Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  120.  Соз  тіркесінің  сыңарлары  бірі-бірімен  багыныңкы



Pdf көрінісі
бет212/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  120.  Соз  тіркесінің  сыңарлары  бірі-бірімен  багыныңкы 
грамматикалық  байланыс  арқылы  тіркеседі  де,  ол  (сөз  тіркесі)
207


предикативті  қатынастың  негізінде  тіркескен  сөздердің тізбегінен 
ажыратылады.  Предикативті  қатынас  негізінде  тіркескен  сөздер- 
дің тізбегін сөз тіркесі дейміз бе, жоқ па деген  сұраққа лингвистер 
эртүрлі жауап беріп  келді.  Мысалы, жоғары  мектептерге арналған 
«Қазіргі  қазақ  тілі»  (синтаксис)  атты  оқулықта  былай  делінген: 
«Сөйлемді  сөйлемдік қасиеттеріне қарап,  сөз тіркестерін де өзін- 
дік  қасиеттеріне  қарап  танып,  мысалы,  жазъщ  дала  дегенді  сөз 
тіркесі деп танысақ, а іщ а  м інді дегенді эрі сөйлем, эрі сөз тіркесі 
деп  қарау  керек»1.  Бұлайша,  бір  ғана  құбылысты  (атца  м інді
әрі  сөйлем,  эрі  сөз  тіркесі  деп  қарау  сөйлем  мен  сөз  тіркесінің 
жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп 
соғады.
Предикативті 
байланыс 
негізінде 
сөздердің 
бір-бірімен 
тіркесуінен  сөз тіркесі жасалмайтындығы  жайында О.С.Ахманова 
кезінде  былай  деп  жазды:  «Байланыстың  негізгі  үш  түрі  -  
атрибутивті,  комплетивті  жэне  предикативті  түрлерінің  ішінен 
біріншісі  эрқашан  да  сөз  тіркесін тудырады;  байланыстың  екінші 
түрі  өздерінің тыгыз  байланысты  формаларында  ғана  сөз тіркесін 
тудырады;  үшіншісі  оны  (сөз  тіркесін  -  К .А .)  ешқашан  да  тудыра 
алмайды»2.  Зерттеушілер  предикативті  байланыс  негізінде  туған 
тізбектерді  сөз  тіркесінің  қатарына  жатқызбай,  предикативті 
конструкция  немесе  предикативті  тізбек  деп  атайды  да,  осыған 
орай, оларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтакси- 
сі қарастыру керек деп  есептейді3.
Орыс 
тілін 
зерттеушілердің 
бағыныңқы 
байланыстың 
(подчинительная  связь)  негізінде  жасалған  сөз  тіркесі  мен 
предикативті  байланыстың  негізінде  жасалған  сөздер  тізбегінің 
арасындағы  айырмашылык  туралы  пікірлері  мынандай:  бағы- 
ныңқы-басыңқы  катынастағы  сөз  тіркесінде  бағыныңкы  элемент 
(сөз)  басыңқы  элементке  тэуелді  болып,  соның  ынғайына  қарай 
белгілі бір формата ие болады.  Предикативті тізбектерде (мысалы, 
орысша  брат  пишет)  предикативті  емес  сөз  тіркестеріндегідей 
грамматикалық  тэуелділік,  бағыныңқылық  жоқ;  атау  септік  өзі- 
нің  табиғаты  бойынша  мейлінше  дербес,  тәуелсіз  септік  болып
1 М.  Балакаев, Т.  Қордабаев, Қазіргі казак тілі (синтаксис), университет пен пединституттар- 
ды н филология  факультетіне  арналған окулык,  3-басылуы,  Алматы,  1971,  25-бет.
2  О.С.Ахманова.  Словосочетание,  Сб.  «Вопросы  грамматического  строя»,  М.,  1955,  стр. 
454-455.
5  Бұл  да  сонда,  456-457-бет;  Н .И .Ф иличева,  О  словосочетаниях  в  современном  немецком 
языке,  стр.30-31.
208


саналады  да,  грамматикалық  байланыс  жүйесінде  бағыныңқы 
септік  болып  саналмайды.  Орыс  тілінде  брат  пишет  жэне 
писать  письмо  тәрізді  тіркестердегі  байланыстардың  сипатының 
өзі  іштей  басқа-басқа.  Меңгерудің  бағыныңқы  байланысына 
тэн  тәуелді,  бағынышты  септік  предикативті  тізбекте  болмайды. 
Егер  байланыстың  меңгеру  деп  аталатын  түрінде  меңгеруші 
етістікке есімнің бір формасы эрқашан бағынышты, тәуелді болса, 
предикативті  байланыста  етістік  пен  есімнің  формалары  бір-бірі- 
мен  түйіседі.  Байланыстың  бұл  түрінде  негізгі  басты  элемент  бо­
лып  саналатын  сөз  -   етістік  емес,  есім.  Мұны  өткен  шақ  форма- 
сындағы  етістіктің  жіктеу  есімдігімен  үйлесе  тіркесуінен  (мысалы, 
орыс тіл ін д е я  ч и т а л - я  чит ала) немесе түрленбейтін сөздермен 
тіркесуінен  (мысалы,  орысш а  депо  работ ает   -   депо  р а б о т а ­
ют  -  работ ало -  работ али)  керуге  болады.  Оның  үстіне,  орыс 
тілінде  брат  пишет  тэрізді  тізбектер  брат  -   учит ель  тәрізді 
тізбектермен  (сөйлемдермен)  ж үйелі  арақатынасқа  (системные 
соотношения)  түседі  де,  бұлардың  парадигматикалық  түрленуі 
модальдылық  пен  синтаксистік  ш ақтың  біркелкі  категорияла- 
ры  бойынша  іске  асады:  Мысалы:  брат  пишет  -   брат учитель; 
брат  писал  —  брат  был  учитель;  брат  будет  писать  —  брат 
будет  учитель;  брат  писал  бы  — брат  был  бы  учитель.  Мұның 
өзі  орыс  тілінде  брат  пишет  деген  тізбектегі  байланыстың  сипа- 
ты  басқаша  екендігін  көрсетеді.  Аталган  тізбекпен  қүрылуы  жэне 
парадигматикалық қасиеті жагынан  үксас  келетін  брат — учитель 
деген  тізбекте  брат  деген  сөздің  формасын учитель  деген  сөздің 
формасы айқындайды деуге,  эрине,  болмайды1.
Предикативті  тізбектерді  сөз  тіркесінің  қатарына  жатқыза- 
тындар  предикативті  тізбектер  де,  сөз  тіркестері де  сөздердің  бір- 
бірімен  тіркесінен  жасалады,  предикативті  тізбек  предикативті 
емес соз тіркесінен сөйлем бола алу қасиетімен ажыратылады деп 
есептейді.  «Алайда предикативті деп  аталатын жэне  предикативті 
емес  сөз  тіркестерінің  арасындағы  негізгі  айырмашылық  мұнда 
емес.  Өйткені  белгілі  бір  жағдайларда  предикативті  емес  сөз  тір- 
кесі де, жекелеген сөз формалары да сөйлем бола алады»2.
Предикативті  емес  сөз  тіркесі  күрделі  атау  ретінде  қызмет 
ете  алса,  предикативті  тізбек  мүндай  қызметке  ие  бола  алмайды.
1  Основы  построения  описательной  грамматики  современного  русского  литературного 
языка,  Изд.  «Наука».  М.,  1966,  стр.  134-135.
2  Бұл  да сонда,  135-бет.
209


Сөз  тіркесінде  формалар  жүйесі  бар.  Оның  формалар  жүйесі 
ұйытқы  сөздің  формаларының  жүйесіне  негізделеді.  Екінші  сөз- 
бен  айтқанда,  сөз  тіркесінің  формасының  түрленіп  өзгеруі  ұйыт- 
қы  сөздің  форма  өзгерістерімен  сэйкес  келеді.  Ал  предикативті 
сөз тізбектерінің парадигмасы  грамматикалық (синтаксистік)  шақ 
категориясы  мен  объективті  модальдылыққа  негізделеді  жэне 
солар  арқылы  айқындалады.  «Сондықтан предикативті  сөз тіркесі 
парадигмасының  кез  келген  мүшесі  -   «сөйлем  формаларының» 
көріністерінің  бірі.  Ал  предикативті  емес  сөз  тіркестері  жайында 
мұны  айта алмаймыз»1.
Сөз  тіркесінің  сөздердің  бір-бірімен  тіркесіп  айтылуынан 
жасалатыны  сияқты,  сөйлем  де  сөздердің  өзара  тіркесіп,  бір- 
бірімен  байланыста,  карым-катынасга  айтылуынан  жасалады. 
Дегенмен,  бұлар  тілдік  табиғаты  жагынан  эр  басқа  құбылыстар. 
Олардың айырмашылыктары жайында төменде сөз болады.
Сонымен,  сөз тіркесінің  өзімен  сырттай  үқсас  құбылыстардан 
айырмашылықтары  жайында  жэне  оның  басты  белгілері  туралы 
айтылгандарды жинақтай  келгенде,  сөз тіркесінің тілдік табиғаты 
жайында  мынаны  айтуга  болады:  сөз  тіркесі  магыналық  жэне 
грамматикалык  бірлікте  болатын  толық  магыналы  сөздердің  (ке- 
мінде  екі  сөздің)  тіркесінен  жасалып,  заттарды,  құбылыстарды, 
сапа-белгіні,  іс-әрекетті  бір-бірімен  карым-қатынасында  атайды 
да,  тілдің  номинативті  құралдарының  қатарына  енеді,  сөйлем 
құрамында  жэне  сөйлем  арқылы  коммуникативтілік  қасиетке 
(жартылай,  шартты  түрде  болса  да)  ие  болады,  сыңарларының 
өзі  тектес  басқа  сөздермен  ауыстырылу,  бір-бірімен  еркін  тіркесу 
ерекшеліктерімен,  семантикалық,  тиянақтылық  жэне  құрылым- 
дық тұйықтылық қасиеттерімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет