КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА 2016 ЖЫЛМЕН КҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Дәулетжан Хасанов
«Қаражанбасмұнай» АҚ Бірінші Вице-президенті Ли Тецян
Каражанбас
«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы
Құрметті әріптестер! Қадірлі мұнайшылар!
Ардақты ағайын!
Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жылмен
құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Өздеріңізге мәлім, Жаңа жыл - жарқын ой-
лар мен батыл жоспарларға, болашақ жетістіктер
мен игілікті істерге бастайтын уақыт. Адам бала-
сы қашанда өткенге салауат айтып, жарқын бола-
шақтан жақсы үміт күтеді. Олай болса, келе жатқан
2016 жыл жемісті бастамаларға ақ жол ашсын деп
тілейміз. Осынау мереке - Жаңа жыл қарсаңында
барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық,
қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, бақ – бе-
реке, татулық пен бірлік тілейміз! Келе жатқан жыл
жағымды жаңалықтарға мол болып, телегей табы-
старға кенелтеді деп сенгіміз келеді. Ең бастысы
– туғандарыңыз бен жақындарыңыз аман болсын!
Жаңа жыл жақсылықтың бастауы болып, көңіл
түкпіріндегі армандарыңыз орындалсын және әр-
бір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік
серік болсын!
Ескі жылды артқа тастап, жаңа жылға қадам
басар тұста өткен уақытты ой елегінен өткізер бол-
сақ, 2015 жыл біз үшін оңайға соқпады, бірақ соған
қарамастан өте өнімді жыл болды. Әлемдік эконо-
микалық дағдарыс, мұнай бағасының төмендеуі
және валюта бағамының құбылмалылығы – мұның
барлығы да біз үшін едәуір қиындықтар туғызды.
Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың екінші
жартысында мұнай бағасы күрт төмендеді. Егер
2011 - 2014 жылдар аралығында «қара алтын»
бағасы барреліне 100 доллар маңайында болса,
қазіргі баға бар болғаны 36 АҚШ долларын құрап
отыр. Мұнай бағасының тым арзандап кетуі – көп-
теген компаниялар үшін күтпеген тосын жағдай еді.
Дағдарыстың салқын лебіне қарамастан,
«Қаражанбасмұнай» компаниясы барлық жұмыс
орындары мен барлық әлеуметтік кепілдіктерді
сақтады. Күрделі қаржы салымдарының көлемін
едәуір төмендетіп, бұрғылау көлемін екі есеге дейін,
ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарын 15 есеге
дейін қысқартып, біршама қаржылық шығындарға
ұшырағанымызға қарамастан, біз мұнай өндіру
жоспарын асыра орындап, жоғары өндірістік көр-
сеткіштерге қол жеткіздік. Биыл жыл соңына дейін
2 млн. 138 мың тонна көлемінде мұнай өндіріледі
деп күтілуде. Бұл өз кезегінде «қара алтын» өндіру
көлемінің өз деңгейінде сақталып келе жатқан-
дығын әрі тұрақты өсім динамикасын көрсетеді. Ең
бастысы, бұл нәтижеге – бірлігі берік, ынтымағы жа-
расқан, кәсіби деңгейі жоғары мықты ұжымымыз-
дың ерен еңбегінің арқасында қол жеткіздік.
Осыған орай, құрметті әріптестер, Сіз-
дерге үлкен ризашылығымызды білдіргіміз ке-
леді. Барлық «КБМ-Тобы» командасына, оның
ішінде біздің еншілес компанияларымыз -
«ArgymakTransService» ЖШС, «ТК және ҰҚКБ»
ЖШС және «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС мекеме-
леріне, біздің серіктес мердігер мекемелер «Mobile
Service» ЖШС және «KazStroyService» ЖШС ком-
панияларының қызметкерлеріне, Қаражанбас кен
орнында тамақтандыруды, басқа да тұрмыстық
қызметтер көрсетуді, сонымен бірге медициналық
қызмет көрсетуді аса жоғары деңгейде ұйымда-
стырып келе жатқан «Caspian Food» ЖШС компа-
ниясына және «Нейрон» ЖШС – не алғысымыз зор.
Біздің күшіміз – бірлікте! Осыған тағы бір
мәрте көзіміз жетіп отыр. Осы бағыттан таймай,
осы екпінмен біз белсенді түрде жұмысымызды
жалғастыра беретін боламыз!
Жылды қорытындылай отырып, биыл компа-
ния өмірінде орын алған елеулі оқиғаларға тоқта-
лып өткіміз келеді. Ең жарқын, есте қалар оқиға
– Компанияның даму бағытына иек арта отырып,
ұзақмерзімді бизнес-стратегиямыздың аясында
біз ең алдымен жер қойнауын пайдалану келісім -
шартын 2035 жылға дейін ұзартуға қол жеткіздік.
Біз осы сәтті ұзақ күттік және жаңа келісім-шарт
ертеңгі күнге деген тұрақтылық пен сенімділігімізді
арттыра түсіп, компаниямыздың келешекте ерек-
ше қарқынмен дамуына серпін беретін маңызды
жобалардың негізін қалады. Ұзақмерзімді келісім-
шарт бірнеше жылдарға батыл жоспар құруға
және Даму Стратегиясы – Қаражанбас компани-
ясы Тобының 2020 жылға дейінгі Декларациясын
жасақтауға мүмкіндік берді. Бұл құжатта біздің
болашаққа жоспарлаған бағыт-бағдарымыз, құн-
дылықтар мен қағидаларымыз нақты көрсетілген.
Декларация - Компанияның инновациялық жолмен
даму бағытын ұстанатын, жұмыс тиімділігін артты-
ратын негізгі құжат. Қазіргі уақытта бұл жобаны ак-
ционерлеріміздің қарауына ұсындық.
Бес жылдан кейін біз өзімізді қандай Ком-
пания тобы ретінде елестетеміз? Болашаққа ойша
көз жүгіртер болсақ, біздің жобалауымызша, 2020
жылы біз - «Қаражанбас» компаниясының тобы
мұнай саласындағы алдыңғы қатарлы мекеме-
лердің қатарындамыз. Мұнай өндіруден бөлек, осы
салада сервис пен логистикалық қызмет көрсе-
теміз. Сонымен қатар өзге мұнай өндіруші компани-
яларға мұнай дайындау бойынша қызмет көрсетіп,
Битум зауытында мұнайды өңдеумен айналыса-
мыз. Жасыратыны жоқ, болашақта кеңею жобасы-
ның аясында - құрамына 5 компания, атап айтсақ
«Қаражанбасмұнай» АҚ, «ArgymakTransService»
ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «Технологи-
ялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет
көрсету» ЖШС және Битум зауыты кіретін, кеңей-
тілген әрі жаңарған «ҚБМ-Тобын» көргіміз келеді.
«ТК және ҰҚКБ» ЖШС –нің бүкіл персоналы мен
техникасы Қаражанбаста орналасқанын және жұ-
мыс көлемі тікелей біздің мұнай өндіру көлеміне
тәуелді екенін ескерсек, «ТК және ҰҚКБ» ЖШС –
нің «ҚБМ-Тобына» қосылуы экономикалық тұрғы-
дан екі тарапқа да тиімді болар еді деп есептейміз.
Осыған байланысты, қазір акционерлер аталған
мәселе бойынша қызу келіссөздер жүргізуде.
Біздің бизнесті жүргізуге және компаниямызды на-
рықта алға жылжытып, өркендету үшін толықтай
ресурстарымыз да бар және әлеуетіміз де мықты.
Біз оған сенімдіміз. Бес компанияның бірегей ин-
теграцияланған топқа бір жұдырықтай жұмылуы
– мақсаттарға жету жолында қазіргіден де мықты,
күші зор құрылым жасауға жол ашады.
2020 жылға дейінгі Декларация аясында біз
ресурстық базаны толықтыру бойынша қадамдар
жасаймыз. Ең алдымен, жақын жатқан келешегі
бар жаңа аумақтарда геологиялық барлау жұмы-
старын жүргізуді көздеп отырмыз. Осы мақсатта
контрактілі аумақты кеңейту үшін Геология және
жер қойнауын пайдалану комитетіне өтінім беріп,
қазір ол қаралу үстінде. Осы мәселе шешімін та-
№11
30
ЖЕЛТОҚСАН 2015
2
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
уып, мақұлдаудан өтеді деген үміттеміз, ал бұл өз
кезегінде аумағымыздың көлемін кеңейтіп қана
қоймай, біздің мүмкіндіктеріміздің де көкжиегін
кеңейтуге ықпал етеді. Бұдан өзге мұнай өнер-
кәсібінің инновациялық дамуының маңызын еске-
ре отырып, біз жаңа технологияларды іздеу және
енгізу, өндіру көлемін арттыру мақсатында тиімді
әдістерді пайдалану бағытындағы жұмыстарымыз-
ды жалғастыратын боламыз
Ең құндысы сол, Декларацияны жасақтауға
жоғарғы және орта буын менеджерлері түгелдей
атсалысты және біздің ойымызша, мұның пайдасы
мол. Өйткені Декларацияны жасақтауға қатысқан
әр қызметкер оны ерекше ынтамен жүзеге асыра-
ды әрі бір мақсатқа жету жолында үлкен талпыныс
танытады. Бір анығы, Декларация - біз үшін жәй
ғана қағаз емес, бұл – болашақ жарқын мақсат-
тарға жетелейтін нақты құрал.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігі және қоршаған ортаға қамқорлықпен
қарау – біз үшін ең басты құндылықтар болып та-
былады. Біз үшін адамдарымыз бәрінен жоғары
тұрады және стратегиямыздың философиясы ада-
ми құндылықтар жүйесіне негізделген. Жер қойна-
уын пайдалану, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және
экологиялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан
заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындау – ком-
пания саясатының басым бағыты болып табылады.
Біз еңбекті қорғау жүйесінің жағдайын үнемі
талдаудан өткізіп отырамыз және қауіпсіздікті
сақтау ережелерін мықты ұстанамыз. Биыл тәуел-
сіз аудит нәтижесінде «Қаражанбасмұнай» компа-
ниясы «Еңбек қорғауды басқару жүйелері» мемле-
кеттік стандарты бойынша сертификациядан өтті.
Қауіпсіз емес жұмыстарды атқаруға жол берілмеуі
керек деп есептейміз. Еңбекті қорғау саласындағы
көптеген шараларымызға қарамастан, өкінішке
орай, биылғы жылы өндірісте адам өліміне әкеп
соққан қайғылы оқиға орын алды. Мықты маман-
дарымыздың бірі, Электр цехының қызметкері
әріптесіміз Қалдыбаев Наурызбек қайғылы қазаға
душар болды. Бұл оқиға – әрбір қызметкердің қа-
уіпсіздік техникасын мүлтіксіз сақтауы қажет екен-
дігін тағы да еске салды. Әрбір қызметкер адами
фактордың маңызды екендігін және ең алдымен
өндірістегі қауіпсіздік мәселесі жұмыскердің өзіне
байланысты екендігін түсінуі керек. Бірақ бұл бізге
артылған жауапкершілік жүгін мүлдем жеңілдет-
пейді. Кез келген қайғылы оқиғаның алдын алуға
болады. «Қаражанбасмұнай» АҚ - ның әр қыз-
меткері отбасына аман-сау оралатынына сенімді
болуы керек. Біздің саясат – ешкімге жауапкер-
шілікті артпай, еңбек етудің қолайлы және қауіпсіз
жағдайларын туғызу.
Біз экологиялық қауіпсіздік және қоршаған
ортаны қорғау мәселелеріне ерекше ден қоямыз.
Соңғы жылдар ішінде осы бағытта көптеген жұмы-
стар қолға алынды, маңызды экологиялық жобалар
жүзеге асуда. 2011 жылдан бастап биологиялық
тазарту әдісімен мұнай ластаған жерлерді жыл сай-
ын 20 га көлемінде тазартып келдік. Өкінішке орай,
қазіргі дағдарысқа байланысты, бұрыннан келе
жатқан ластанған жерлерді тазарту жобасын тоқта-
тып, кейінге қалдырып отырмыз. Десек те, қандай
жағдай болмасын, «дағдарыс келді екен» деп Стра-
тегиямызды өзгерту - ойымызда жоқ және қиын
уақыттары да оны жүзеге асыруға дайынбыз. Біз
өз қағидаларымызға адал болып қала бермекпіз.
Біз, жоғары басшылық, Декларацияның әр тарауын
ұстана отырып, барлық деңгейдегі басшылар мен
топ-менеджерлерден осыны талап ететін боламыз.
Өзара құрмет пен сенім білдіру, әділ шешім шыға-
ру, ашықтықты негізге ала отырып жұмыс жүргізу
және үлкен жауапкершілікпен нақты нәтижеге жету
жолында табанды еңбек ету. Біз өзіміздің жоғары
құндылықтарымыз бен қағидаларымыздың орын-
далуын қамтамасыз етеміз және оны бұзушыларға
төзе алмайтындығымызды білдіреміз.
Біз үшін кадрлық және әлеуметтік страте-
гия – ең бір маңызды орында тұр. «Жаңа толқын»
бағдарламасы бойынша кадрлық резервті қалып-
тастыру, «Жас маман» бағдарламасы бойынша жас
мамандарды жұмыспен қамту, ішкі коммуникация-
ларды күшейту, персоналды жұмысқа таңдау және
қабылдаудың ашық жүйесін орнату, қолайлы еңбек
жағдайларын туғызу, басқару дағдыларын дамыту,
кәсіподақпен бірге әлеуметтік серіктестікте жұмыс
істеу, корпоративті құндылықтар жүйесін дамыту
– осы бағыттардың барлығы да біз үшін ең жоғары
орындарда тұр.
«Мерейлі мекен» жобасын ақыры аяғына
дейін жеткізіп, толықтай жүзеге асырамыз деген
үміттеміз. «Каспий» ӘКК және мердігер арасында
туындаған даулы мәселелер салдарынан екі ара-
дағы келісім-шарт күшін жойып, аталмыш жобаны
жүзеге асыру мерзімі кейінге шегеріліп отыр. Қазір
жаңа мердігерлерді іздеу жұмыстары жүруде. Бар-
лық міндеттерді мойнына алатын сол мердігер
компания «Аққу» шағын ауданындағы құрылыс жұ-
мыстарын жуық арада аяқтайды деп үміттенеміз.
Біздің ұстаным айқын – осы жобаны аяқтап, нақты
нәтижелерге қол жеткізу.
Құрметті мұнайшылар! Қадірлі әріптестер!
Түрлі болжамдарға қарамастан, 2015 жыл
біз үшін өте өнімді әрі нәтижелі болды. Әрине
басқа да кәсіпорындар сияқты биыл «Қаражан-
басмұнай» компаниясы да әлемдік дағдарыстың
салқын лебін сезінді. Жаңа мұнай ұңғымаларын
бұрғылау көлемі өткен жылдың дәл осындай
мерзімімен салыстырғанда 38 % - ға қысқарды,
2015 жылы жоспарланған 210 ұңғыманың орнына
жыл аяғына дейін тек 112 –сі ғана бұрғыланады.
Келер жылы бұл көлем екі еседен де көп азайып,
бар болғаны 50 жаңа ұңғыманы құрайтын бола-
ды. Биыл ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша
жұмыстар көлемі едәуір қысқарды. Нәтижесінде,
осы жылдың аяғына таман біздің мердігер меке-
мелер – «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС және «ТК
және ҰҚКБ» ЖШС мекемелерін жер асты және
күрделі жөндеу жұмыстарының көлемімен қамту
мәселесінде қиындықтар туды. Бригадаларға
бөлініп берілетін жұмыс көлемі жеткіліксіз болды.
Сондықтан бұл тығырықтан шығудың жолын ізде-
стірдік. «ТМС» ЖШС – нің жұмыс көлемі жетпей
қалған қызметкерлеріне «ҚБМ» АҚ - на ауысуға
ұсыныс жасадық. Сол сәтте бұл бастамамызға
қолдау білдірген және түсіністік танытқан әріпте-
стерімізге алғысымыз зор.
«Қара алтын» бағасының төмендеуі салда-
рынан біз 30 млрд. теңге көлемінде шығынға ұшы-
радық. Бұл сөзсіз компанияның қаржылық-шару-
ашылық қызметіне теріс ықпалын тигізді. Бүгінде
Компания тиімді әрі оңтайлы басқару жүйесін ұста-
на отырып, бизнес процесстерді оңтайландыру әрі
қаржыны үнемдеу арқылы ел экономикасында орын
алып отырған осы бір қиын, келеңсіз жағдайға қарсы
тұруға, бар күшін жұмылдыруға әрекет етіп бағуда.
Бір қызығы, тіпті осындай ауыр дағдары-
стың өзінде де оңтайлы тұстарды, қолайлы мүм-
кіндіктерді көруге болады. Мәселен, жыл басынан
бері ұлттық валюта бағамының жоғарылап, мұнай
бағасының төмендеуі нәтижесінде «Қаражан-
басмұнай» АҚ – дағы шығынсыздық көрсеткіші
барреліне 75 доллардан 60 долларға дейін түсті.
Біздің болжам бойынша, егер келер жылдың ба-
сында ұлттық валюта бағамы бір АҚШ долларына
шаққанда 330 теңге көлемінде сақталса, ал мұнай-
дың бір баррелі 40 доллар болса, экспортты-ке-
дендік салықтың төмендеуін ескере отырып, біздің
шығынсыздық көрсеткішіміз бір баррельге сол 40
доллар деңгейінде сақталатын болады. Яғни бұл
- мұнай нарығында бір баррельдің құны 40 - 50
доллар аралығында сақталатын болса, 2016 жылы
біздің компания өзінің қаржылық тұрақтылығын
толықтай қамтамасыз ете алады деген сөз және
бұл жағдай «ҚБМ» АҚ - да, сонымен бірге басқа да
біздің еншілес және сервисті компанияларда бар-
лық жұмыс орындары мен әлеуметтік кепілдіктерді
толықтай сақтауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің бізге артып отырған үміт-
тері біздің позициямен сәйкес келеді деп үмітте-
неміз және осы мәселелердің барлығы жуық ара-
да қол қойылатын жаңа ұжымдық келісім-шартта
көрініс табады.
Алдағы жыл әрқайсысымыз үшін сын сағатта-
ры көп, қиын – қыстау уақыт болады деп болжанып
отырғанына қарамастан, 2016 жылға артар үмітіміз
мол. Алдымыздан дамудың даңғыл жолы ашылып,
өркендеудің жарқын кезеңдеріне аяқ басатынымы-
зға кәміл сенеміз. Дағдарыс бізге барлық күш-жі-
герімізді жұмылдыруға мүмкіндік береді.
«Дағдарыс – жаңа мүмкіндіктерге жол аша-
ды» деп тегін айтылмаса керек. Бірақ біздің ойы-
мызша, ең алдымен дағдарыс – осындай кезеңде
қиындықтарға төтеп беру үшін «бір жеңнен қол,
бір жағадан бас» шығарып, бір мақсатқа жұмы-
ла білуге мүмкіндік береді. Дәл қазір бұрынғыдан
да мықты ауызбіршілік танытып, бір - бірімізге
түсіністікпен қарап, демеу бола білетін уақыт. Тек
сонда ғана барлық қиындықтарды жеңе аламыз!
Осы кезеңдерде барлық кедергілерді жеңіп
қана қоймай, аймақтың ең ірі мұнай-газ компани-
ясы деген мәртебемізді де сақтап қалуға міндет-
тіміз. Бұрғылау, ұңғымаларды күрделі және жер
асты жөндеу жұмыстары көлемдерінің қысқарға-
нына қарамастан, біз өзіміздің өндірістік әлеу-
етімізді сақтап қалуды жоспарлап отырмыз. Ке-
лер жылға алдымызда – мұнай өндіру көлемін 2
млн. 140 мың тоннаға дейін жеткізу межелі міндеті
тұр. Біздің бірлігі мығым ұжымымыздың күшімен
жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мұнай өндіру
көлеміндегі жаңа белестерді бағындырып, қандай
міндеттер болмасын, бірлесіп шеше алатынымы-
зға сенімдіміз. Өйткені компаниямыздың барлық
өндірістік жетістіктері Қазақстанның экономика-
лық және әлеуметтік тұрақтылығына қомақты үлес
қосса, біздің мақсатты әлеуметтік бағдарламала-
рымыз Маңғыстау өлкесінің өркендеуінде елеулі
маңызға ие.
Егеменді Қазақстанды өркендететін, ел та-
бысын еселейтін бірден бір жол – ерен еңбек, адал
табыс, тұрақтылық, өзімізге және болашағымызға
деген мықты сенім. Осы жылдар аралығында қол
жеткізген барлық жетістіктеріміз – жаңа жеңістерге
жол ашсын! Ал келер жыл еліміздің ырыс-несібесін
молайтып, бірлігімізді нығайтсын! Өмірдің жаңа бе-
лестеріне нық сеніммен аяқ баса отырып, биік бе-
лестер мен жаңа табыстарға ұмтылатын боламыз.
Келе жатқан жаңа 2016 жыл құтты болсын!
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
3
Өндіріс жөніндегі Вице-президент Қалбай Ізмұханов
Өндіріс жөніндегі Вице-президент Ма Хуэ
Құрметті біздің әріптестер!
Сіздерді шын жүректен келе жатқан 2016 жаңа жылмен құттықтаймыз!
Осы жыл – қазіргі шақ пен келер шақтың іргетасын өзіміз қалайтындығы-
мызды және бәрі де біздің өмірлік ұстанымдарымызға байланысты екендігін
айқын көрсетіп берді. Өндірістік көрсеткіштер бойынша 2015 жыл аса табысты
болды, біз белгілеген жоспарларымызды орындап, жоғары көрсеткіштерге қол
жеткіздік.
Жаңа жыл барлықтарыңызға жақсылығын ала келсін! Сіздерге бақытты
ғұмыр, мықты денсаулық пен толағай табыстар, құт-береке, молшылық тілей-
міз. Ел-жұртымыз, отбасымыз аман болып, өркендей берсін. Жаңа жыл қар-
саңында сіздерге шалқар шабыт пен жарқын көңіл – күй тілейміз! Жаңа жыл
– игіліктердің бастауы болсын! Жаңа жылда жетер жетістіктеріңіз көп болсын!
Жаңа жылдарыңызбен!
Жаңа жыл қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша өткен жылдың қо-
рытындыларын шығарып, болашаққа жоспар құрамыз. Биылғы жыл біз үшін
оңай жыл болған жоқ. Әлемде орын алған дағдарыс, мұнай бағасының ар-
зандауы, ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы бізге біраз салмақ салды.
Осы кезеңде ірі өндірістік жобаларды қаржыландыру бойынша күрделі қаржы
салымдарының көлемін азайтуға, өндірістік бағдарламадағы кейбір жоспар-
ланған жұмыстарды кейінге қалдыра тұруға тура келді.
Жаңа мұнай ұңғымаларын бұрғылау көлемі өткен жылдың дәл осындай
мерзімімен салыстырғанда 38 % - ға қысқарды (2014 жылы - 179 ұңғыма, 2015
жылы 112 ұңғыма бұрғыланды). Егер статистикаға жүгінер болсақ, 2015 жылы
жоспарланған 210 ұңғыманың орнына жыл аяғына дейін тек 112 –сі ғана бұрғы-
ланады. Келер жылы бұл көлем екі еседен де көп азайып, бар болғаны 50 жаңа
ұңғыманы құрайтын болады.
Биыл ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемі едәуір
қысқарды – 310 жөндеу жұмыстарының орнына біз тек 20 жұмысты іске асыр-
дық. Және 2016 жылға тек 59 күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Бұған «қара алтын» бағасының төмендеуі мен біздің өндірістік шығындарды
оңтайландыруымыз себеп болып отыр.
Дағдарыс жағдайында біз операциялық шығындарды азайту, өндіріс
тиімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдаудамыз. Биыл біз жаңа ұңғы-
малардан мұнай өндіру көлемін арттыруға қол жеткіздік. Жаңа ұңғымалардан
өндірілетін мұнай 75 мың тонна көлемінде болады деп болжанып отыр, ал бұл
жоспарланған көрсеткіштен 25 мың тоннаға артық.
Бу айдау тиімділігін арттыру мақсатында стационарлы бу айдау қонды-
рғыларының үшеуі стационарлы бу құбырына қосылып, коллектордағы қысым
деңгейі көтерілді. Бұл өз кезегінде әсіресе жазғы уақытта еділ суын жеткізуге
шектеу қойылған кезде жақсы көмектесті.
Бу мен су айдауды реттеу бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. Бу айдау
ұңғымаларын кезек кезекпен тоқтату арқылы ұңғыға буды кезеңмен айдау про-
цессі жүруде. Жыл басынан бері 1568 ұңғы жұмысының режимін оңтайландыру
жұмыстары өткізілді, дегенмен қосымша өнім өндіру көлемі 7125 тоннаны құра-
ды. Ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңі 303 тәуліктен 351 тәулікке дейін ұлғай-
тылды. Осыған байланысты, жыл аяғына дейін өткен 2014 жылмен салыстырған-
да жер асты жөндеу жұмыстарының саны 400-ге кемиді деп болжанып отыр.
2015 жылды біз – 2 млн. 138 мың тонна мұнай өндіру көрсеткішімен аяқта-
уды жоспарлап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда бұл – 7 мың тоннаға
артық. Келер жылға алдымызда – дағдарыс жағдайында өндіру деңгейін сақтай
отырып, 2 млн. 140 мың тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр.
Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары мен ұңғымаларды күрделі жөндеу
көлемінің төмендеуі - орта мерзімдік келешекте алдағы жылы мұнай өнімінің аза-
юына әкеліп соғады және 2016 жылы өнім көлемінің көрсеткіші мүлдем өспеуі де
мүмкін. Тұрақты нәтижелерге қол жеткізіп, жылдан жылға мұнай өндіру көлемін
50 мың тоннаға арттырып келген біздің компания үшін бұл әрине жайсыз, ауыр
жағдай. Қазіргі уақытта Компания тиімді басқару жүйесі, бизнес процесстерді
оңтайландыру арқылы әрі қаржыны үнемдеудің көмегімен экономикада орын
алып отырған осы бір қиын жағдайдан шығуға әрекет етуде.
Мұнай өнеркәсібінің инновациялық дамуына қазіргі таңда ерекше мән
беріліп отырғандығын ескере отырып, алдағы уақытта да біз жаңа технологи-
ялар мен әдістерді енгізу мәселесіне айрықша көңіл бөлмекпіз. Қаражанбас
мұнайының қою болуы және осыған байланысты біздің мұнайдың өзіндік құны-
ның жоғары болу мәселесін шешу үшін көптеген жолдарды қарастырып, іздеу-
деміз. Сондықтан инновациялық әдістерге де жүгінуге тура келіп отыр. Биыл кен
орнында бірқатар жаңа техникалар мен технологиялар тәжірибелік-өндірістік
сынақтардан өтті. Штангылы терең сораптардың рейкалық жетектерін және тер-
белмелі қондырғыларды басқарудың интеллектуалды сансыларын енгізу, ав-
токөліктерге GPS мониторинг орнату, чандағы бұрандалы сораптарды орнату
сияқты жобалардың сәтті жүзеге асқанын атап кетуге болады. Мұнай өнімділігін
арттыру мақсатында мұнай қабатына сутекті - термогазхимиялық әсер ету, су-
тек тотығы (Пента) негізінде бу шығару бойынша қондырғыны қолдану, қабат
қысымын ұстау үшін айдалатын суды қыздыратын электр қыздыру қондырғысын
қолдану сияқты технологиялар сынақтан өтті. Қазіргі таңда «IREX» қабатқа бак-
терияларды айдау технологиясы және бу айдау ұңғымаларына азотты айдау тех-
нологиясы сынақтан өтуде. Сәтті жүзеге асқан технологиялармен қатар, сынақ
кезінде теріс нәтиже көрсеткен технологиялар да бар. Мысалы сутек тотығы
негізінде бу шығару қондырғысын қолдану сәтсіз аяқталды. Бұл қондырғыны
қолдану - ұңғымалардағы сорапты-компрессорлық құбырлардың істен шығуына
әкеп соқты. Заманауи технологияларды іздеу кезінде әсіресе мұнай өнімділігін
арттыру бағытында осындай теріс нәтижелерге де кезігуіміз мүмкін, бірақ тәу-
келге баруға тура келеді.
2016 жылы біз жаңа техника мен технологияларды іздеуді әрі енгізуді
жалғастыратын боламыз. Біз суды шектеу бойынша және айдау ұңғыларының
қабат қабылдау қабілеттілігін теңдестіру бойынша тиімді технологияларды із-
деуміз керек. Дағдарыс кезінде сынақ учаскесінде полимерлік суландыруды
сынақтан өткізу,өндірісті кешенді автоматтандыру жобасын кезең кезеңмен жү-
зеге асыру жобасы тоқтатылды. Мұнай бағасы көтерілген кезде бұл жұмыстарды
жалғастыратын боламыз. Бүгінгі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін тотығуға тө-
теп беретін сорапты-компрессорлық құбырларды (НКТ) қолдану - олардың жөн-
деу аралық мерзімін ұзартуға және істен шықпауына ықпал етіп, осы мәселені
кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Ұңғымалардың істен шығу себептерінің
67 % - ы сорапты-компрессорлық құбырлардың істен шығуымен байланысты.
Компания дамуының басты стратегиялық бағыттарының бірі – рұқсат етіл-
ген тереңдіктен төмен 6000 метр тереңдікке дейін мұнай құрылымдарына гео-
физикалық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы мұнай ресурсын арттыру болып
табылады. Осы мақсатта біздер жаңа микролептонды «Geovision» технологиясы
бойынша ғарыш арқылы зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижесі бойынша,
контрактілі және соған жақын аумақтарда 4 км –ден бастап 5 км-ге дейінгі те-
реңдіктен келешегі зор, мұнай құрылымдары анықталды. Қазіргі таңда геологи-
ялық барлау жұмыстарын жүргізу құқығын алу үшін ҚР Энергетика Министрлігі-
не өтінім бердік.
4
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
Құрметті әріптестер! Қымбатты мұнайшы-
лар!
Келе жатқан 2016 жылға байланысты
шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Өтіп бара жатқан жыл Компанияның даму
жолындағы кезекті елеулі кезең болды. 2015 жыл
бірталай жеңістер мен жетістіктер әкелді. Жаңа
жылдың әрқашанда жаңа мүмкіндіктер ашаты-
нын біз барлығымыз білеміз. Бұл жаңа, шамда-
нушылық жоспарды іске асыратын, қателіктерді
түзететін, кәсіби тұрғыдан өсетін,жаңа дағдылар
алатын уақыт.
Осы мерекенің қарсаңында барша әріпте-
стерге аңсаған армандарыңыздың орындалуын,
үйлеріңізге жылулық, татулық пен жайлылық,
ал жүректеріңізге сүйіспеншілік пен мейірімділік
тілейміз. Әр қайсымыз мықты да төзімді болай-
ық, себебі біз тек сонда ғана барлық тағдырдың
бізге деген сынақтарына қарсы тұрып, өз елімізді
аман-есен етіп, көркейте аламыз. Жаңа жылды
қарсы ала отырып, біз әрқашанда тек жақсылықтар
мен табыстарға сенеміз, жаңа жетістіктер күтеміз.
Өткен жылға қарап, біздің Компнияның ка-
дрлық-әлеуметтік өміріндегі істелген негізгі іс-ша-
раларды еске алғымыз келеді.
Жеке тұлғаға деген сыйластық, әділдік пен
ашықтық – осы жұмыстардың бағытындағы ең
өзекті негізгі қағида.
Мұнайдың дүниежүзілік бағасының елеулі
төмендеуіне байланысты экономикалық ахуалдың
күрделілігіне қарамастан, біз табыскерліктің әлеу-
меттік жауапкершілігін сезіне отырып, өз уәдемізді
берік орындадық – 2015 жылы біз жұмысшылары-
мыздың жұмыс орындарын және еңбекақыларын
сақтап қалдық.
Біздің қызметкерлеріміздің әрі қарайғы
дамуы мен мансабының жоғарылауын қамтама-
сыз ету мақсатында 2015 жылдың тамыз айында
«Жаңа толқын» кадрлық қор бағдарламасы іске
қосылды. Бастапқыда осы жылдың аяғына дейін
Компанияның кадрлық қор тізімін бекіту жоспар-
ланған еді, алайда қосымша түсінік жұмыстарын
жүргізу қажеттіліктеріне байланысты енгізу мерзімі
келер жылдың басына ығыстырылды.
Бүгінгі күнге, алдын ала жүргізілген іріктеу
нәтижесі бойынша 91 үміткер, нәтижесі бойынша
кадрлық қор тізімі бекітілетін, сауалнама мен әң-
гіме жүргізуге жіберілген. Келесі жыл бойына кадр-
лық қорды құрамына оқыту, тағылымдамадан өт-
кізу, сондай ақ өздігінен білім алу курстары кіретін
Дербес жоспарға сәйкес дайындау жүргізіледі.
«Жаңа толқын» бағдарламасының негізгі
мақсаты – пайда болған бос жұмыс орнын жедел
және дер кезінде, бірінші кезекте, дайындалған
кадрлық қор есебінен жабу.
Сондай ақ, 2015 жылдың шілде айында Ком-
панияда тағы бір уәждемелік жоба –жас мамандар-
ды тарту «Жас маман» бағдарламасы іске қосыл-
ды.
Біз алдын ала еліміздің алдыңғы қатарлы
ЖОО-нан соңғы 3 жылдағы үлгерімі жоғары (GPA
3,33 кем емес немесе 85%) түлектерінің тізімін
сұратқанбыз. Іріктеуге ЖОО-ның 81 жас түлектері
қатысып, оның 22 жас маманы іріктеліп қабылдан-
ды. Олармен еңбек қарым-қатынасы аутсорсингтік
компаниялар арқылы жасалуда.
Қабылданған жас мамандар құрамында –
Компания штаттан тыс, келешекке деп, кәсіпшілік
геологиясы мамандарын дайындау мақсатында
жұмысқа алған16 техник-геолог бар. Қалған жас
мамандарды біз бос жұмыс орны пайда болған кез-
дерге, негізгі қызметкердің ұзақ мерзім бойы жұмы-
ста болмауына (декреттік демалыс, ұзақ мерзімді
оқу) байланысты қабылдаймыз. Бұл бағдарлама
бойынша жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.
Тәлімгерлік бағдарламасына жеке тоқталғы-
мыз келеді. Бұл да 2015 жылы бекітілген. Бүгінгі
күні Компанияның тәжірибелі жұмысшыларының
қатарынан алынған тәлімгерлер жоғарыда аталған
16 жас техник-геологтарға бекітілген. Сонымен бір-
ге, туындаған сұрақтарға байланысты, біздің қыз-
меткерлерге жағымдылығын арттыру мақсатында,
бұл бағдарлама қайта қаралып, оңтайландырыла-
ды.
Бұдан басқа, осы жылдың аяғында біз «Тұл-
парМұнайСервис» және «ТКБжҚҚК» ЖШС-рін
ҰЖЖ мен ҰКЖ бойынша жұмыс көлемімен қамта-
масыз етудегі күрделі мәселелерге тап болдық.
Бригадалар арасындағы жұмыс көлемінің жетіспе-
ушілігінен, осы жағдайдан шығудың жолы ретінде,
біз «ТМС» ЖШС-гі жұмысшыларының бір бөлігіне
«КБМ» АҚ-на ауысуды ұсындық. Ауысу 50 шақты
адамды шамалайды, оның ішіндегі 20 позицияға
БжҰЖКЖ бөлімінің ҰЖКЖ инженерлері. Аталған
ҰЖКЖ инженерлері лауазымына 108 өтінім беріл-
ген, бірақ олардың бір қатары біліктілік талаптары-
на сай болмады, бір қатары әңгімелесуге келмеді,
нәтижесінде 73 үміткермен әңгімелесу өткізілді.
Алайда, Комиссияның шешімі әділ емес деп,
кейіннен келіп түскен арыздарға байланысты біз
әңгімелесудің бейнежазуын қайта қарап, осы үміт-
керлер арасында қосымша тестілеу жүргізу туралы
шешім қабылдадық. Үзілді-кесілді шешім тестілеу
нәтижесіне байланысты қабылданады, қажет
болған жағдайда, қосымша әңгімелесу жүргізіледі.
Сондай-ақ, 2015 жылдың басынан «ТКБ-
жҚҚК» ЖШС-нің 80 жұмысшысы аутсорсингтік
шартпен «КБМ» АҚ-ның цехтарында жұмыс жа-
сағанын атап өткіміз келеді. Осы факторды есеп-
ке ала отырып, үстіміздегі жылы Компания бас-
шылығымен осы жұмысшыларға еңбек өтілін
сақтай отырып, зияндылыққа қарсы бөлігін сақтап
және т.б. «КБМ» АҚ-на ауысу ұсынылған. Бүгінгі
таңға «ТКБжҚҚК» ЖШС-нен «КБМ» АҚ-на 54 адам
ауысты.
Сонымен қатар, Компания жұмысшыла-
рынан біліктілік разрядын тағайындау бойын-
ша аттестация қашан өткізілетініне байланысты
сұрақтар жиі түсуде.
Сондықтан, қазіргі кезде Компанияда штат-
тағы жұмысшы мамандықтарының разряд бой-
ынша санын анықтау жұмыстарының жүргізіліп
жатқанын және ол еңбекті мөлшерлеу нәтиже-
сімен жасалуы тиіс екендігін түсіндіргіміз келеді.
Бұрында, разрядтарды тағайындағанда, жұмыс-
шы мамандықтарының Бірыңғай тарифті-біліктілік
анықтамалығымен (БТБА) айқындалатын негізгі
фактор - жұмыс күрделілігі есепке алынбаған.
Анықтамалыққа сәйкес, жұмысшы өз раз-
рядының мамандық талабына жауап беретін ғана
күрделі жұмысты орындауы тиіс. Ал бізде, разряд-
ты тағайындау жұмысшының тек біліктілігі негізін-
де және теориялық біліміне қарай, бөлімшенің
орындайтын жұмысының күрделілігінің қажеттілігі
есепке алынбай жүргізілген.
Қазіргі кезеңде біз еңбекті мөлшерлеуді
жүргізетін техникалық тапсырманы анықтаудамыз.
Келешекте, оның қорытындысын шығарғаннан
кейін және штаттағы жұмысшы мамандықтарының
разряд бойынша нақты санын анықтаған соң, раз-
рядтар бойынша бос орындар болған жағдайда,
біліктілік разрядын тағайындау бойынша аттеста-
ция өткізудің қажеттілігі туралы шешім қабылдай-
мыз.
«ҚазМұнайГаз» АҚ-мы да жұмысшы маман-
дықтары бойынша еңбекті мөлшерлеу жұмыста-
рын жүргізіп жатқанын жұмысшылардың қаперіне
береміз. 2015 жылы көлік саласы жұмыскерлерінің
еңбегін мөлшерлеу жұмыстары жүргізілген. 2016
жылы бұрғылау мен ҰЖКЖ жұмысшы маман-
дықтары бойынша еңбекті мөлшерлеу жұмыста-
рын жүргізуді жоспарлауда.
Осымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК-да «Бар-
лау, мұнай мен газды өндіру» бағыты бойын-
ша қажетті жұмысшы мамандарының разрядын
анықтайтын Әдіс-тәсілдер мен Нұсқаулар қарай-
тын ЕБҰ еңбегін ұйымдастырушы мамандардан
тұратын жұмыс тобы құрылған. Аталмыш топқа
біздің Компанияның да өкілі қатысуда. Осы құ-
жаттардың бекітілу нәтижесі бойынша, олар біздің
Компанияның жұмысына да енгізіледі.
Әлеуметтік міндеттердің орындалысына
жеке тоқталамыз.
Кейбір басқа ұйымдарға қарағанда біздің
Компания өзінің әлеуметтік міндеттері мен Ұжым-
дық шарттағы кепілдіктерін толық көлемде сақтап,
оның орындалысын қамтамасыз етті. Сонымен бір-
ге, жылдың басында Ұжымдық шарттың Қосымша
келісіміне сәйкес кейбір әлеуметтік төлемдердің
сомасы көбейтілді.
Соның ішінде:
Жұмысшы балаларының 600 астамы жазғы
балалар-сауықтыру лагерлеріне және мәдени-та-
нымдық сапарға Астана қаласына жолданды. 76 жұ-
мысшы мен зейнеткерлер Компания есебінен шипа-
Құқықтық және кадрлық мәселелер бойынша Вице-президент Руслан Макашев
Аппарат басшысы Тарас Хитуов
5
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
жай –емделу орталықтарына жолдамалар алды.
Өкінішке орай, олқылықсыз болмады. Со-
ның ішінде, балаларды Ресейдің Железноводск
қаласындағы «Қазақстан Геологы» лагеріне жол-
дағанда, оның Атыраудағы су тасқынының кесірі-
нен осы қаладан келген көп балалардың санымен
мөлшерден тыс толып кеткенін көрдік.
Осыған орай, 2016 жылы өте жоғары сапа-
лы демалысты, қауіпсіздік кепілдігін, жайлылықты,
дұрыс тамақтану мен бос уақытты тиімді жоспар-
лауды қамтамасыз ету мақсатында, шипажайлар
мен балалар лагерлеріне жолдау бағдарламалары
мен бағыттары бойынша егжей-тегжейлі дайында-
луды жоспарлап отырмыз.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
мен дамытуға ықпал ете отырып, Компания жұ-
мысшыларын спорт залмен, жүзу бассейнімен,
шағын-футболдың ойын алаңдарымен қамтама-
сыз етеді. Сонымен бірге, 2015 жылы кен орнын-
да ҚБМ-Топтары жұмысшыларының арасында әр
спорт түрлерінен бірнеше спорттық жарыстар өт-
кізілді.
111 млн.теңгеге жуық қаражат материалдық
көмек көрсетуге жұмсалған: дәрі-дәрмек шығын-
дарын өтеуге, тұрмыс құрғанға, балалы болғанға,
жұмыскер мерейлі жасқа толғанда, бала-бақша
шығындарын өтеуге және т.б.
Жұмысшылардың және олардың балалары-
ның оқу ақысын төлеуге қатысты: 70 жұмысшының
оқу ақысын төлеуге 12,3 млн.теңге, жұмысшылар-
дың 225 баласының оқу ақысын төлеуге 52,9 млн.
теңге жұмсалған. Жұмысшылардың 63 баласына
11,9 млн.теңге мөлшерінде стипендия төлеу ұй-
ымдастырылған. Сондай-ақ, осы жылы Компани-
ядағы оқыту жүйесінің оңтайландырылғанын атап
өту керек, соның ішінде жаңа оқыту Саясаты мен
персоналды оқыту Тәртібі қабылданды. Бұл құжат-
тарда оқу процестерін түсінікті және ашық етіп көр-
сетуге тырысамыз.
Жалпы алғанда, Ұжымдық шартқа сай әле-
уметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерге 2015 жылы 1
млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Бүгінгі таңда, Кәсіподақпен келесі кезеңге
жаңа Ұжымдық шарт бекіту туралы келіссөздер
жүргізілуде.
Кен орнында ыңғайлы жұмыс жағдайларын
тудыру – біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Осы-
ның шеңберінде, 2015 жылы жаңа «Керемет» атты
асхана ашылды, «Дастархан» асханасында күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Береке» асханасы-
ның жөндеу жұмыстары аяқталуда. №2 жатақхана-
ның 9-10 кіре берістерінде күрделі жөндеу жұмы-
стары аяқталуда, сондай-ақ №1 жатақхананың 8
кіре берісінде жөндеу жұмыстары жүруде. №1 мен
№2 жатақханалардың шатырларының құрылысы
толықтай аяқталды. 2016 жылы №1 жатақхананың
қалған 4 кіре берісінің жөндеу жұмыстарын жүргізу
жоспарлануда. Қаржылық-экономикалық кедер-
гілерге қарамастан, біз өз мұнайшыларымыздың
жағдайларын жақсарту бағытындағы жұмыстары-
мызды жалғастыратын боламыз.
«ТМС» ЖШС лагерінде футбол алаңының
құрылысы басталды. 2016 жылдың жоспарларын-
да вахталық поселкеде футбол мен баскетбол
алаңдарын жөндеу жоспарланған.
Компания бұрынғысынша мұқтаж жандар-
ды, әлеуметтік жүйе нысандарын, білім мен денса-
улық сақтау салаларын дамытуға, облыс ауданда-
рының әлеуметтік мәселелерін шешуге және т.б.
қолдауға бағытталған қайырымдылық істерге аса
зор мән береді. Өкінішке орай, дағдарыс жағдай-
ында, үстіміздегі жылы осы мақсатты шығындар 20
млн.теңгеге дейін қысқартылды.
Ішкі байланысты ұйымдастыру – Компани-
яның табысты істерінің негізгі факторы болып та-
былады. Ішкі байланыс жүйесін жақсарту аясында
2015 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:
Әр деңгейдегі Компания басшылары мен
еңбек ұжымының, кәсіподақтың тұрақты кездесу-
лерін назарда ұстап отыратын ішкі байланыстар-
дың Жоспар-кестесі жұмысқа енгізілді.
www.kbm.kz корпоративті сайты қосылды,
Facebook желісінде парақша ашылды, «Қаражан-
бас» корпоративтік газеті жаңартылды, «СМС-ха-
барламалар» жобасы іске қосылды. Сонымен
бірге, біз өз жұмысшыларымыздан аталған ресур-
старды жетілдіру мақсатындағы ұсыныстарын қа-
был алуға әрқашанда дайынбыз.
Ай сайын Компания басшылығы өз мерей-
жас иелерімен салтанатты түскі ас дастарханында
жиналады. Кен орнында 20-дан астам сайыстар,
фестивальдар және т.б. іс-щаралар өткізілді.
Жақын арадағы жоспарлар – кен орнындағы,
орталық офистегі монитор мен теледидар арна-
ларында Компания өміріндегі негізгі оқиғалар ту-
ралы бейне-роликтерді орналастыру жобасын іске
асыру. Сондай-ақ, Қаражанбас кен орнында ақпа-
раттық билбордтарды орналастыру жұмыстары
қарқынды жүруде.
Кетер жыл еңбек өтілі 20 жылдан астам
өз жұмысшыларын ұзақ жылғы еңбегі үшін Ком-
панияның корпоративтік медалімен марапаттаға-
нымен де есте қалды. Бұл іс-шара келешекте де
өз жалғасын табады. 100 астам адам ҚР-ның энер-
гетика Министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның,
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның, «KazEnergy» Ассо-
циациясының, компанияның және т.б.органдардың
мемлекеттік наградаларымен, төс белгілерімен,
құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен
марапатталған – өз қызметкерлерімізді жеке бөліп
атап өткіміз келеді. Осы қызметкерлердің бар-
лығы дерлік біздің Компанияның мақтанышы және
қалғандарына үлгі.
Біздің қызметкерлерді «Мерейлі мекен» тұр-
мыстық бағдарламасының іске асуы туралы мәсе-
ле де толғандырады. Өкінішке орай, экономикалық
дағдарысқа байланысты «Каспий» ӘКК –сы тұрғын
үй салу жобасын тоқтатып тұр. Компания өз тара-
пынан үй алу үшін өлшемдер жобасын жасақтап,
оны ұсыныстарын беру үшін еңбек ұжымдарына
жолдады. Жобаның 2016 жылы жаңғыратындығы-
на сенеміз.
Дағдарысқа қарамастан Компания өзінің
әлеуметтік міндеттері мен кепілдіктерін толық
көлемде әрі қарай да орындай беретіндігіне біз
сенеміз.
Компаниядағы кадрлық-әлеуметтік жұмыс,
корпоративтік мәдениеттің моделін құру және
Кәсіподақпен бірлескен әлеуметтік серіктестік –
барлық осы бағыттар біздер үшін маңызды және
үнемі жетілдіріп тұруды талап етеді. Сондықтан да
біз қол жеткен жетістіктермен шектеліп қалмай-
мыз, осы бағыттағы жұмысты жақсарту үшін әрі
қарай да жұмыстанамыз.
Біз барлық әріптестерімізге, біздің болжал-
дарымыз орындалсын, Жаңа жыл ең батыл идея-
ларымызды іске асыру жолының, жақсылық пен
қуаныштың бастапқы есептеу нүктесі болсын де-
мекпіз!
Жаңа 2016 жылымызбен!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан жаңа жылыңызбен
құттықтаймыз!
Жаңа жылда жаңа жетістіктер мен толағай
табыстар және де үлкен сәттілік тілейміз. Сіздер-
ге және сіздердің жақындарыңызға бақыт пен зор
денсаулық тілейміз!
Жаңа жылыңызбен!
2015 жылдағы компанияның қаржы-шару-
ашылық қызметін қорытындылай келе келесілерді
айтуға болады: болжалды таза шығын – 30 756 млн.
теңгені, күрделі қаржы бөлу – 12 173 млн. теңгені
құрайды. АҚШ долларының бағамын орта есеп-
пен - 350 теңге деп алсақ, 2 млн 140 мың тонна
көлемінде мұнай өндірілсе 2016 жылдағы табыс
пен шығын бойынша залалсыздық нүктесі баррелі-
не 42,80 АҚШ долларын, ал ақша ағыны бойынша
залалсыздық нүктесі барреліне 36,8 АҚШ долла-
рын құрайды. Ерекше атап өтетін жайт, еліміздің
үкіметі 1 тоннаға 60 АҚШ. доллары көлеміндегі
экспорттық баж салығы бойынша тиянақтылған
мөлшерлемені алып тастау бойынша шешім ка-
былдады және әлемдік нарықта қалыптасқан шикі
мұнайдың ортаайлық нарықтық бағасын негізге
ала отырып, шикі мұнайдың экспорттық баж са-
лығының мөлшерлемесін есептеу жүйесі қабыл-
данды.
2015 жылда SAP есеп жүйесін енгізу бой-
ынша жұмыстар атқарылды. Аталмыш жүйе жүй-
едегі деректерді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін
арттыруға және нақтырақ есеп жүргізуге мүмкіндік
береді, соның ішінде:
Экономикалық мәселелер жөніндегі Вице - президент Ерлан Тулеугожин
Экономикалық мәселелер жөніндегі Вице - президент Лю Цинго
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
6
Коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент Серік Нұрғожаев
Коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент Чэнь Хао
Құрметті әріптестер! Аса қадірлі мұнайшылар!
Міне, тағы бір жылды артқа тастап, келесі
жылға аяқ басқалы отырмыз. Бұл жыл біз үшін аса
ерекше, мәнді де мағыналы өтті деуге әбден бо-
лады. Көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, бола-
шақ жоспарларды құруға мүмкіндік алдық. Осынау
мереке қарсаңында шын жүректен жаңа жылда-
рыңызбен құттықтай отырып, Сізге және Сіздің
жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас
қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеу-
ге рұқсат етіңіз. Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек
қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! Шаңырақта-
рыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік
пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен жарқын
болашаққа деген сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз
бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастаула-
рыңыз сәтті нәтижелер берсін!
2015 жылдың қорытындысын шығара оты-
рып, коммерциялық блок атынан бұл жылдың аса
табысты әрі өнімді болғандығын нық сеніммен
айта аламыз. Бұған дейін басымдылық берілген
өндірісті сапалы тауарлармен, қызмет түрлерімен
және жұмыспен уақытында қамтамасыз ету бағы-
тындағы жұмыстар биыл да жалғасын тапты. 2015
жылғы сатып алу және алынған тауарлар мен
қызмет түрлерін тапсырыс берушілер белгілеген
уақытта жеткізу Жоспарын толықтай орындауға
бар күшімізді салдық. 2015 жылы қажетті матери-
алдарды уақытында алмау салдарынан өндірістік
процесстердің тоқтау жағдайлары кездескен жоқ.
Сатып алу Жоспарына сәйкес, тауарлар,
жұмыс, қызмет түрлерін 71 771 436 600 теңгеге
сатып алу жоспарланған еді. 69 749 443 444 теңге-
ге келісім-шарттарға қол қойылды, бұл сатып алу
Жоспарының 98,9 пайызға орындалғанын көрсе-
теді. Өткізілген сатып алулар кезінде Қоғам 1 227
595 769 теңге қаржыны үнемдеді.
Мұнай бағасының төмендеуі және соның
салдарынан орын алған экономикалық дағдарыс
жағдайында жеткізуші және мердігерлерге қосым-
ша жеңілдіктер беру бағытында жұмыс істелді.
Нәтижесінде, 2015 жылғы келісім-шарттар және
2015 жылғы ұзақмерзімді келісім-шарттар бойын-
ша берілген жеңілдіктер сома 199 185 000 теңгеден
асып түсті.
2015 жылы 2 092 769 000 тонна мұнай са-
тылады деп күтілсе, осы көлемнен 1 710 071 000
тонна экспортқа сатылса, 382 598 000 тоннасы ішкі
нарықта сатылды.
2015 жылы Қоғам кен орны аумағын осы
уақытқа дейін жиналып қалған металл сынықта-
рынан босату бойынша жүзеге асқан жұмыс нәти-
жесінде, 137 138 143,27 теңгеге 12 697 тонна ме-
талл сынықтарын сатты.
ҚР Үкіметінің саясатына сәйкес, сатып
алуды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы-
лар қазақстандық мазмұн туралы талаптарды
сақтауға міндетті. Қоғам Үкімет саясатын тоықтай
қолдайды және өткізілген салып алулар нәтижесін-
де алынған тауар, жұмыс және қызмет түрлерінің
көлемі бойынша жергілікті мазмұн үлесі 85,8% - ды
құрап, бұл өз кезегінде жоғары көрсеткіш болып
табылады.
Өкінішке орай, мұнай бағасының төменде-
уі және құбылмалы валюта бағамы коммерциялық
блок жұмысына да кері әсерін тигізді. Кейбір тауар-
лардың шетелде өндірілетінін және ұлттық валю-
та бағамының едәуір төмендеуін ескере отырып,
Қоғам жылжымалы бу генераторы қондырғыларын
(МПГУ) және CDB сораптарын сатып алуды жүзеге
асыра алмады. Осы себеппен 10 және 12 дюймдік
шыны талшықты құбырларды сатып алу бойынша
тендер жеңімпазы пайда түспейтіндігін алға тар-
тып, құбырларды жеткізуден бас тартты.
Әлемдік экономикалық дағдарыс салда-
рынан компанияда орын алған қиындықтарға қа-
рамастан, 2016 жылы Қоғам мұнай өндіру көлемін
арттыруды жоспарлап отыр, яғни қойылған мақ-
саттарға жету жолында коммерциялық блок жұмы-
сының да маңызы зор. 2016 жылға коммерциялық
блок өзіне жұмыс көрсеткішін арттыру, шығын-
дарды оңтайландыру және өнімнің өзіндік құнын
төмендету бойынша міндеттерді қойып отыр.
1. Қойма, салық, басқарушылық және бух-
галтерлік есепті автоматтандыруға;
2. Табыстар мен шығындарға егжей-егжейлі
талдау жасауға;
3. Қойма қорларымен жұмысты оңтайланды-
руға және нақты уақыт режиміндегі қорлар бойын-
ша толық әрі сенімді ақпарат беруге;
4. Қаржы, контроллинг, негізгі құрал жа-
бықтар компоненті мен қорларды басқару компо-
ненті арасын толық интеграциямен қамтамасыз
етуге;
5. Келешекте жоспарланған қажеттіліктерді
толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні SAP ERP жүйесін енгізу аяқтал-
ды. Тек корпоративті табыс салығы бойынша салық
тіркелімін жасау жұмыстары жылдың аяғына дей-
ін аяқталады деп күтуліде. Сонымен қатар, қазір-
гі таңда компанияда SAP BPC бағдарламасы не-
гізінде кешенді жоспарлау жүйесі енгізіліп жатыр.
Аталмыш бағдарлама компания бюджетін дайын-
дау процессін автоматтандыруға мүмкіндік береді,
сондай-ақ процестің де, бюджеттік деректердің де
айқындылығын және оларды басқаруды арттыруға
мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аталмыш бағдар-
лама бюджеттің орындалуы, болжалды есептің ав-
томаттандырылған құрылысы және ұзақ мерзімді
жоспарлау бойынша есептерді дайындау бойынша
салыстырмалы есеп құрылысының тиімділілігін
арттырады.
Салық салуға қатысты:
1. 2015 жыл ішінде бюджеттен 5 589 млн.
теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды.
2. 2014 жылы №258 кешенді салықтық тексе-
ру акті бойынша 4 484 млн. теңге көлемінде қосым-
ша салық, өсім және айыппұл салынды. Компания
жоғары тұрған салықтық орган Қазақстан Респу-
бликасы Қаржы министірлігінің Салық коммитетіне
(ҚР ҚМ СК) шағым түсірді. Сонымен бірге, Ведом-
ствоаралық комиссияда осы мәселені қарау нәти-
жесі бойынша 03.12.2015 ж. салық заңнамасына
өзгертулер енгізілген болатын. Бұл №258 тексеру
акті бойынша қосымша салынған салық сомасын
50%-ға дейн төмендете алады.
3. Сондай-ақ, 2013-2014 жж. аралығында ҚР
ҚМ СК Компанияда 2008-2012 жж. ішіндегі транс-
ферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тақы-
рыптық салықтық тексеру жүргізді. Осы тексеру
нэтижесі бойынша 12 264 млн. теңге көлемінде
қосымша салық, өсім және айыппұл салу туралы
№270 акті толтырылды. Компания жоғары тұрған
салықтық орган ҚР ҚМ СК, сосын сот инстанци-
яларына шағым түсірді. 14.12.2015 ж. кассация
алқасы Компанияның шағымы бойынша косымша
салынған салық сомасын 66%-ға төмендету туралы
қаулы шығарды. Компания екі акт бойынша калған
қосымша салық салынған сомасын қайтару бойын-
ша сотқа шағым түсіруді жалғастыруға ниетті.
4. 2015 жылы салықтарды оңтайландыру
және салықтық рискті төмендету бойынша бір қа-
тар жұмыс жүргізілді. Өндірістік амортизация бой-
ынша шығындарды түзетуге байланысты 2013-2014
жылдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру
салығына қайта есептеу жүргізілді, нәтижесінде
үнемділік 49,8 млн. теңгені құрады.
Қаржы ресурстарын басқаруға қатысты:
Компания салым бойынша 526 млн. теңге
сыйықы көлемінде табыс тапты, сондай-ақ, жыл-
дың соңына дейін тағы 20 млн. теңге түседі деп
күтілуде. Валюталық салым бойынша орташа мөл-
шерлеме 4%-ды, жедел теңге салымы мен овер-
найт бойынша орташа мөлшерлеме 10% және 15%-
ды сәйкесінше құрады.
2015 жыл ішінде Қаржы блогы келесі саясат-
тарды, тәртіптер мен ережелерді дайындады және
жаңартты:
1. Трансферттік баға белгілеу бойынша сая-
сат;
2. Салықтық есеп саясаты;
3. Тауарлық-материалдық қорларды, негізгі
құрал-жабдықтарды, бейматериалдық активтерді
және аяқталмаған күрделі құрылысты түгендеу
тәртібі;
4. Тауарлық-материалдық қорларды есепке
алу тәртібі;
5. Дивидендтік саясат туралы ереже;
6. Ақаулы тауарлық-материалдық құн-
дылықтарды рәсімдеу, есепке алу және есептен
шығару бойынша тәртіп.
2016 жылға жоспар:
1. 1-қаңтардан бастап SAP ERP жүйесі
толықтай көшу жоспарланып отыр. Ақпан айы-
ның аяғына дейн SAP BPC енгізу аяқталады деп
күтілуде.
2. 2016 жыл ішінде бюджеттен 7 млрд. тең-
геден кем емес қосылған құн салығын қайтару, со-
нымен қатар ренттік салық мөлшерлемесін төмен-
дету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарда бар.
3. 2016 жылы жетекші құжаттарды жандан-
дыру және бекіту жоспарлнып отыр.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
7
Құрметті әріптестер!
2015 жылмен қоштасатын уақыт та келді.
Бұл – ескі жылға ризалық, жаңа жылға тілек айта-
тын айрықша сәт! Биылғы жыл барлық мекемелер
үшін, соның ішінде «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС
үшін де оңайға тиген жоқ. Алайда, бірлігі жарасқан
ұжымымыздың арқасында ұңғыларды бұрғылау,
жер асты және күрделі жөндеу жұмыстары бойын-
ша Тапсырыс берушінің берген барлық тапсырма-
ларын жоғары деңгейде орындап келдік. Қарқынды
өндірістік даму жолынан тайған емеспіз. Өтіп бара
жатқан жылда мекемемізде бірде - бір келеңсіз не
жазатайым оқиғалар тіркелмеді. Бұл - өте үлкен
жетістік деп есептейміз. Экономикалық тұрақсыз-
дыққа қарамастан қызметкерлердің еңбек ақысын
төлеу және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз
ету тарапынан ешбір кідірістер болған емес.
2015 жылы Серіктестігіміз экономикалық
көрсеткіштерге байланысты ұлттық бизнес рейтинг
зерттеулерінің нәтижесінде «Сала көшбасшысы»
атағын иеленді, қызметкерлер аймақтық «Үздік
маман - 2015» сайысында үздік орындарды ие-
ленді. Сонымен бірге мекемемізде жаңа бастама
- «Кіші буын үздік жетекшісі» байқауы алғаш рет
ұйымдастырылып, шеберлердің басқарушылық
қабілетіне баға беруге ықпалын тигізді.
Компанияда орын алған барлық оңтайлы
жаңалықтар қызметкерлердің өз жұмысына де-
ген дұрыс көзқарасының, бірлігі мен адал ниетінің
арқасы екендігі сөзсіз. Алда жаңа 2016 жыл келе
жатыр, келер жыл өзінің жақсылығымен бірге қиын-
шылығын да ала келетіндігі сөзсіз. Қазіргі таңда
орын алып отырған дағдарыстан шығудың бірден
– бір жолы - бір жұдырықтай бірігіп еңбек ету, бар-
лық болып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарау
және компания саясатын қолдау деп есептеймін.
Баршаңызды жаңа 2016 жылыңызбен шын
жүректен құттықтаймын! Жаңа жылмен бірге ізгі
жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер Жаңа жыл
Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға
ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге
толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен
шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-бере-
ке, ашық аспан, елімізге тыныштық тілеймін!
Құрметті әріптестер!
2015 жылды шығарып салып, жаңа 2016
жылға аяқ басар сәтке де жақындап қалдық. Ке-
лесі өндірістік жылды бастар алдында, өтіп бара
жатқан жылда атқарылған келелі жұмыстарға
тоқтар болсақ, техника қауіпсіздігі, еңбек қорғау,
өндірістік қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, өрт
қауіпсіздігі бойынша ережелерді қатаң сақтап,
өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға ұжым болып
қызмет атқардық. Әріптестеріміз «Қаражанба-
смұнай» АҚ және «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС
мекемелеріне жүк және жолаушы тасымалы бой-
ынша уақытында және сапалы қызмет көрсету –
біздің басты мақсатымыз. Мұнай өндіру бойынша
белгіленген жоспардың орындалуына үлес қосу –
міндетіміз.
Әр адамның еңбек тәртібін және өндірістік
тәртіпті сақтап, жұмыс орнына, өзіне бекітілген
техникаға жауапкершілікпен қарауы – әрқайсымы-
здың өз мекемеміздің жалпы игілігіне деген қосқан
үлесіміз болады. Игілік, береке мен ырыс өздігінен
келмейді, ол үшін баршамыз еселі де қарқынды
еңбек етуге тиістіміз.
Серіктестікте әріптестеріміздің сұранысы
мен тапсырмаларын толық орындау, олардың
мұнай өндірудегі жоспарын орындау мақсатына
үлес қосу, кен орнында көліктер мен құрал-жаб-
дықтарды жанармаймен қамтамасыз ету, көліктер
мен техниканы тиімді пайдалану, оларға дер кезін-
де сапалы техникалық қызмет көрсету және жөн-
деу, жөндеуаралық мерзімді ұзарту, қосалқы бөл-
шек шығынын азайту жұмыстары жолға қойылған.
2015 жылы 45 бірлік жаңа көлік, 13 бірлік ар-
наулы техника алынды, олар да өз кезегінде көлік-
терді тиімді пайдалануда мекемеміздің өз міндет-
терін орындауына тиісінше үлесін қосатын болады.
Бүгінгі күні мекеме көліктеріне GPC құрал-
дары орнатылып, бақылау жұмыстары жүруде. Бұл
да өз кезегінде жол қозғалысы ережелері мен жыл-
дамдық режимін сақтауды жолға қоюға септігін ти-
гізуде. Жатақхана, асхана қазір жақсы жағдайда.
Жұмыскерлеріміз тұратын 8 подъезд толық жөнде-
уден өтіп, екеуінде қазір жөндеу жүріп жатыр. Бұл
үшін «ҚБМ» басшыларына, ұйымдастырушы аза-
маттарға ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Персонал арнаулы киіммен толық қамтылған.
Орын алған кемшіліктер бойынша жұмыстар
жүреді, себебі анықталып, болашақта алдын алу
шаралары қаралады. Жұмыскерлер мен Жұмыс
беруші арасында байланыс бар. Қазіргі экономи-
калық жағдайға байланысты шығынды азайту,
қаржыны барынша үнемдеу қолға алынған, нәти-
жесі де бар.
Біліктілігін арттыру мақсатында Серіктестік
жұмыскерлері әртүрлі арнайы курстарға жолданып
отырады. Атқарылатын жұмыстардың сапасын
арттыру, персоналдың біліктілік деңгейін көтеру,
еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басты назарда
ұстау - алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Ардақты ағайын, алда келе жатқан 2016
жыл құтты болсын! Әрбір шаңырақтың жаңа жыл-
дан күтер ізгі армандары орындалып, дастарха-
нымыздың берекесі арта берсін! Отанымыз аман
болып, игілікті жақсы істер молая берсін!
«ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті
Берқалиев Мұстахим
«ТұлпарМұнайСервис» ЖШС
Бірінші Вице-президенті Хэ Ябин
«ArgymakTransService» ЖШС
Президенті Шаттық Кульшиков
«ArgymakTransService» ЖШС
Бірінші Вице-президенті Чжао Цзинчжун
Құрметті әріптестер, достар!
«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету»
ЖШС атынан көбімізге ауыр сын болған өтіп бара жатқан жылдағы ынтымақта-
стығымыз үшін Сіздерге алғыс айтуға рұқсат етіңіз.
Ынтымақтастығымыз көп қиындықтардан өтуге және де қарым-қатына-
сымыздың баяндылығы мен беріктілігін сақтауға мүмкіндік берді.
Жаңа жылда болашақ жетістіктердің арта беруіне, кәсіпорындарыңызда
қаржылық тұрақтылық орнап, табыстан табысқа жете берулеріңізге шынайы
тілектестігімізді білдіреміз. Алда келе жатқан Жаңа жылда күш-қуаттарыңыз
сарқылмай, ойлаған жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіздің барлығы орын-
далсын!
Әр шаңырақта ырыс пен береке болсын! Жүректеріңіз әрдайым қуа-
нышқа сезіміне бөленіп, әр күндеріңіз сәтті кездесулер мен қуанышты оқиға-
ларға толы болсын. Жаңа жыл Сіздер үшін игі өзгерістер, тыныштық пен құт-бе-
реке жылы болсын.
Келе жатқан жаңа 2016 жыл құтты болсын!
«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет
көрсету» ЖШС Директоры
Эдуард Рахимов
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
8
ҚАРАЖАНБАС – МҰНАЙШЫ
БАЛАСЫНЫҢ КӨЗІМЕН
«АТС» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАНАР - ЖАҒАР МАЙМЕН ҚАМТУ
СТАНСЫСЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ-ТАКТИКАЛЫҚ
ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
28 қараша күні «Қаражанбасмұнай» АҚ Ашық есік күндерін өткізіп, оның
аясында өндірістік цех қызметкерлерінің балалары Қаражанбас кен орнында
болып, мұнай өндіру процессімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл күні 10-12 жас
аралығындағы 26 бала МӨЦ-2, МДАЦ және БӨЦ сияқты бөлімдерді аралап,
маңызды өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.
«Қаражанбасмұнай» компаниясы жыл сайын Ашық есік күнін өткізетін
және ішкі корпоративті мәдениетті арттыруға мән беретін бірден бір компания.
Жобаның мақсаты – мұнай саласында еңбек етіп жүрген ата-анасынан Қара-
жанбас туралы жиі естіп жүрген балаларды Маңғыстау аймағының ірі мұнай
компаниясымен таныстырып қана қоймай, адам еңбегінің өндірістегі маңызын
көрсету.
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері экскурсия кезінде компания
қызметі, мұнайдың ерекшелігі, өндірістік үдерістер, бөлімшелер мен олардың
міндеттері, компания қолдау көрсететін әлеуметтік бағдарламалар туралы әң-
гімелеп берді. Балалар тербелмелі қондырғылардың жұмысын көріп, мұнай
дайындаудың кезеңдеріне қанық болды. Өз ата-аналарының жұмыс жасайтын
жерлерін көру – балалар үшін тіпті қызық болды.
«Ата-анамыз өз жұмыстары туралы жиі айтып жатады. Олардың жұмы-
сы өте алыста екендігін және мұнай өндірумен байланысты екендігін білеміз.
Бірақ мұнайды қалай өндіреді? Сораптар мен тербелмелі қондырғылар не
үшін керек? Білмейтін сұрақтарымыз көп еді. Осының барлығын өз көзімізбен
көруге мүмкіндік алдық. Керемет екен!» - деді балалар.
«Қызметкерлеріміздің отбасы мүшелерімен белсенді түрде араласып
тұру, қарым-қатынас орнату корпоративті рухты көтереді, ал бұл өз кезегінде
ішкі коммуникацияларды нығайтады» - дейді жоба ұйымдастырушылары.
«Жобаның пайдасы зор. Балалар өз ата-анасының еңбегінің маңыз-
дылығын түсінеді,мақтаныш сезімі пайда болады. Ал біздің мұнайшылар отба-
сыларының қолдауын сезіне отырып, компанияның дамуына одан әрмен зор
үлесін қосады», - дейді коммуникация бөлімінің бастығы Гүлмира Рысжанова.
«Статистикаға сүйенсек, мамандық таңдауда отбасылық тәжірибе мен
қалыптасқан отбасылық дәстүрдің маңызы зор. Мұндай шаралар балалардың
өз келешектерін таңдау жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болса,біз қу-
анар едік. Өз өмірімізде «Қаражанбасмұнайдың» алар орны елеулі және өз
ұрпақтарымызға да тек жақсылық тілейміз ғой», - дейді МДАЦ басшысы Бек-
жан Ешекенова.
Ашық есік күні балалар Мәдени-демалыс үйін, кітапхананы, мұражай
мен спорт залын аралап, ұйымдастырылған шарадан ерекше әсер алды.
Каражанбас кен орнында 19 қарашада өрт сөндіру бөлімінің қызмет-
керлері ЖЖМҚ стансысында дизельді отыны бар ыдыстағы өртті сөндіру бой-
ынша өрт – тактикалық оқу жаттығуларын өткізді. Бұл жаттығулардың мақсаты
– стансыда орын алған өртті ауыздықтау үшін қатысушылардың өзара әрекет-
тестігін пысықтау болып табылады. Жасақталған жоспарға сәйкес, орын алған
өртті сөндіру іс-қимылдарына Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 16 маманы,
су және көбікті жеткізетін 4 өрт сөндіру техникасы тартылды.
Сонымен бірге бұл шараға өзара бірлесе әрекет ететін қызметтерден
14 адам, оның ішінде «ҚБМ» АҚ жұмыскерлері, Жол қауіпсіздігі қызметі, «Ней-
рон» ЖШС медициналық қызметі және «КМГ Security» ЖШС күзеті қатарынан
өкілдер қатысты. Өрт сөндіру бөлімінің басшысы С.Кушкарбаев атап кеткен-
дей, жалпы алғанда қойылған міндеттер толығымен сәтті орындалды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
9
ҚАРАЖАНБАС КЕН ОРНЫНДА «ДАРАБОЗ»
БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ
Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап
өткен Тәуелсіздік - халқымыз үшін аса қастерлі
ұғым. Тәуелсіздік – ұлан - байтақ жерді жаудан
қорғап, бүгінгі ұрпаққа бүтіндей аманаттап кеткен
батыр бабаларымыздың аңсаған мұраты. Биыл
көк байрағымыздың желбірегеніне аттай 24 жыл
толып отыр. Осынау қасиетті Тәуелсіздік күні қар-
саңында Бозашы түбегінің төсіндегі Қаражанбас
кен орнында «Дарабоз» интеллектуалдық тари-
хи-танымдық сайысы өткізілді. Басты мақсат – ұлт-
тық рухани құндылықтарды, қазақтың тарихы мен
салт-дәстүрін насихаттап, бабадан қалған асыл
сөзді ұрпақ санасына сіңіру. Сонымен қатар қыз-
меткерлердің еліміздің тарихы туралы білімдерін
кеңейтіп, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін
одан әрі дамыта түсу көзделді. Алғырлар алама-
нына «Қаражанбас» компаниясы мен мердігер
мекемелерден барлығы 4 команда - «Тұлпар-
МұнайСервис» ЖШС – нің «Тұлпар» командасы,
«ТК және ҰҚКБ» ЖШС-нің «Бірлік» командасы,
«Қаражанбасмұнай» АҚ -ның «Ұлы дала ұлан-
дары» командасы және «АрғымақТрансСервис»
ЖШС – нен «Арғымақ» командасы қатысып, бақ
сынады. Алты адамнан құралған әр команда жақ-
«ТҰЛПАР МҰНАЙ СЕРВИС» МЕКЕМЕСІНДЕ
«КІШІ БУЫН ҮЗДІК ЖЕТЕКШІСІ» САЙЫСЫ ӨЗ
МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Кіші буын жетекшісінің беделін көтеру, ше-
берлердің жетекші ретіндегі кәсіпқойлылығын арт-
тыру, Компаниядағы жалпы басқару мәдениетін
көтеру – міне, осы мақсаттарға жету үшін 2015 жыл-
дың маусым айынан тамыз айының соңына дейін
«Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС – де топ шеберлері
арасында «Кіші буын үздік жетекшісі - 2015» сайы-
сы өткізілді.
Сайысты өткізу идеясы мен жобасын 2014
жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастырған мо-
дульдік оқу кезінде персоналмен жұмыс істеу және
әлеуметтік–әкімшілік жұмыс жөніндегі бөлімінің ба-
стығы Хайрушева Альбина қорғап, бұл жоба үздік
жобалар қатарына енген болатын. Сайыстың басты
ерекшелігі қызметкерлерді материалдық емес ын-
таландыруға бағыттау болды.
5 кезеңнен құралған сайыс барысында ше-
берлердің жұмысты тиімді үйлестіре білу, ой-өрісі,
нәтижеге бейімделу, әріптестермен қарым-қаты-
нас, топта жұмыс жасай білу сияқты қасиеттері
сынаққа түсті. Сайыстың барлық кезеңдерін өткізу
және нәтижелерін сараптау мақсатында тәуелсіз
эксперт, психология магистрі, кәсіби коуч, адам ре-
сурстарын басқару бойынша кеңесші Попов Вяче-
слав Алматы қаласынан арнайы шақыртылған еді.
Сайыстың бірінші кезеңіне барлық топ жетекшілері
қатысқан болса, әр кезең қорытындысы бойынша
олардың саны қысқарып отырды. Соңғы 5-ші кезең-
де үздік 5 шебер: Асан Айбек, Уразалиев Ерболат,
Ахметов Ерболат, Джармағамбетов Серік және
Бақытжан Әбілқайыр топ жарып алға шықты. Сай-
ыстың соңғы кезеңінде Попов Вячеслав іріктелген
қатысушылармен жеке сөйлесіп, жеңімпаз шеберді
атады. Сөйтіп 2 ай уақыт бойына жүргізілген сай-
ыс жеңімпазы болып бұрғылау шебері Бақытжан
Әбілқайыр танылды.
Қол астындағы қызметкерлерінің және ті-
келей басшыларының тарапынан үздік баға алып,
жоғары басқарушылық қасиеттерін таныта білген
шебер «Кіші буын үздік жетекшісі - 2015» атағына
ие болды және ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлер
күні қарсаңында салтанатты түрде марапатталды.
«Кіші буын үздік жетекшісі» сайысын дәстүрлі түрде
жыл сайын өткізу көзделіп отыр.
сы дайындықпен келген.
Бірнеше кезең бойынша өткен сайыста
Маңғыстау өлкесіне, жалпы қазақ тарихына қа-
тысты, көне атауларға, ұлттық дәстүр, мәде-
ниетімізге қатысты сұрақтар қамтылды. Туған
топырақтың тамырынан нәр алып, елге деген
ықыласын жоғары қоятын, отаншыл мұнайшылар
бабалардан қалған ұлы сөздерді еске түсіріп, ұр-
пақтар сабақтастығының сақталғандығын көрсете
білді. Командалық сайыста «Қаражанбасмұнай»
компаниясының Президенті Дәулетжан Хаса-
новтың бейне сұрағы ұсынылып, қатысушылар
оған да мүдірмей жауап беріп, өз алғырлықтарын
көрсете білді. Ойын нәтижесінде бас жүлдені ең
жоғары ұпай санын жинаған «Қаражанбасмұнай»
компаниясының командасы қанжығасына бай-
лады. Екінші орын – «АТС» ЖШС командасына
бұйырды. Үшінші жүлделі орынды «ТМС» ЖШС
командасы еншілесе, «ТКжәнеҰҚКБ» ЖШС ко-
мандасы алғыс хатпен марапатталды. Қазылар
алқасына төрағалық еткен «ҚБМ» АҚ Әлеуметтік
жұмыстар департаментінің директоры Марат Се-
басов сайыстың өте жоғары деңгейде өткендігін,
қатысушылардың жақсы дайындықпен келгенді-
гін және мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы
зор екендігін атап өтті.
Сонымен бірге осы шара аясында, Тәуел-
сіздік күніне орай, еңбегі сіңген компанияның бір
топ қызметкері Құрмет грамоталары және алғыс
хаттармен марапатталды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 30 желтоқсан № 11 шығарылым
10
«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы
Баспагер: «Қаражанбасмұнай» АҚ
Баспагер мекен - жайы: 130000
Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы,
15 ш/а, №8 ғимарат.
ТОО «Сredos ltd» типографиясында басылып шығарылды. Мекен –жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шарипов көшесі, 144 үй
Жобаның бастығы:
Әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры – Себасов М.Б.
Жобаға жауапты:
Әлеуметтік жұмыс және ішкі байланыс бөлімінің бастығы –
Рысжанова Г.Б.
Телефон: +7 (7292) 473140.
Пошталық мекен - жайы: G_Riszhanova@kbm.kz
Журналист – Меңдіхан А.Ж.
Телефон: +7 (7292) 473147.
Пошталық мекен -жайы: A_Mendikhan@kbm.kz
Таралымы - 500 дана
1
Коблашов Даулыбай
Айжарикович
Қабат қысымын ұстау цехы
Қабат қысымын ұстау жөніндегі
оператор
III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені
2
Кенсары Жылқыбай Досқалиұлы
Мұнай дайындау және
айдау цехы
Сорап қондырғыларының
машинисі
«Ерен еңбегі үшін» медалі
3
Агалаков Юрий Степанович
Ғылыми-зерттеу өндірістік
жұмыстар цехы
Ұңгы зерттеу операторы
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызмет-
кері» төс белгісі
4
Айдаров Асан Коскатбаевич
Бу өндіру цехы
Цех басшысы
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызмет-
кері» төс белгісі
5
Аленов Омаргали Такеевич
Жөндеу-құрылыс цехы
Жұмысты жүргізуші
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызмет-
кері» төс белгісі
6
Ауезалиева Фирюза
Аяпбергеновна
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау,
қоршаған ортаны, денсаулықты
қорғау Департаменті
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы жөніндегі аға инженер
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі
үшін» медалі
7
Исекова Нурсауле Исаевна
Мұнай өндіру цехы №1
Ұңғы дебиттерін өлшеуші
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі
үшін» медалі
8
Абдирахманов Базарбай
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау,
қоршаған ортаны, денсаулықты
қорғау Департаменті
Азаматтық қорғаныстың жетекші
маманы
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі
үшін» медалі
9
Жазықбайұлы Жаңабай
Қабат қысымын ұстау цехы
Жөндеу бойынша шебер (қабат
қысымын ұстау бойынша)
Медаль «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан
үлесі үшін»
10
Шайхы Абилсеит Мактапулы
Мұнай өндіру цехы №2
Мұнай мен газ конденсатын
өндіру шебері
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі
үшін» медалі
11
Абдрахманов Шамиль Харисович Жөндеу-құрылыс цехы
Цех басшысы
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі
12
Айтбаев Наурызбай
Муханбетович
Өндірісті автоматтандыру цехы
Шебер
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі
13
Агалаков Юрий Степанович
Ғылыми-зерттеу өндірістік
жұмыстар цехы
Ұңғыларды зерттеу операторы
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі
14
Бозахаров Карим Оразович
Орталық инженерлік-технологи-
ялық қызмет
Қызмет жетекшісі
«KAZENERGY» Ассоциациясының медалі
15
Айджанов Сисен
Ғылыми-зерттеу өндірістік
жұмыстар цехы
Цех басшысы
«KAZENERGY» Ассоциациясының медалі
16
Кайбалдиев Меллат
Аманжолович
Жаңа техника мен технологиялар
қызметі
Жетекші инженер
ҚР Энергетика Министрлігінің Құрмет
грамотасы
17
Ибраимов Нургазы Камилович
ПРЦЭО
Цех басшысының орынбасары
ҚР мұнай және газ Министерлігінің Құрмет
рамотасы
18
Байсеуов Юрий Хамитович
Мұнай өндіру цехы №1
Мұнай мен газды өндіру операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі
19
Алибеков Турмамет
Бакитжанович
Мұнай дайындау және айдау
цехы
Шебер
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі
20
Абилова Акрыс Дуйсекеевна
Ғылыми-зерттеу өндірістік
жұмыстар цехы
Химиялық талдау лаборанты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі
21
Джаманов Оралбек
Душемгалиевич
Мұнай дайындау және айдау
цехы
Сорап қондырғыларының
машинисі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі
22
Шегенбаев Ермек Канатович
Жобалық-сметалық бөлім
Бөлім бастығының орынбасары
«KAZENERGY» Құрмет грамотасы
23
Мухамбетова Светлана
Урдабаевна
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
бөлімі
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік тех-
никасы жөніндегі жетекші инженер
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасы
24
Быкылов Нурберген Енсегенулы
Механика бөлімі
Начальник отдела
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасы
25
Киянов Шыныбек Калымович
Бу өндіру цехы
Учаске бастығы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасы
25
Енсегенов Берик Сабырович
Бу өндіру цехы
2 категориялы инженер-технолог
«Самрұқ Қазына» ӘӘҚ АҚ Құрмет грамотасы
27
Литвинов Руслан Васильевич
Орталық инженерлік-технологи-
ялық қызмет
Инженер-технолог
«Самрұқ Қазына» ӘӘҚ АҚ Құрмет грамотасы
28
Джумагулова Гулдар Куантаевна Геология және игеру департаменті Кен орнын игеру жөніндегі инженер
«KAZENERGY» АҚ алғыс хаты
2015 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ НАГРАДАЛАРМЕН
МАРАПАТТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
«ҚМГ» БӨ» АҚ, «ҚБМ « АҚ және басқа наградаларды қосқанда жұмыскерлердің жалпы саны 100 адамды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |