Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 Н.И.  Филичеваның  аталған  кітабының  19-беті



Pdf көрінісі
бет211/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi

1 Н.И.  Филичеваның  аталған  кітабының  19-беті.
2  Бұл  да сонда,  9-беті.
2 0 6


орамал,  қазу,  и/абу,  шыгу,  бару,  ж апырагы,  есігі)  -   басыңқы, 
ұйыткы  мүше  де,  алдыңғы  сыңарлары  (цызыл,  ақ,  жер,  шөп, 
тауга,  үйге,  агаіитыц,  үйдің) -  бағыныңқы, тәуелді  мүше.  Бүлар 
тәріздес  сөз  тіркестері  сөйлем  құрамына  енгенде  және  басқа 
сөздермен  тіркескенде,  ұйытқы,  басыңқы  мүшесі  (сөзі)  арқылы 
тіркеседі  де,  басыңқы  мүше  болған  сөз  тиісінше  түрленеді,  ал 
бағынынқы  мүше  ретінде  қызмет  атқаратын  сөз  түркі тілдерінде 
жэне т.б.  кейбір тілдерде сөз тіркесіндегі қалпын, грамматикалық 
формасын  өзгертпейді.  Орыс  тілінде  бағыныңқы  мүше  басыңқы 
мүшенің жетегіне  еріп,  оның  (басыңқы  мүшенің)  жекеше-көпше 
түріне,  тек  (род)  түріне  және  септік  формасына  сәйкес  түрленіп 
отырады  (мысалы:  высокий  дом,  высокие  дома,  высокого  дома, 
высокому  дому...').  Ал  сөздердің  салалас  қатарында  басыңқы 
(ұйытқы)  мүше,  бағыныңқы  (тәуелді)  мүше  дегендер  болмайды, 
олардың  сыңарлары  тең дэрежедегі  сыңарлар  ретінде  бір-бірімен 
салаласа  байланысады.  Бірнеше  сөздердің  тізбегінен  кұралган 
салалас қатардың құрамынан бір сыңар түсіріліп айтылуы мүмкін, 
бірақ  мұнын  өзі  салалас  қатардың  ыдырауына  немесе  жойылып 
кетуіне  соқтырмайды.  Мысалы:  балта  мен  пыіыац  жэне  орац  -  
балта меи  пышац...—...пышац пен орац.  Ал  сөз тіркесінің басыңқы 
сыңары  да,  бағыныңқы  сыңары  да,  әдетте,  түсіріліп  айтылмайды. 
Салалас  қатардың  қүрамына  енетін  сөздер  сөйлемде  бірыңғай 
мүшелер ретінде кызмет атқарады. Осыған орай, салалас қатардың 
күрамындағы  сөздер  бір формада қолданылады.
Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздердің  орны,  эдетте,  түрақты 
болса,  салалас  қатардың  құрамындағы  сөздер  орындарын  емін- 
еркін  алмастыра  алады.  Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сыңарлар- 
дың  орнының  алмасуы  оның  мазмұны  мен  грамматикалык 
табиғатын  өзгертіп  жіберсе,  салалас  катардың  құрамындағы 
сыңарлардың  орны  алмасуы,  мысалы,  салмацты  да  сабырлы 
немесе  же  мен  бала  дегендердің  сабырлы  да  салмацты,  бала 
мен  же  түрінде  орны  жагынан  алмаса  қолданылуы  салалас 
қагардың  мазмүнына  да,  грамматикалык  табигатына  да  эсер 
етпейді.  Аталган  ерекшеліктер  сөздердің салалас  қатары  мен  соз 
тіркесінің  жігін  ажыратуга  көмектеседі  жэне  олардың  эр  басқа 
кұбылыстар  екендігін аңгартады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет