формалар грамматикалык жақтан өзара шарттас, үйлес формалар
бола алмайды деген пікір бар. Егер
мен деген жіктеу есімдігі I
жақты білдірсе, біз деген жіктеу есімдігі «Менің көптігімді» емес,
«мен жэне тагы баска (басқалар)» дегенді білдіреді1. «Сонымен,
біз деген есімдік
мен деген есімдіктен еанның абстракциясы
жагынан гана емес, белгіленушінің айрықша сипаты жағынан
да ажыратылады. Алайда көптіктің кез келген формасының бір
гана заттың көп рет қайгалануын емес, біртектес заттардың
көптігін көрсететіндігін байқау қиын емес.
Столы деген
форманың белгіленушіге қатысы жагынан
мы деген формадан
айырмашылыгы жоқ»2.
Есімдіктердің басқа түрлеріне сан-мөлшер категориясының
қатысы жайында мынаны айтуга болады: есімдіктер қай сөз
табының орнына жүрсе, сол сөз табына тән формалармен түр-
ленеді. Осыган орай, зат есімдердің орнына жүретін есімдіктер
(жіктеу есімдіктері, өздік есімдігі, сүрау есімдіктері мен белгісіз-
дік есімдіктерінің кейбіреулері) жекеше түрінде де, көпше түрін-
де де қолданыла алады.
Жекелік пен көптіктің магыналары етістік сөздерде өз алдына
дербес аффикстермен емес, көбінесе жақтық магыналарды
білдіретін жіктік жалгауларымсн беріледі. Етістік баяндауыштар
бастауышпен жіктік жалгаулары арқылы қиысады да, жіктік
жалгаулары бастауыштың ыңгайына қарай әрі жақтық магынаны,
эрі сан-мөлшер магынасын (жекелік не көптік магынасын) қоса
білдіреді. Бүл айтылгандардың бірінші жаққа тікелей қатысы бар
(мысалы:
мен бардым - біз бардыц, мен барамын — біз барамыз),
ал екінші жақта жіктік жалгауынан кейін көптік мағынаны
білдіру үшін көптік жалгауы жалғанады (мысалы:
сен бардың (сіз
бардыцыз) - сендер бардыцдар (сіздер бардыцыздар), сен барасыц
(сіз барасыз) — сендер барасыңдар (сіздер барасыздар) және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: