Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет23/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   237

§ 
18. 
Морфемалар 
мағынасы 
мен 
қызметі 
жагынан 
эртүрлі.  Морфемалардың  ішінде  негізгі  лексикалық  мағынаны 
білдіретіндері  де,  грамматикалык  магынаны  білдіретіндері  де 
бар.  Мысалы,  көлшгкке деген сөздің құрамындагы  көл морфемасы 
негізгі лексикалық магынаны білдірсе, -іиік жэне -ке морфемалары 
грамматикалык  мағыналарды  білдіреді.  Ж алпылама  лексикалық 
магынаны  білдіретін  морфема  түбір  морфема  немесе  негізгі
21


морфема деп аталады да (аталған сөздің кұрамындагы түбір немесе 
негізгі  морфема  —  көл),  грамматикалык  мағыналарды  білдіретін 
морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады 
(аталған сөздің  кұрамындағы  аффикстік  немесе көмекші  морфема
-  -ш ік жэне -ке).
Дүние  жүзіндегі  тілдер  грамматикалык  күрылысы  жагынан 
алуан түрлі.  Осыған орай,  ол тілдердегі  сөздердің  морфологиялық 
құрылымы  да,  сөз  құрамындагы  түбір  морфема  мен  аффикстік 
морфемалардың  табиғаты  да  түрлі-түрлі  болып  келеді.  Негізгі 
(немесе  түбір)  морфеманың  жалпылама  лексикалық  мағынасы 
(общее  лексическое  значение)  заттық  магына  (вещественное 
значение) 
деп 
аталады. 
Орыс 
тіліндегі 
письмо, 
писать, 
письменный,  писание деген сөздердің кұрамындагы түбір морфема 
(пис-)  осындай  заттык  магынаны  білдіреді  де,  өздігінен  дербес 
колданыла алмай, сөз құрамында гана колданылады. Кейбір негізгі 
морфемалар (түбірлер) нақтылы лексикалык магынаны да білдіруі 
мүмкін.  Мүндай  жагдайда  заттық  магынаны  білдіретін  негізгі 
морфема  (түбір)  нактылы  лексикалық  магынаны  білдіретін  сөз 
ретінде  колданылады  да,  заттық  магына  (вещественное  значение) 
мен нактылы лексикалык магына бір-бірімен түйісіп,  өзара сайма- 
сай  келеді.  Мысалы,  орыс  тіліндегі  бег,  дар,  дом,  ум  дегендер 
түбір морфемалар бола тұрып, лексикалык магыналары бар дербес 
сөздер  ретінде  де  үгынылады.  Демек,  орыс  тілінде  түбір  деген 
лингвистикалық  ұғым  бүл  күнде  өз  алдына  дербестігі  жоқ  пис- 
(тіс-ать),  веж-  (веж-ливый)  тэрізді  негізгі  морфемаларды  да,  өз 
алдына дербестігін  сактаган  бег,  дар,  дом, ум  тәрізді туынды  емес 
сөздерді де (непроизводные слова) қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет