ІV. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. Білімгер:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Білімгер: Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Білімгер: Елбасының өзгеше мінез-бітімі, сөзге қамшы салдырмас шешендігі, кісіні бірден баурап алар ашықтығы Әлжан анасына тартқан. Ауылдың бас көтерер азаматы өзі екенін сезінген Әбіш,соғыс біткенше ат үстінде бел шешпей,елге қызмет етті. Демалыс,ұйқы дегенді ұмытты. “Мен,тіпті,әкемнің қай уақытта жатып ұйықтайтынын көз алдыма елестете алмаймын”,-дейді Елбасы, балалық шағын есіне алғанда. Н.Ә.Назарбаев ата-анасы және інілері Сатыбалды, Болат және қарындасы Әнипамен бірге өскен.
(Н.Ә. Назарбаев туралы бейнесюжет көрсетіледі) Мұғалім:Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты.
V. «Ой қозғау» Болашаққа саяхат«Егер де мен Президент болсам….»
(Білімгерлер берілген тақырыпқа эссе жазады және оқиды)
Мұғалім: 1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?
2. Басшы адам қандай болу керек? (Білімгерлер сұрақтарға жауап береді)
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін