке-дара атаулары,  кесу,  ору,  ж инау деген  сөздер 
іс-әрекеттің аттары.  Бұл  сөздер бір-біріне байланыссыз, жеке-дара 
атаулар  ретінде  үгынылады,  номинативті  қызмет  атқарады.  Сөз 
тіркесі де  не  затты,  не  іс-әрекетті атап,  номинативті  қызмет атқара 
алады.  Бірақ сөз тіркесі затты  немесе  іс-әрекетгі атаганда,  оларды 
жеке-дара  күйінде  емес,  өзара  байланысында,  қарым-қатынасын- 
да  атайды.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  сөз  тіркесінде  зат,  сапа-белгі, 
іс-эрекет  аталғанда,  бір-бірімен  байланысында,  өзара  қарым- 
қатынасында  аталады.  Мысалы,  ж үйрік  ат,  ж асыл  ж апырац 
деген  сөз  тіркестерінде  заттар  өздерінің  сапа-белгілерімен  ты- 
ғыз  қарым-катынасында,  байланысында  аталса,  қар  тоцтату, 
хат  жазу  деген  сөз  тіркестерінде  заттар  іс-әрекетпен  қарым- 
қатысында,  байланысында  аталған.  Сөз  тіркесінің  сыңарларының 
бірі  сапа-белгіні  немесе  іс-эрекетті  білдіру  қасиетінен  айырылса, 
ондай  тіркес  сөз  тіркесі  болудан  қалып,  күрделі  сөзге  айналады. 
Мысалы,  кэрі  жілік,  көр  тыищан  тэрізді  күрделі  сөздердің
199


алдыңғы  сыңарлары  (кәрі,  көр)  соңғы  сыңарларының  (жілгк
тышцан)  сапасын  да,  қасиетін  де  білдірмейді,  мағыналық  дер- 
бестіктен  айырылады.  Күрделі  сөздер  сөздердің  тіркесінен  жа- 
салғанда,  сыңарлардың  арасындағы  анықтауыш  +  анықталғыш, 
толықтауыш  +  толықталғыш,  пысықтауыш  +  пысықталғыш 
қатынастар жойылып,  күрделі  сөз бір бүтін сөз ретінде үғынылса, 
сөз тіркестерінің  сыңарларының арасында жоғарыда  аталган  син­
таксист^  қатынастар  сақталып,  ол  сыңарлар  (сөздер)  бірін-бірі 
анықтайтын,  толыктайтын  немесе  пысықтайтын  сыңарлар  ретін- 
де  кызмет  аткарады.  Демек,  сөз  тіркесінің  эрбір  сыңары  мағына- 
лық дербестігін де,  синтаксистік дербестігін де  сақтайды.  Күрделі 
сөздің  эрбір  сыңары  сөйлемнің  өз  алдына  дербес  мүшелері  емес, 
тұтасқан  күйінде  бір  ғана  мүше  ретінде  қызмет атқарса,  еркін  сөз 
тіркесінің эрбір сыңары синтаксистік дербестігін сақтап, сөйлем- 
де эр басқа мүшелер ретінде қызмет аткара алады.
Сөздердің  тілде  атаушы  қызмет  атқарып,  тілдің  номинативті 
қүралдарының  қатарына  жататындығы  сияқты,  сөз  тіркестері  де 
заттардың, сапа-белгілердің,  іс-әрекетгердің атаулары ретінде қол- 
данылып,  тілдің  номинативті  қүралдарының  қатарына  жатады. 
Грамматикалык  жэне  мағыналық  бірлікте  болатын  сөз  тіркесі 
«күрделі үғым  болганымен,  қалайда эйтеуір  бір үғымды  білдіреді 
жэне  оны  белгілеуші  ретінде  қызмет атқара  алады.  Ол  (сөз  тірке- 
сі  —  К.  А.)  -   фразеологиялық  бірліктің  еркін  эквиваленті»1,  ал 
фразеологиялық бірлік мағыналық жақтан сөздің эквиваленті бола 
алады.
Сөз  тіркесі  сөйлем  қүрамында  қолданылғанда  ғана  жэне 
тек  сөйлем  арқылы  тілде  коммуникативті  қызмет  атқара  алады. 
Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем күрамында оның қүрылымдық 
элементтері  ретінде  зертгеледі.  Екінші  жагынан,  сөз  тіркестерін 
сөйлемнен тыс,  «күрделі  атаулардың  эр  басқа түрлері  ретінде де» 
зерттеуге болады2.
Акад.  В.В.  Виноградов сөз тіркестерінің тілдің коммуникатив- 
ті  жэне  номинативті  кұралдарының  қатарына  енетіндігі  жайында 
былай  дейді:  «Сөйлем  қүрамында  гана  жэне  сөйлем  арқылы  сөз 
тіркестері  тілдің  коммуникативті  қүралдарының  жүйесіне  ене


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет