Келісілді бекітілді



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі320,01 Kb.
#92124
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 8,02

Сіз қандай адамсыз?
Суретке бірінші қарағанда не көрді соны атайды. Соған қарап адамның мінезін сипаттап айтады.
Кеме - көңіліңіз таза, пейіліңіз ақ. Тез қуанып, тез ренжисіз. Мұндай адамдар тілалғыш, тәртіпке бағынатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адал әрі турашыл келеді. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды, уақытында айтқан жерге кешікпей барады.
Теңіз - бұл сіздегі салмақтылық, сабырлылық, мейірімділік, ақылдылық секілді қасиеттерден хабар береді. Сіздің басты ұстанымыңыз – тыныштық. Сондықтан да, шулы, думанды ортадан гөрі отбасында демалғанды ұнатасыз. Дау-дамайдан қашасыз. Теңіз үстіндегі кемелерге де, су астындағы тіршілікке де ешқандай зиян тимесе екен деп, көбіне эмоцияңызды да, өзіндік пікіріңізді де іште қалдырасыз. Бұны ақылдылыққа балайсыз. Турасын айтып-айтып тастағыңыз келгенде үндемегенді жөн көріп, бұныңызды даналыққа жатқызасыз.
Әріптер - жылдам шешім қабылдау, дер кезінде әрекет жасау, мүмкіндікті мүлт жібермеу – сіздің артықшылығыңыз. Осылар сізді «жолы болғыш» атандырып жүр. Сіз үшін кез келген мәселеден жол тауып шығу қиын емес. Сізді алдау, арбау, пікіріңізден айныту қиын. Өйткені, ойланып қадам басып, өлшеп кесесіз. Мұндай адамдар өткен шақтағы өкініштерін ойлап бір орында омалып отыра бермейді. Сондай-ақ, болашақтағы бақытты сәттерін елестетіп, қиялға мас боп та жата бермейді.Олар дәл осы шақта өмір сүретіндер. Содан болса керек, олардың жетер жетістігі де, жеңісті істері де көп болады. Бұндай адамдар қаржылық тәуелсіздікке оңай жете алады. Қырағы, сақ адам екеніңізді де ерекше атауға болады.
Бас - Сіз ұсақ-түйекке назар аудара бермейтін, болмашы нәрселерге бордай езіле қоймайтын, кейбір шығын мен қателіктерді елемейтіндердің бірісіз.Шыншылсыз және шынайылықты талап етесіз. Мінезіңіз тік, қаталдық басым. Көңілге қарай бермейсіз. Көңіліңіз қалса, ол адаммен байланысты үзе салу қиын емес. Ешкімге екінші, үшінші мүмкіндік бермейтін адамсыз. Сондықтан да, достарыңыз аз. Нақтылықты жақсы көресіз.«Меніңше...», «сондай болуы мүмкін», «көреміз», «сол сияқты», «ойланайын» дейтіндерді ұнатпайсыз.Сізді тек басты-басты нәрселер ғана қызықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет