Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  7.  Грамматикалық мағыналар,  сөздердің арасындағы  эртүрлі



Pdf көрінісі
бет8/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  7.  Грамматикалық мағыналар,  сөздердің арасындағы  эртүрлі 
қатынастар  тіл-тілде  түрлі-түрлі  грамматикалық  (морфологиялық 
жэне  синтаксистік)  қүралдар,  амал-тэсілдер  арқылы  беріледі. 
Грамматикалық  мағыналарды,  сөздердің  арасындағы  эртүрлі 
қатынастарды  білдірудің жолы  грамматикалық тәсіл  деп  аталады. 
Грамматикалық тэсілдердің бірнеше түрлері бар.
§  8.  Грамматикалық  мағыналарды  білдіру  тэсілдерінің  бірі
-  аффиксация тәсілі. Сөздің түбіріне немесе негізіне аффикстердің 
жалғануы  аркылы  грамматикалық  мағыналарды  білдіру  тәсілі 
аффиксация  тәсілі  деп  аталады.  Мысалы,  ж олдастарыма  деген 
сөздегі  көптік  мағына  -тар  аффиксі  (көптік  жалғауы)  арқылы, 
тэуелділік  мағына  мен  жақтық  мағына  -ым  аффиксі  (тэуелдік 
жалғауы)  арқылы,  бағыт  мағынасы    аффиксі  (барыс  септік 
жалғауы) арқылы беріліп түр.  Аффикстер  сөз тудырып немесе  сөз 
түрлендіріп, оған (сөзге) грамматикалық мағыналардың екі түрін -  
деривациялық мағына мен реляциялық мағынаны  (бүл  мағыналар 
жайында келесі тарауды қараңыз) жамайды (үстейді). Аффиксация 
тәсілі  грамматикалық  мағыналарды  білдіруде  эртүрлі  тілдердегі 
аффикстердің  түрлері  -   префикстерді  де,  постфикстерді  де  (жүр- 
нақ  пен  жалғау  немесе  флексия),  инфикстерді  де  пайдаланады. 
Префикс  түбірдің  алдынан  келсе,  постфикс  түбірдің  соңынан 
келеді.  Түркі  тілдерінде  аффикстердің  префикс  деп  аталатын 
түрі  жоқ,  оларда  сөз  тудыруда,  сөз  түрлендіруде,  грамматикалық 
мағыналарды  білдіруде  постфикстер  қолданылады.  Индоевропа 
тілдерінде  префикстер  де,  постфикстер  де  қолданылады,  бірақ
9


бұлардың  ішінде  сөз  тудыру  мен  сөз  түрлендіруде  басымырақ 
жүмсалатындары  — постфикстер.  Постфикстер  өз  ішінде  жұрнақ 
жэне  жалғау  (немесе  флексия)  болып  екіге  бөлінеді.  Ж үрнақ  пен 
жалғау  бір-бірінен  өздері  білдіретін  грамматикалық  мағынаның 
түрлері 
және 
атқаратын 
грамматикалық  қызметі  жағынан 
ажыратылады.  Жүрнак  -   деривациялық  мағынаны  білдіріп,  сөз 
тудыратын  аффикс  те,  жалғау  -   реляциялық  мағынаны  білдіріп, 
сөз түрлендіретін аффикс.
Түркі тілдерінде аффиксация тәсілі -  сан алуан грамматикалық 
мағыналарды  жэне  сөздердің  арасындағы  эртүрлі  қатынастарды 
білдіруде  өте-мөте  жиі  қолданылатын  грамматикалық  тәсіл.  Аф­
фиксация  тэсілі  дүние жүзіндегі  алуан  түрлі  тілдерде  қолданыла- 
ды,  бірақ  аффиксацияның табиғаты  олардың  бэрінде  бірдей  емес. 
Мысалы,  орыс  тілінде  түбірге  аффикстер  жалғанғанда,  түбірдің 
дыбыстық  кұрамының  өзгеруі  жиі  үшырасса  (мысалы:  сон-сна, 
ходить-хожу,  денъ-дня),  қазақ  тілінде  жэне  т.б.  түркі  тілдерінде 
түбірге  аффикстердің  жалғануы  оның  (түбірдің)  дыбыстық 
қүрамын,  негізінен  алғанда,  өзгерте  алмайды.  Түркі  тілдерінде, 
соның  ішінде  қазақ  тілінде  жіктеу  есімдіктері  (мен,  сен,  ол
мен  кейбір  сілтеу  есімдіктері  (бұл,  сол)  септелгенде,  олардың 
дыбыстық  кұрамының  өзгеретіні  бар,  бірақ  мүндай  өзгеріс  басқа 
түбірлердің  бойынан  табылмайды.  Демек,  түбірге  аффикстер 
жалғанғанмен,  оның  дыбыстық  қүрамының  өзгермеуі  түркі 
тілдеріне тэн  қасиет болып  саналады.  Орыс тілінде  бір  аффикстің 
бірнеше  грамматикалық  мағынаны  білдіруі  жиі  ұшырасса,  қазақ 
жэне т.б. түркі тілдерінде бір аффикстің әлденеше грамматикалық 
мағынаны білдіруі сирек үшырасады (бүл жайында келесі тарауды 
қараңыз).  Орыс  тілінде  аффикстер  сөздің  негізіне  жалғанады 
да,  ол  негіз,  әдетге,  аффикстерсіз  қолданыла  алмайды.  Ал  түркі 
тілдерінде түбір  немесе  негіз  аффикстерсіз-ақ,  дербес  сөз  ретінде 
қолданыла  алады.  Оның  үстіне  орыс  тілі  мен  түркі  тілдерінде 
түбірге  немесе  негізге  аффикстердің жалғану сипаты  бірдей  емес, 
орыс  тілінде  түбір  (немесе  негіз)  мен  аффикс  бір-бірімен  әбден 
жымдаса, кіріге қосылса, түркі тілдерінде олар (түбір мен аффикс) 
жай  ғана  жалғаса  қосылып,  морфемалардың  ара  жігі  аңғарылып 
тұрады.  Түбір  (немесе  негіз)  мен  аффикстердің  жымдаса,  кіріге 
қосылуы,  аффикстердің  көп  мағыналы  бола  алуы  және  олардың
10


жалғануынан  түбірдің  дыбыстық  құрамының  өзгеру  құбылысы 
фузия  (ерітілу,  қорытылу)  деп  аталса,  түбір  (немесе  негіз)  мен 
аффикстердің бір-бірімен жай жалғаса қосылуы, олардың ара жігі- 
нің  аңғарылып  тұруы,  аффикстердің  көбінесе  дара  мағыналы 
болуы жэне  аффикстердің жалғануынан түбірдің дыбыстық құра- 
мының өзгермеу  кұбылысы  агглютинация  (желімделу,  жалғамалы 
болу)  деп  аталады.  Фузия  индоевропа  тілдеріне  тэн  де,  агглю­
тинация  түркі  тілдері,  моңғол  тілдері  және  угро-фин  тілдеріне 
тән.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет