Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасын сипаттаңыз. Химиялық реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.
Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз.
Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз. Технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.
Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығына анықтама беріңіз. Технологиялық үдеріс жылдамдығына әсер ететін факторлар мен арттыру тәсілдері.
Химия-фармацевтика өнеркәсібінің бастапқы заттарына және шикізат базасы ұғымына және анықтама беріңіз. Шикізатқа және өнімге мысал келтіріңіз.
Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптарды жіктеңіз. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасын сипаттаңыз.
Шикізатты дайындау және байыту. Дайындау сатылары мен байыту процестерін көрсетіңіз.
Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестеріне сипаттама беріңіз. Каталитикалық крекинг және риформинг процестері.
Судың сапалық көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жоқ әдістері.
Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптар.
Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер. Гетерогенді процесстің жылдамдығы.
Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі.
Фармацевтикалық өнеркәсіп реакторлары. Биореакторлардың жұмыс режимі.