табиғаты да, сан-мөлшері де эртүрлі тілдерде түрліше: араб тілінде
үш септік болса, орыс тілінде - алты, қазақ тілінде - жеті, эстбн
тілінде - он бес септік бар. Грамматикалык етіс категориясы
көптеген тілдерде бар, бірақ оның өзгелік етіс (каузатив) деп
аталатын түрі түркі тілдері мен грузин, латын, француз тілдеріне
тэн де, славян тілдерінде кездеспейді. Орыс тілінде грамматика
лык тек категориясының (категория рода) үш түрі болса, француз
тілінде оның екі-ак турі бар (француз тілінде грамматикалык тек
категориясының аралық тек (средний род) деп аталатын түрі жок).
Әртүрлі тілдердің бәріне бірдей тән, бәріне бірдей ортак бо
лып келетін грамматикалык категориялардың түрлі тілдерде,
жоғарыда аталып өткеніндей, эртүрлі сипатта көрінуі граммати
калык категориялардың туыстас тілдер тобының немесе жеке
тілдердің әрқайсысының грамматикалык қүрылысының өзіндік
ерекшеліктерімен тыгыз байланысты екендігін дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: