Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 4. Әрбір тілдің өзіне тэн белгілі бір құрылымы болады.
Құрылым тілді кұрастырушы бірліктер - сөзде де, сез тіркесінде
де, сөйлемде де бар. Тілдің құрылымына талдау жасау, сайып кел-
генде, оны құрастырушы тілдік бірліктер - сөздің құрылымына,
сөз тіркесінің құрылымына жэне сөйлемнің құрылымына талдау
жасау болып шығады. Сөздің құрылымы грамматиканың мор
фология бөлімінде қарастырылса, сөз тіркесінің кұрылымы мен
сөйлемнің құрылымы оның (грамматиканың) синтаксис бөлімінде
қарастырылады. Осыған орай, бұл кітаптасөздің құрылымы мен сөз
тіркесінің құрылымы жэне сөйлемнің құрылымы қарастырылып,
сөз бен сөз тіркесінің, сөз тіркесі мен сөйлемнің ұқсас жақтары
мен айырым жақтарын айқындаудың теориялық мәселелеріне,
әсіресе олардың бір-бірінен жігін ажырату мәселелеріне айрықша
назар аудару мақсат етіледі.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың (сөздердің)
сөйлемде тіркесу формулалары мен зандылықтарын зерттейді.
Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде гана,