Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  122.  Сез  тіркесін  қүрастырушы  создер  бір-бірімен  синтак­



Pdf көрінісі
бет214/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   237

§  122.  Сез  тіркесін  қүрастырушы  создер  бір-бірімен  синтак­
с и с т а   байланысқа  түседі.  Сөз  тіркесінің  қүрамындагы  ұйытқы 
сөз  бен  багыныңқы  сөздің арасындағы  синтаксистік байланыстық 
тіл-тілде  бірнеше  түрі  бар.  Мысалы,  орыс  тілінде  синтаксистік 
байланыстың  қиысу  деп  аталатын  түрі  бойынша  ұйытқы  сөз  бен 
багыныңқы  сөз  бір-бірімен  тек  (род)  жагынан  да,  жекелік-көптік 
жагынан  да,  септік жагынан да  қиысып,  сөз  тіркестері  жасалады. 
Мысалы:  высокая  гора  -   высокие  горы;  высокой  горы  —  высоких 
гор; высокой горы -  высоким горам. Орыс тілінде сөйлем құрамын- 
дағы  түрлаулы  мүшелер  де  (бастауыш,  баяндауыш)  қиыса  байла- 
нысады.  Мысалы:  Он  играл.  Она  играла.  Ал  түркі  тілдерінде, 
соның ішінде  қазақ тілінде, қиысу сөйлемнің мүшелерін, атап айт- 
қанда,  бастауыш  пен  баяндауыш  мүшелерді  байланыстыру  үшін 
жүмсалады.  Қиысу  сөздердің  синтаксистік  байланыс  түрлерінің 
бірі  ретінде  орыс  тілінде  сөз  тіркесіне  де,  сөйлемге  де  қатысты 
болса,  қазақ  тілінде  көбінесе  сөйлемге  қатысты.  Осыган  орай, 
түркі тілдері үшін  синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын 
түрін предикативті байланыс түрі деп атауга болады.
Түркі  тілдерінде  матаса  байланысқан  сөз  тіркесінің  қүра-
2 1 2


мындағы  сөздер  бір-бірімен  жақ  жэне  жекелік-көптік  жагынан 
үйлесіп  айтылады.  Мысалы,  менің  кітабым  деген  сөз  тіркесінің 
екі  сыңары  бірдей жекеше  жэне  бірінші  жақта тұрса,  сеніц  кіта- 
быц  деген  сөз  тіркесінде  сыңарлардың  екеуі  де  жекеше,  екінші 
жакта,  оның  кітабы,  деген  сөз  тіркесінде  екі  сыңардың  екеуі 
де  жекеше,  үшінші  жақта  айтылып  түр.  Осылар  тәріздес  сөз 
тіркестерінің  құрамындағы  сөздердің  байланысу  түрін  кейбір 
түркологтар  қиысудың  қатарына  жатқызады1.  Қиысу  мен  ма- 
тасудың  арасында  кейбір  ұқсастықтардың  бар  екені  рас.  Қиыса 
байланысқан  сөздердің  арасында  жақ,  жекелік-көптік  жагынан 
үйлесімділік  болатыны  сияқты,  матаса  байланысқан  сөздер  де 
бір-бірімен  жақ,  жекелік-көптік  жагынан  үйлесіп  келеді.  Алайда 
сөздердің  байланысының,  бұл  түрлері  арасындагы  мынандай 
айырмашылықты 
мойындамасқа 
болмайды: 
матасу  -  
ілік 
жалгаулы  сөз  бен  тэуелдік  жалгаулы  сөздің  байланысы.  М атаса 
байланысқан  сөз  тіркесінің  құрамындагы  басыңкы  сөз  тэуелдік 
жалгауында  тұрады  да,  багыныңқы  сөз  ілік  септік  жалгауында 
тұрып,  анықтауыш  қызметін  атқарады.  Сөз  тіркесінің  сыңарлары 
шынжырдың  бөлшектері  тэрізді  іліктесіп  байланысады.  Тәуелдік 
жалгаулы  сөз  әрқашан да  ілік жалгаулы  сөздің болуын  керек етсе, 
керісінше  ілік  жалгаулы  сөз  тәуелді  жалгаулы  сөздің  болуын 
керек  етеді  де,  бір-бірімен  іліктескен,  матаса  байланысқан  сөз 
тіркесі жасалады. Қиысу бойынша багыныңқы сөз басыңқы сөздің 
ыңгайына,  грамматикалық  магынасы  мен  формасына  багынып, 
соның  жетегінде  болса,  матасу  бойынша,  басыңқы  сөз  (тэуелді 
жалгаулы  сөз)  багыныңқы  сөздің  (ілік  жалгаулы  анықтауыштың) 
грамматикалық  магынасымен  үйлесіп,  тиісті  формада  (тәуелдік 
жалгауында)  қолданылады.  Мүнымен  бірге,  басыңқы  сөз  (тәуелді 
жалгаулы  сөз)  багыныңқы  сөздің  эрдайым  ілік  септікте  тұруын 
талап  етеді.  Түркі  тілдерінде  сөздердің  қиыса  байланысуынан 
сөйлем  жасалса,  сөздердің  матаса  байланысуынан  сөз  тіркесі 
жасалады.
Сөз  тіркесін  құрастырушы  сөздер  бір-бірімен  синтаксистік 
байланыстың  меңгеру  деп  аталатын  түрі  бойынша  да  байланыса­
ды.  Меңгеру  бойынша,  сөз  тіркесінің  құрамындагы  ұйытқы  сөз 
(етістік,  есім  жэне  үстеу)  багыныңқы  сөздің жанама септіктердің,
1  Н.К.  Дмитриев,  Грамматика  башкирского  языка,  М .-Л .,  1948,  стр.205;  И.А.  Батманов, 
Способы  выражения  синтаксических отнош ений  в  киргизском языке,  Ф рунзе,  1940,  стр. 11- 
13; А Н.  Кононов,  Грамматика современного турецкого языка,  М .-Л .,  1956,  стр.379.
213


атап  айтқанда,  барыс, табыс,  шығыс,  көмектес  септіктердің бірін- 
де  гұруын керек етеді.  Мысалы:  киімді тазалау, ауылға бару, үйден 
шығу, жолдасымен кездесу жэне т.б.
Сөздер  бір-бірімен  синтаксистік  байланыстың  қабысу  деп 
аталатын  түрі  бойынша  да  байланысады.  Қабысу  бойынша  түркі 
тілдерінде  сөз  тіркесінің  құрамындагы  бағыныңқы  сөз  ұйытқы 
сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Мысалы: агаш 
үй,  жылы  бөлме,  білімді адам,  он дәптер,  білген кісі жэне т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет