істің шартын білдіреді. Бұл форма сөйлемде нақтылы мазмұнға
ие болып, қолданылу ыңғайына қарай қалау, тілек, арман, ниет
мағыналарын, кейде тіпті мезгілдік магынаны да білдіре алады.
Рай категориясының синтаксистік сипаты эсіресе оның баяндау-
ышты сипаттауынан айқынырақ көрінеді.
Рай категориясы - модальдылықты, іс-әрекеттің шындыққа
қатынасын
білдіретін
грамматикалык
категория.
Басқаша
айтқанда, рай - сөздің белгілі бір формаларымен берілген
модальдылық1.
Тіл-тілде райдың түрлері мен саны эр басқа. Орыс тілінде
райдың үш түрі болса, қазақ тілінде төрт түрі бар. Бұйрық рай
сөйлеушінің іс-эрекетті тындаушыга немесе тындаушы арқылы
басқа біреуге бағыттауын, бүйыра айтуын білдіреді. Қазақ
жэне т.б. түркі тілдерінде етістіктің екінші жақ бүйрық рай түрі
етістіктің негізі болып саналады, етістіктің баска формалары
етістіктің осы аталған екінші жақ бүйрық рай түрінен жасалады.
Етістіктің шартты рай түрі іс-эрекеттің іске асу мүмкіндігі басқа
бір іс-әрекеттің орындалуына байланысты екендігін білдіреді.
Осылай болғандықтан, сөйлемдегі шартты рай формасындағы
етістік тиянақты бола алмай, сөйлемнің екінші бөлігіндегі іс-
әрекетті білдіретін етістікке іліктесіп, оның шартын білдіреді.
Мысалы:
Ацылды мацтанса, істі тындырар, сщымсщ мақтанса,
аягын сындырар (мақал).
Қалау
рай
сөйлеушінің
іс-әрекетке
ынтасын,
тілегін,
ниетін білдіреді. Осыған орай, етістіктің қалау рай түрінде
эмоциональды-экспрессивті қасиет, басқа райларға қарағанда,
анағұрлым басым болады. Етістіктің ашық рай түрі осы шақ, өткен
шақ, келер шақ формаларында айтылатын іс-әрекеттің шындық
болмысқа қатысын білдіреді де, етістіктің шақтары ашық райдың
көрінісі, формасы ретінде қаралады.
§ 101. Грамматикалық етіс категориясы — сөз таптарының
ішінде етістіктерге тэн категория. Етіс категориясы қимыл, іс-
әрекеттің объектіге немесе субъектіге багытталгандыгын білдіреді
де, субъектінің объектімен өзара қарым-қатынасын айқындайды.
Етіс жэне оның түрлері үшін етістіктің объектіге багытталуының
гана емес, сонымен бірге оның субъектіге қатысының да мэні
Достарыңызбен бөлісу: