Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 И .В.  Арнольд,  Лексикология  английского языка,  М .,  1959,  стр. 160



Pdf көрінісі
бет64/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   237
1 И .В.  Арнольд,  Лексикология  английского языка,  М .,  1959,  стр. 160.
■ В.М .  Ж ирмунский,  О  границах  слова.  Сб.  «М орфологическая  структура слова  в 
языках  различных  типов».  М .-Л .,  1963.  стр.32.
55


Күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің  жігін  ажырату  проблемасының 
өте  күрделі  екендігін  басқа тілдердің мысалдарымен де  көрсетуге 
болар  еді,  бірак  мүны  кітаптың  көлемі  көтермейді.  Сондықтан, 
күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің  жігін  ажырату  проблемасын  қазақ 
тілінің  мысалдарын  жэне  қазақ  тіл  біліміндегі  деректер  мен 
пайымдауларды келтіре отырып баяндауды жөн кереміз.
Қазак тіл білімінде күрделі  сөз бен сөз тіркесінің жігін ажыра­
ту  проблемасын  алғаш  сөз  еткен  ғалым  -   проф.  Қ.Жұбанов.  Ол 
күрделі  сөздің  бір  түрі  -  кіріккен  сәздің  қандай  белгілері  болады 
деген  суракқа жауап  іздеп,  кіріккен  сөздің белгілері  ретінде  оның 
мағыналық  бірлігін,  сөйлемде  бір  ғана  мүше  болатындығын, 
сыңарларының  дыбыстық  езгеріске  үшырауын  жэне  бір  екпінге 
ие болатындыгын атайды.1 Проф.  Қ.Қ.Жүбановтың күрделі  сөздің 
бір  түрі  -   кіріккен  сөздердің  табиғаты  мен  белгілерін  айқындау 
жайындағы  ойлары  мен түжырымдарының күрделі  сөздің аталған 
түрін  танып  білуде  үлкен  мэні  бар  екендігін  атап  айту  керек  (бұл 
жайында  «Күрделі  сөзге  тэн  басты  белгілер»  атты  келесі  тақы- 
рыпты қараңыз).
Қазақ  тіл  білімінде  күрделі  сөздер,  әсіресе  оның  біріккен 
сөздер  жэне  кіріккен  сөздер  деп  аталатын  түрлері,  оларға  тән 
белгілер  жайында  А.Ысқақов,  Ә.Ермеков,  Г.Жэркешева  жэне  т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде эртүрлі пікірлер мен пайымдаулар бар. 
Бірақ  ол  еңбектерде  күрделі  сөздің,  біріншіден,  -   синтаксистік 
сөз  тіркесінен,  екіншіден,  -   фразеолгиялық  сөз  тіркесінен  жігін 
ажырату мэселелері жете айқындалмаған.
Сонымен,  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің  шегін  айқындау 
проблемасы  элі  де  болса  толық  шешемін  таба  алмай  келеді. 
Осының  салдарынан  сөздіктер  мен  грамматикалық  зерттеулерде, 
оқулықтар  мен  оку  құралдарында  эр  басқа  тілдік құбылыстардың 
біртектес  делініп,  керісінше,  біртектес  тілдік  құбылыстардың  эр 
басқа  делініп  қаралуы  кездеседі.  Мүның  өзі  тілдегі  кұбылыстар- 
дың  бір-бірімен  жігін  ажыратудың  ғылыми  принциптері  мен  өл- 
шем-межелерінің  (критерий)  айқындалмауынан  болып  отыр.  Бір- 
неше мысал  келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет