1 Бүл да сонда. 231-232-беттері.
2 Н.М. Ш анскийдің, аталған кітабынын, 232-беттері.
118
тінен, жүресінен, кезекпен, жөиімен, ретімен деген үстеулердің
кұрамындағы тэуелдік жалғауы мен шығыс, көмектес септік
жалғаулары сөздерді байланыстырушы қызметінен айырылып,
аталған үстеулердің қүрамында сөз тудырушы аффикстер ретінде
үғынылады.
Қазақ тілінде -у жұрнағы жалғанған кейбір етістіктер тұйьіқ
етістік формасынан зат есімге айналған. Бүлайша жасалынған зат
есімдердің, мысалы, жабу, көсеу, егеу, қаиіау, бояу, бөгеу деген зат
есімдердің құрамындағы -у жұрнағы шыгу тегі жагынан форма
тудырушы, атап айтқанда, түйық етістік формасын тудырушы
жүрнақ болғанымен, синхрониялық тұрғыдан алғанда, аталған
сөздердің құрамында форма тудырушы жүрнақ емес, сөз тудыру
шы жүрнақ ретінде танылуға тиіс. Ал түзу (түзу жол), бітеу
(бітеу жара) дегендердегі -у жүрнағы, түйық етістіктің сын есімге
айналуымен байланысты, аталған сөздердің (түзу, бітеу) құра-
мында сөз тудырушы (бүл жерде сын есім тудырушы) ж үрнақ
ретінде танылады. Тұйык етістік пен зат есімнің жэне сын есім-
нің эр басқа сөз таптары екенін ескерсек, олардың құрамында-
ғы жұрнақтың да табиғаты біркелкі болмайтындығы күмэн
тудырмайды. Ал түйық етістік формасын тудыратын жұрнақтың
бірде зат есім тудыратын, бірде сын есім тудыратын жүрнаққа
айналып, өзінің табиғатын өзгертуін декорреляция процесінің
нэтижесі деп түсіну керек. Әрине, бір сөз табының екінші сөз
табына ауысуы субстантивтену (басқа сөз таптарының зат есімге
айналуы), адьективтену (басқа сөз таптарының сын есімге
айналуы), адвербиалану (басқа сөз таптарының үстеуге айналуы),
вербалдану (басқа сөз таптарының есімдікке айналуы) деп
аталатын қүбылыстар бойынша іске асады, ал бір сөз табы екінші
сөз табына айналғаннан кейін оның құрамындағы морфемалар-
дың табиғатының (сипаты мен мағынасының) өзгеруі декорре-
ляцияның әсерінен болады.
Сонымен, декорреляция процесі бойынша, сөз қүрамындағы
морфемаларда сандық өзгерістер емес, сапалық өзгерістер
болады. Морфологиялық сіңісу процесі мен жылысу процесінің
нэтижесінде морфемалардың бастапқы жігі өзгеріп, сөз о бастағы
күйінен басқаша мүшеленетін болса, декорреляция процесінің
нәтижесінде сөз құрамындағы морфемалардың бастапқы жігі
119
өзгермей, тілдік табиғаты өзгереді, яғни өзінің сипаты мен
мағынасы жағынан басқаша күйге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |