§ 124. Жоғарыда, VII тарауда, айтылгандарды жинактай
келгенде, мынандай қорытындылар жасауга болады:
1. Сөз тіркесі - кемінде екі дербес (толық магыналы) сөздің
багыныңқы-басыңқы
грамматикалык
байланыстың
негізінде
тіркесуінен жасалган синтаксистік бірлік.
2. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялык сөз тір-
кестерімен де, атауыш (дербес) сөз бен көмекші сөздің тіркесімен
де, сөздердің салалас қатарларымен де (тізбектерімен) сырттай
ұксас келгенімен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар.
3. Сөздің, соның ішінде күрделі сөздің, бөлшектерінің ара-
сындагы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындагы бай-
ланыстан анагүрлым басым жэне бекем болады. Осыдан келіп,
күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді, сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұр-
ған бірлік ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің қүрамына оның
оір мүшесі ретінде емін-еркін енеді де, еркін сөз тіркесі сөйлеу
кезінде белгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамында-
1 Бұл д а сонда. 537-бет.
2 Бұл д а сонда. 537-бет.
215
ғы сыңарлар ыңгайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла
алады. Сыңарлардың басқа бір сыңарлармен ауыстырылуынан
еркін сөз тіркесінің грамматикалык табиғаты өзгерілмейді.
4. Сөз заттарды, құбылыстарды, сапа-белгіні, іс-әрекетті
жэне т.б. жеке-дара күйінде атаса, сөз тіркесі оларды бір-бірімен
байланысында, өзара карым-қатынасында атайды. Сөз тіркесінің
сыңарларының арасында анықтауыш + анықталгыш, толықтауыш
+ толықталгыш, пысықтауыш + пысықталғыш тэрізді синтаксис-
тік қатынастар сақталынса, күрделі сөздің сыңарларының арасын
да мұндай синтаксистік қатынастар жойылады да, күрделі сөздің
эрқайсысы бір бүтін лексикалық бірлік ретінде үғынылады.
5. Күрделі сөздің эрбір сыңары сөйлемнің дербес мүшесі бола
алмаса, сөз тіркесінің эрбір сыңары синтаксистік дербестігін
сақтап, өздігінен сөйлем мүшесі бола алады.
6. Синтаксистік сөз тіркесі сырттай фразеологиялық бір-
ліктермен ұқсас болғанмен, олардан түбірлі айырмашылықтары
бар. Сөз атаулының сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған бірлік
ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің қүрамына енетіні сияқ-
ты, фразеологиялық бірліктер де (сондай-ак, жалпы тұрақты сөз
тіркестері) бүрыннан жасалып қойған, даяр тұрган бірліктер
ретінде синтаксиста сөз тіркесінің жэне сөйлемнің қүрамына ене-
ді. Ал синтаксистік сөз тіркесі даяр түрган тіркес емес, ол сөйлеу
кезінде дербес (атауыш) сөздердің тілдің грамматикалык зандары
бойынша еркін тіркесуінен жасалады.
7. Сыңарларының басқа сыңарлармен (сөздермен) ыңғайына
қарай ауыстырылуға көнетіндігі ескеріліп, синтаксистік сөз тір-
кесі еркін сөз тіркесі деп аталады. Ал жалпы тұрақты сөз тіркес-
терінің (соның ішінде фразеологиялық бірліктердің) сыңарлары,
эдетте, басқа сыңарлармен (сөздермен) ауыстыруға көнбейді.
8. Фразеологиялық бірлікті құрастырушы сыңарлар дербес-
тігінен айырылып, бүтіндей фразеологиялық бірлік сөйлемде
бір ғана мүше ретінде қызмет атқарса, синтаксистік (еркін) сөз
тіркесінің сыңарларының эркайсысы дербестігін сақтап, сөйлем-
нің дербес мүшелері бола алады.
9. Синтаксистік сөз тіркесінде де, фразеологиялық бірлікте
де номинативті сипат бар, бірақ синтаксистік сөз тіркесінен
фразеологиялық бірліктің номинативті сипаты әлдеқайда басым
болады.
2 1 6
10. Синтаксистік сөз тіркесі үшін сөздердің лексикалық тір-
кесімділігі міндетті шарт болса, фразеологиялық бірліктер үшін
сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт бола бермейді.
11. Еркін сөз тіркестерінің мағынасы өзін қүрастырушы
сыңарлардың мағыналарынан туатын болса жэне емін-еркін
мүшелене алатын болса, атауыш сөз бен көмекші сөздің тір-
кесінен жасалған аналитикалык конструкция лексикалық жэне
грамматикалык идиоматизм сипатына ие болып, синтаксистік
жагынан мүшеленбейді.
12. Еркін сөз тіркесі мүшеленетін тіркес бола отырып, магы-
налық және құрылымдық бүтіндігін сақтайды да, семантикалық
тиянақтылық қасиетімен сипатталады. Ол осы қасиеті жагынан
дербес сөз бен көмекші сөздің тізбегінен ажыратылады.
13. Сөз тіркесі сөздердің салалас қатарынан күрылымдық
ерекшелігі жагынан ажыратылады. Салалас қатардың құрамын-
дагы сыңарлар (сөздер) тең дэрежедегі сыңарлар ретінде өзара са-
лаласа байланысса, сөз тіркесінің сыңарлары басыңқы, багының-
кы сыңарлар болып, бірі екіншісіне бағына байланысады.
14. Сөз тіркесінің құрамындагы сыңарлардың орнының ал-
масуы оның мазмүны мен грамматикалык табигатына эсер етсе,
салалас катардың сыңарларының орнының алмасуы оның мазмұ-
ны мен грамматикалык табигатына эсер етпейді.
15. Багыныңқы байланыстың негізінде сөз тіркесі жасалса,
предикативті байланыс негізінде предикативті тізбек жасалады.
Предикативті емес сөз тіркесі номинативті қызмет атқарса,
предикативті тізбек мұндай қызметке ие бола алмайды. Сөз
тіркесінің формалар жүйесі үйытқы сөздің формалар жүйесіне
негізделсе, предикативті тізбектің парадигмасы грамматикалык
шақ пен объективті модальдылыққа негізделеді.
16. Сөз тіркестерінің кұрылымы, олардың модельдері сөз
тіркесіндегі үйытқы сөздің қай сөз тобына қатысты болуына
жэне категорияльды магынасы мен қасиетіне қарай айқындала-
ды. Белгілі бір соз тобына енетін сөздердің басқа бір сөз табына
телінетін сөздермен тіркесу мүмкіндігін ол сөздердің сөз табы
ретіндегі жалпы категорияльды магынасы, жеке грамматикалық
магыналарының жүйесі және оның сөз табы ішіндегі белгілі
бір семантикалық топқа телінуі, бір сөзбен айтқанда, сөздің
категорияльды қасиеті айқындайды.
217
17. Сөз тіркесінің кұрамындағы уйыткы сөз бен бағыныңқы
сөз тіл-тілде синтаксистік байланыстардың қиысу, меңгеру, матасу
жэне қабысу деп аталатын түрлері бойынша байланысады. Атал
ган синтаксистік байланыс түрлерінің табиғаты эртүрлі тілдердің
грамматикалық құрылысының ерекшелігіне қарай түрліше болуы
мүмкін.
18. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң, күрделі жэне аралас
сөз тіркестері болып бөлінеді. Күрделі сөз тіркесі бір гана үйытқы
сөзге тірелетін эр басқа байланыстардың негізінде жасалса,
аралас сөз тіркесі эр баска үйытқы сөздерге тірелетін эртүрлі
байланыстардың негізінде жасалады.
19. ¥йы тқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай, сөз тір-
кестері етістікті сөз тіркестері, субстантивті сөз тіркестері және
үстеулі сөз тіркестері болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |