Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  16.  Сөздің  морфологиялық  құрылымы  туралы  мәселе  грам­



Pdf көрінісі
бет21/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  16.  Сөздің  морфологиялық  құрылымы  туралы  мәселе  грам­
матика  теориясының  өте-мөте  маңызды  проблемаларының  бірі 
болып саналады. Дүние жүзіндегі тілдерді морфологиялық немесе 
типологиялық  классификация  бойынша  түбір  тілдер,  флективті 
тілдер,  агглютинативті  тілдер  жэне  инкорпоративті  тілдер  деп 
эр  топқа  бөліп  топтастыру  эртүрлі  тілдердің  құрылымының,  ең 
алдымен  ондағы  сөздердің  морфологиялық  қүрылымының,  эр 
басқа  болу  фактісіне  негізделуден  келіп  туған.  Әртүрлі  тілдердегі 
сөздердің  морфологиялық  қүрылымын  салыстыру  тұрғысынан 
талдай  отырып,  тілдердің  эр  басқа  тобына  тэн  өзіндік  ерекше 
белгілер  мен  ортак  белгілерді  айқындау  олардың  (тілдердің) 
салыстырмалы  типологиялык  классификациясын  дэлдей  жэне 
толықтыра  түсуге  көмектеседі.  Әртүрлі  тілдердегі  сөздердің 
морфологиялық  қүрылымын,  құрылымдық  элементтердің  (мор- 
фемалардың)  табиғатын,  қызметі  мен  өзара  байланысу  жэне 
тіркесу сипатын зерттеп  шешу тілдердің морфологиялық типтерін 
айқындау  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  грамматикала- 
рын ғылми дүрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет1.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет