жэне т.б.; 5) жалпы сұрақты білдіру жэне оған жауап айту:
Немене? Б у цалай? Д энем е емес. Егитеме емес. Б ү цалайша?
ж эне т.б.; 6) дербес қаратпалар:
Балалар! Өй, ж ігіт т ер! жэне
т.б.1 «Одагайлар да, әдеп-ізет формалары да, қаратпалар да
өздігінен информация беру үшін арналмаған; олардан біздің
алатын ақпаратымыз айтылғандардың тікелей мазмұнынан
емес, бірнеш е ой қоры тындыларынан келіп туады»2. Ж оғарыда
келтірілген одағайлар, эдеп-ізет белгілері жэне қаратпалар
сөйлемге ұқсап айтылғанмен, сөйлем бола алмайды, өйткені
оларға «бастауыш -баяндауыш тық құрылым тэн емес»3.
Бастауыш пен баяндауыш туралы ұғымдар - логика-семан-
тикалық ұгымдар емес, синтаксистік ұғымдар. Зерттеушілердің
пікірінше, «сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» дегендер сөйлем
құрамынан емес, сөз тіркестерінен болған бастауыштар мен баян-
дауыштардың құрамынан мүшеленіп шығады. Осы тұрғыдан
келгенде, тіл білімінде «сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» деген
дер жалпы сөйлемнің мүшелері емес, мүшелердің мүшелері, атап
айтқанда, бастауыш, баяндауыштың мүшелері дейтін пікір бар4.
Алайда бұл мэселе элі де болса зертгей түсуді қажет етеді. Бұл
жерде эңгіме сөйлемнің қүрылымдық үлгісі, анығырақ айтқанда,
бастауыш-баяндауыштық құрылымы жайында болып отыр.
Сөйлемге тэн белгілердің бірі - интонация. Сөйлем белгілі бір
интонациямен айтылады. Интонация - сөйлемнің органикалық
элементі. Сөйлем жеке сөзден де, сөз тіркесінен де құрылымдық
үлгісі жагынан ғана емес, интонацияға ие болу жагынан да
ажыратылады. Жеке сөздер немесе сөз тіркестері кейде сөйлем
түрінде жұмсалады. Олардың сөйлем түрінде жүмсалуы үшін,
міндетті түрде сөйлемге тэн интонациямен айтылуы шарт.
Сонда гана олар сөйлем ретінде үгынылады. Бұған коса олар
грамматикалык магыналары жагынан, эрине, предикативтілікті
білдіруі шарт (мысалы:
Түн. Вокзал. Қаптаган ж үргіншілер.)
Достарыңызбен бөлісу: