сөз бен сөз тіркесінің шегін айқындау проблемасы өзінің дұрыс
шешімін таба алмайды.
Күрделі сөз бен еркін (синтаксистік) сөз тіркесінің жэне
күрделі сөз бен фразеологиялык сөз тіркесінің бір-бірінен жігін
ажырату мәселесі, сайып келгенде, ете-мөте принципті мэселе
- лексикология (фразеология) мен грамматиканың карастыратын
кұбылыстарының шегін айқындау мәселесіне келіп тіреледі. Ал
бүл мэселелерді іштей жіктеп жэне ары қарай таратып айтсак, сөз
(күрделі сөз) бен сөз тіркесінің (еркін тіркестің) бір-бірінен жігін
ажырату проблемасы тағы бір мәселеге - грамматиканың екі сала-
сы - морфология мен синтаксистің қарастыратын құбылыстары-
ның шегін айқьіндау мәселесіне барып тіреледі. Аталған тілдік
бірліктердің (сөз, еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесінің) бір-
бірінен жігін ажыратудың ғылыми принциптері белгіленбесе. тіл
білімінің лексикология, морфология жэне синтаксис деп аталатын
салаларының эрқайсысының қарастыратын проблематикаларын-
да айқындылық болмай, бірі-біріне араласып, зртүрлі қателіктер-
ге ұрындырады. Тілдегі эр баска бірліктердің бір-бірінен жігін
ажыратыгі, олардың эрқайсысынын шегін айқындау мәселесі тіл
білімінің принципті мэселесі деуіміз де осыдан.
Достарыңызбен бөлісу: