Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет169/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  98. 
Грамматикалык  категориялардың 
ішінде  дүние 
жүзіндегі  тілдердің  басым  көпшілігіне  тэн,  соларга  ортақ 
категориялардьщ  бірі  -   ж ақ  категориясы.  Грамматикалык  жақ 
категориясы  іс-әрекеттің қай жаққа (кімге немесе неге) қатысты 
екенін  білдіреді.  Іс-әрекет сөйлеуші  жақ, тыңдаушы  жақ немесе 
бөгде  жақтың  бірі  арқылы  жүзеге  асады.  Осыган  орай,  жақ 
категориясы  эртүрлі  тілдерде  бірінші  жақ,  екінші  жақ  жэне 
үшінші  жақтың  грамматикалык  магыналары  мен  формалары 
арқылы  танылып,  солар  арқылы  көріне  алады.  Іс-әрекеттің 
субъектіге  қатысы  үш  жактың  бірімен  беріледі.  Осыған  орай, 
жак  категориясы  етістіктерге  тэн  категория  болып  саналады. 
Ж ақтық  магына  белгілі  бір  аффикстер  арқылы  көрінеді.  Ондай 
аффикстер жіктік жалгаулары  деп  аталады.
Жак  категориясының  сөз  таптарына  қатысы  эртүрлі  тілдер- 
де  бірдей  емес.  Мысалы,  орыс.  тілінде  грамматикалык  жақ  ка­
тегориясы  өте-мөте  етістіктерге  тэн  категория  ретінде  танылады. 
Орыс  тілінде  жіктелетіндер  -   етістіктер  гана,  ал  есім  сөздер 
жіктелмейді.  Түркі  тілдерінде  жіктелетіндер  етістіктер  гана  емес, 
сонымен бірге баяндауыш қызметінде жүмсалганда, зат есімдер де 
(көбінесе  адамнын  мамандыгын,  кәсібін  білдіретін  зат  есімдер), 
сын есімдер де, сан есімдер де, кейбір есімдіктер де жіктеліп, жік- 
тік  жалгауларын  қабылдай  алады.  Түркі  тілдерінде  есімдерден 
болган баяндауыш бастауышпен жіктік жалгаулары арқылы қиыса 
байланысады.  Есімдердің  баяндауыш  болуы  үшін  жэне  ондай 
баяндауыштың  бастауышпен  қиыса  байланысуы  үшін,  олардың 
жіктік жалгауымен  түлғалануы  шарт.  Жіктік  жалғауларының  кей- 
де баяндауыштық аффикстер деп аталуы да осыдан.
Жақтык  магына,  әдетте,  етістіктерден  болган  баяндауыш 
арқылы  беріледі.  Мүндайда  жіктеу  есімдіктерінің  сөйлемде 
қолданылуы эрдайым шарт емес.
Жақтык  форма  жақтық  магынаны  ғана  емес,  сонымен  бірге
162


жекелік  немесе  көптік  мағынаны  да  білдіруі  мұмкін  (мысалы: 
бардым  -   бардъщ;  барамын  -   барамыз).  Түркі  тілдерінде 
жақтық  мағына  тәуелдік  формалары  арқылы  да  беріле  алады. 
Түркі  тілдеріндегі  тәуелдеу  категориясы  бір  заттың  екінші  затқа 
меншіктелуін  ғана  білдіріп  қоймайды,  сонымен  бірге  оның  қай 
жаққа қатысты екендігін де білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет