Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік№2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,38 Mb.
#6099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Literaturverzeichnis: 
Mальзева Д.: Die Fauna Deutschlands und die sprichwörtliche Redensarten. // Иностранные 
языки в школе, 2002 
2  Chlosta  C.:  Bekannte  deutsche  Sprichwörter.  Das  Experimentalkorpus  des  Projekts 
„Sprichwörter- Minima“. Bochum, 2005 
Кунин А.В.: Курс фразеологии современного английского языка. Дубна, 2005 
Grsybek P.: Grundlagen der empirischen Sprichwortforschung. Berlin, 1993 
Matta H.: Das Sprichwort: Versuch einer Definition. Berlin, 1988 

Hain 
M.: 
Sprichwort 
und 
Volkssprache. 
Eine 
volkskundlich-soziologische 
Dorfuntersuchung. Gießen, 1981 
7  Григорьева  Г.С.:  Фразеологические  единицы  с  зоонимами  и  в  аспекте  теории 
номинации (на материале современного английского языка). Одесса, 1985 
Cowie A.P.: Phraseology: Theory, Analysis and Applications. Oxford: Clarendon Press, 1998 
9  Skandera  P:.  Phraseology  and  culture  in  English.  Berlin,  New-York:  Mouton  de  Gruyter, 
2007 
10  Broukal  M.:  Idioms  for  Everday  Use.  Lincolnwood  (Chicago):  National  Textbook 
Company, 2003 
 
 
Дүсіпбаева Қ.С. 
БАҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ 
karlygash-23@mail.ru 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  БАҚ-тың  тіл  тазалағы,  нақты  тіл  экологиясына  келтіретін 
зияны  туралы  айтылған.  Автор  БАҚ-тың  қазақшаланбай  отырғандығы 
мемлекеттік  тілдің  аясын  тарылтатынын  қоғам  қайраткерлердің  пікірлеріне 
сүйене  отырып  дәлелдеуге  тырысқан  және  БАҚ  тіл  мәдениетінің  айнасы  екені 
баса айтылады. 

 
 
23 
Тірек сөздер: лингвоэкология; тілдік орта; тілдік жағдай; тіл мәдениеті; сөз 
тазалығы;  орфографиялық  және  стилистикалық  қателер;  баспасөз  тілінің 
мәдениеті. 
 
Аннотация 
В  данной  статье  автор  рассматривает  негативное  влияние  языка  СМИ  на 
общую  «экологию»  языка.  Опираясь  на  мнения  общественных  деятелей, 
исследователь  делает  вывод  о  том,  что  язык  казахскоязычных  СМИ  на 
сегодняшний  день  недостаточно  развит.  Актуальность  темы  обсуловлена  тем, 
что язык СМИ является отражением общей культуры языка нации. 
Ключевые  слова:  лингвоэкология,  языковая  среда,  языковая  ситуация, 
культура  языка,  чистота  языка,  орфоргафические  и  стилистические  ошибки, 
культура языка печати. 
 
Abstract 
The  given  paper outlines the  influence  of Mass  Media  Language  on  the  overall 
purity of the language itself. Taking into consideration opinions of  public people the 
author  comes  to  the  conclusion  that  the  language  of  Kazakh  Mass  Media  is  pooly 
developed. The novelty of the theme is explained by the fact that the language of Mass 
Media reflects general linguistic culture of a nation.  
Key words: language environment, linguistic setting, linguistic culture, purity of 
the language, orthographic and stylistic mistakes, language of publishing.  
 
Бүгінгі  күннің  келелі  мәселерінің  бірі  –  тілдік  жағдай.  Қазақстандағы 
тілдік жағдайдың тепе-теңділігі бір жақты, өйткені орыс тілінің демографиялық 
қуаттылығы, яғни сөйлеушілер саны мен байланыс қызметі басым болып отыр. 
Қазақ тілінің дамуына, жалпы тілдің дамуына ішкі және сыртқы факторлар әсер 
етеді.  Сол  сыртқы  факторлардың  біріне  бұқаралық  ақпарат  құралдарын 
жатқызуға  болады.  Қоғамда  болып  жатқан  жаңалықтар  БАҚ  арқылы  беріледі. 
Ол  тілдің  коммуникативті,  экспрессивті,  номинативті,  когнитивті,  фативті, 
аксиологиялық  қызметтері  арқылы  іске  асады.  Демек  тіл  қолданыста. 
Қолданылған  тіл  өзіндік  жеке  және  жалпы  заңдары  арқылы  дамиды.  Сөйтіп 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  тілдің  дамуына,  тіл  кеңістігіне  әсер  етеді.  Егер 
мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжат-
тама,  дыбыс  –  бейне  жазбасы  және  көпшілік  қол  жеткізе  алатын  телекомму-
никациялық  желілердегі  интернет,  WEB  сайттарды  қоса  алғанда,  бұқаралық 
ақпаратты  мерзімді  немесе  үздіксіз  жария  таратудың  басқа  да  нысандары 
қазақшаланатын  болса,  тіліміз  жалпы  заңдылық  арқылы  дамитыны  сөзсіз. 
Дегенмен  қазіргі  күнде  БАҚ-тың  тілі  толық  қазақшаланбай  отыр.  Ал,  ол 
лингвоэкологияға кері әсерін тигізеді 
 Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  лингвоэкологияға  әсері  зор.  Себебі 
тіл мәдениетін насихаттаушы құралдардың бірі. 
Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын 
қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің 
жай-күйі  мен  сол  тілді  қолданудың  қоғамдық-тілдік  тәжірибесі,  тілдің 
қоғамдағы  болмысына,  оның  дамуы  мен  қызмет  етуіне  әсер  ететін 

 
 
24 
экономикалық,  идеологиялық,  мәдени,  әлеуметтік-психологиялық,  этнопсихо-
логиялық факторлардың жиынтығы. 
Тіл  –  адамның  тіршілік  ортасы,  белгілі  бір  қоғамдастықтың,  ұлттық 
ұжымның  рухани  тіршілік  ортасы.  Адамдардың  да  рухани  дамуы  ана  тілі  деп 
аталатын  тілдік  ортаның  сау-саламаттылығына  тікелей  тәуелді.  Тілдің  толып 
жатқан  мәселесін  экологиялық  тұрғыдан  қарастырудың  мәні  айрықша.  Тілді 
тұтынушының,  яғни  тілдік  тұлғаның,  тілдік  субъектінің  ана  тіліне  деген 
сүйіспеншілік  сезімін,  тілдің  өткендегісі,  бүгінгісі,  болашағына  деген 
жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады. 
Қазақ тілі – қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, 
сақтаушы,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші,  оларды  қайта  жаңғыртушы,  ұрпақ  пен 
ұрпақтың  рухани  дүниесін  сабақтастырушы  ретінде  қазақтілділердің 
экологиялық рухани ортасы. 
Сөз  мәдениетінің  экологиялық  аспектісінде  адамгершілік,  ізгілік 
элементтері  қоса  жүреді.  Тілдік  қарым-қатынас,  коммуникацияда  тілдесуші-
лердің  адамгершілік  сезімі  тапталмауға,  қоғамдық,  моральдық-этикалық 
принциптер бұзылмауға тиіс. Лингвоэкология тілдің дамуының объективті бет-
бейнесін көрсете білуге тиіс. Оған төніп отырған қауіп жөнінде қоғамға дабыл 
қағып, әдеби тілдің тағдырына адамдар, қоғам тіршілік етіп отырған тілдік орта 
қамқорлыққа  алынып,  қорғалуға  тиіс.  Лингвоэкологияның  міндеті  мен 
қарастыратын  мәселелерінің  құрамына  қоршаған  тілдік  ортаны  әртүрлі 
ластанудан  сақтау,  тазалау,  сондай-ақ  лингвистикалық  нигилизммен  күрес  те 
енеді. Бүгінгі өткізіп отырған дөңгелек үстелімізде осыған жатады. Өйткені біз 
тіл экологиясы үшін алаңдаулымыз. 
Гуманитарлық  білімді  бағаламау,  қоғамның  әсіресе,  прагматикашыл 
көңіл-күйдегі  жіктерімен,  технократтардың  гуманитарлық  білімді  жоққа 
шығарушылық көзқарастырымен  де  күресу,  қазіргі  қоғамның  барша  салаларын 
гуманизациялауға негіз болатын, ағарту істеріне ұйытқы болатын филологиялық 
білім  беру  аса  қажет-деп  санайды  Нұргелді  Уәлиұлы  Сондықтан  орта  арнаулы 
және  жоғарғы  оқу  орындарында  тіл  мәдениеті  немесе  лингвоэкология  пәндері 
енгізілуі керек. 
Лингвоэкологияда қарастырылатын мәселелердің бірі  – тілдік ортаның 
сөз  тазалығы.  Дөрекі,  былапыт,  боқтық  сөздер  –  қоғамның,  жеке  адамның 
рухани  саламаттылығына  зиянын  тигізетін  дерттің  бірі.  Қазіргі  қоғамда 
бұлардың жарыққа шығып, ашық түрде айтылу (легизациялану) қаупі жоқ емес. 
Телеэкранда  көрсетілетін  шетелдік  мазмұны  төмен  фильмдер,  видеофиль-
мдердің әсерінен жастар арасында дөрекі, былапыт сөздер етек ала бастады.  
Қоршаған тілдік ортаның сөз тазалығына нұқсан келтіретін сөздің тағы 
бір түрі – жаргон сөздерге орынсыз әуестенушілік. Әсіресе өткен ғасырдың 90-
ыншы  жылдарынан  бастап  қазақ жастарының  тілі жаргон  сөздерге  үйірсектене 
бастады. 
Сөйтіп,  сөз  экологиясы  тілдік  ортаны  бейпіл  сөздерден,  шеттілдік 
сөздерді  уәжсіз  қолданудан,  жаргон  сөздерден,  құнтсыздықтан  кететін 
қателерден таза ұстау үшін күреседі.  
Лингвоэкологияда  тіл  басқыншылығы  деген  ұғым  бар.  Бөгде  тіл 
басқындылығы ана тіліміздің тілдік ортасын тарылта бастайды. Тіл өз “үйінде”, 

 
 
25 
өз “мекенінде” зардап шегеді. Бөгде тіл алдымен басқару, ақпарат, ғылым-білім 
саласында  үстемдік  етіп  салтанат  құрады.  Мұның  өзі  ұлттық  тілідің  интеллек-
туалдық,  танымдық,  ақпараттық  әлеуетін  әлсірете  бастайды.  Ондай  тілдің 
әлемдік қоғамдастықты былай қойғанда, өз ортасында, өз “үйінде” (“эко”-сында) 
абыройы да, беделі де төмен болады да өзге емес, өз ұлы ана тілін аяқ асты етеді. 
Сөйтіп,  бөгде  тіл  басқыншылығы  тілдік  ортаны  бұзып  ірітіп-шіріте  бастайды. 
Сондықтан  тілдік  ортаға  зардабын  тигізетін  тіл  басқыншылығына  қарсы  күрес 
негіздерін  айқандау  шараларын  белгілеу  лингвоэкологияның  аса  маңызды 
мәселелеріне  жатады.  Халел  Досмұхамедов  «Тіл  –  жұрттың  жаны.  Өз  тілін  өзі 
білмеген  ел  болмайды.  Тілінен  айрылған  жұрт  –  жойылған  жұрт.  Мектеп  пен 
баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп 
пен  баспада  қолданудан  қалған  тіл  –  шатасқан  тіл.  Ол  ел  –  сорлы  ел,  мұндай 
елдің  тілі  бұзылмай  қалмайды...  Ана  тілін  білмей  тұрып,  бөтенше  жақсы 
сөйлесең, ол - күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу, бұл 
-  сүйініш.  Өз  тілін  білмей  тұрып,  жат  тілге  еліктей  беру  –  зор  қате.»–  дейді. 
Демек тілді шұбарламау керек. Одон шығатын жолдардың бірі дұрыс аударма. 
БАҚ  тілінің  мәдениетін  көтеруде  аударманың  орны  ерекше.  Аударма 
аумағы  мен  ауырлығы,  маңызы  мен  жауапкершілігі  жағынан  алғанда  ең 
күрделісі.  Аударма  жұмысы  қалай  болса  солай  атқара  салатындай  салдыр-
салақтықты көтермейтін, адамның бар ынта-жігерін, бойындағы және ойындағы 
бар  рухани  қабілеті  мен  білім-тағылымын  қалдырмай  сарқа  жұмсауын  талап 
ететін  шығармашылық  әрі  ғылыми  жұмыс  болып  табылады.  Баспасөз  бетінде 
жарияланатын  материалдардың  үлкен  бір  арнасы  аудармада  екендігі  ескеріліп, 
оның тіліне қойылатын талаптар күшейтілуі керек. Аудармада этнолингвистика, 
когнитивті  лингвистика,  лингвомәдениеттану  ғылымдарының  деректерін 
қолданып, ана тіліміздің табиғи заңдылықтары бұрмаланбауы тиіс. Газеттер мен 
журналдар бетінде, радио мен телевизия хабарларында екінің бірінде оғаш, ерсі 
сөздер мен сөйлемдер кездесіп отырады. Бұл жағдай аудармада ғана емес, қазақ 
тілінде  әзірленген  материалдарда  да  орын  алып  келеді.  Ондай  кемшіліктерді 
қаламыздағы  мерзімді  баспасөз,  теледидар  арқылы  берілетін  жүгіртпе  жолдар-
дағы  жарнамалардан  жиі  көруге  болады.  Егер  мәтін  бірінші  қазақ  тілінде 
дайындалып одан кейін орыс тіліне аударылса, біз бұл кемшіліктерден құтылар 
едік. Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзін тілге тиек етейік. «Біз 
сияқты  мәдениет  жемісіне  жаңа  аузы  тиген  жұрт,  өз  тілінде  жоқ  деп  мәдени 
жұрттардың  тіліндегі  даяр  сөздерді алғыштап, ана  тілі  мен  жат  тілдің  сөздерін 
араластыра-араластыра,  ақырында  ана  тілінің  қайда  кеткенін  білмей,  айрылып 
қалуы  мүмкін.  Сондықтан  мәдени  жұрттардың  тіліндегі  әдебиеттерін,  ғылыми 
кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда,  пән  сөздерінің  даярлығына  қызықпай,  ана 
тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза 
болып, жоғарыда  айтылған  талғау  салтының  шарты  орындалған  болады.»  БАҚ 
тілін  ғалым  айтқандай  қазақ  тіліне  аударсақ,  бұл  жаһандану  үдерісінде 
елдігіміздің бір белгісі болары сөзсіз.  
Лингвоэкология нұқсан келтіретін тағы бір фактор, ол орфографиялық 
нормадан  ауытқушылық.  Барлық  баспа  орындары  мен  редакциялар  өздерінің 
күнделікті  жұмыс  тәжірибесінде  қазақ  жазуының  қазіргі  емле  ережелерін 
мүлтіксіз сақтауы тиіс. Баспасөз тілінің мәдениеті алдымен оның сауаттылығы-

 
 
26 
мен  өлшенеді.  Баспасөз  материалының  мазмұнын  бақылау  бар  да,  емле  қате-
леріне көп мән берілмейді. Емле қателерін болдырмауға талап (қаталдық) жоқ. 
Оқырман  баспасөз,  әсіресе,  мерзімді  баспасөз  жазу  мәдениетінің 
айнасы деп ұғады. Сондықтан, оқырманның «ала-құлалықтан қалай құтыламыз» 
деген тілек, сұраулары соңғы жылдары көбейіп отырғандығын орынды «дабыл» 
қағулар  деп  түсінген  жөн.  Себебі,  күнделікті  басылым  беттерінде  бір  сөздің 
жазылуын  әр  газет  әр  түрлі  қылып  жазады.  Ал,  оқырыман  болса  қайсысын 
жақтарын, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін білмей дал болады. Мысалы, 
жыл,  күн,айды  жазғанда  мына  бір  келеңсіз  жағдай  етек  алып  барады.  2009 
жылдың 4 желтоқсаны дегенде сандарды араб цифрімен жазып, одан кейін сы-
зықша және –нші, -ншы реттік сан есімінің қосымшасын жазады. Ол дұрыс емес.  
Тіл білмінің өсіп, өркендеуіндегі мерзімді баспасөздің рөлін профессор 
Ө.  Айтбаев:  "Жалпы  сөз  біткеннің,  оның  ішінде  термин  атаулының  өріс  алар, 
қанат  жаяр  жері,  ең  алдымен,  мерзімді  баспасөз,  яғни  өмірдің  сан  түрлі 
саласынан сан алуан  мәлімет жинап,  материал  беретін журналистердей  термин 
құмар  маман  жоқ",  -  деп  түсіндірсе,  О.Бүркітов:  "Мерзімді  баспасөз  -жаңа 
сөздер ұстаханасы", - деп нақты тұжырым жасайды. Сондықтан баспасөз бетінде 
терминдерді  ала-құла  қолдануға  жол  берілмесе.  А.Әбдірахманов:  «Сөздерді, 
терминдерді дұрыс қолдану үшін, жалпы тіл мәдениетінің жақсы үлгісін жүзеге 
асыру  үшін  осы  тақырыпта  баспасөз  беттерінде  жиі-жиі  мақалалар  жазып 
отыруы  ауадай  қажет.  Тіл  мәдениеті  бойынша  дүркін-дүркін  республикалық 
және  қалалық  конференцияларды  өткізіп  тұруды  жүзеге  асыру  керек.  Осы 
айтылғандардың  баршасы  -  ана  тілімізді  ардақтауға,  төл  мәдениетін  бұдан  да 
көтеруге, сөз қадірін сүюге жетелейді», - деп жазды. 
 Бүгінгі  таңда  тілдік  орта  қалыптастыруда  журналисттердің  көңіл 
аударатын мәселелері: 1-ден жоғарыда айтқанымыздай газет бетіндегі орфогра-
фиялық  қателер;  2-ден  стилистикалық  қателер.  Сөйлем  құрауда  баяндауышты 
сөйлемнің  алдыңғы  орындарына  жібереді.  Мысалы,  Мен  ойлаймын  тіл  мәселі 
дұрыс деп. Сондай-ақ соңғы кезде сөйлемдер «деп» көмекші етістігіне аяқталуы 
үрдіс алып барады. Ол нормадан ауытқушылық; 3-ден сөз мағынасын түсінбей, 
стильдік  бояуын  ажырата  алмай  құрған  сөйлемдері  үшін  келеңсіз  жағдайларға 
тап  болып  жатады.  Оны  бізде  жасалатын  филологиялық  анализдерден  көруге 
болады. 
Қорыта  келе  айтарымыз:  ескерілетін  негізгі  мәселе  –  ойдың  дәлдігі, 
фактіні орынды пайдалана білудегі тілдік, стильдік ерекшеліктер. Термин және 
аударма сөздерге мән беру әрбір сөйлемнің дәл ұғымын беруін қамтамасыз ету. 
Журналист  тек  өз  ісінің  шебері  ғана  емес,  сондай-ақ  тіл  мәдениетінің 
жаршысы болуы керек.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Уалиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері филология ғылымдарының 
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. -Алматы,2007 -328 бет. 
2.
 
Дүрәлі  Дүйсебай.  Тіл  төңірегіндегі  толғамдар  http://ref-kaz.ucoz.kz/publ/aza_ 
tili_men_debieti/d_r_li_d_jsebaj_til_t_iregindegi_tol_amdar/2-1-0-3 
3.
 
Дүсіпбаева Қ.С. Қазақ тілінің стилистикасы: оқу құралы. - Өскемен: КМК «Шығыс 
Ақпарат», 2009. 120 б. 
 

 
 
27 
Жолшибекова К.Ж., Камшат Ж. 
EТІСТІКТІҢ РAЙЛАРЫ: СИПAТТАМАСЫ, МӘНI, ҚOЛДАНЫЛУЫ 
kulandam@mail.ru 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  түрлі  жүйедегі  екі  тілдің,  қазақ  және  орыс  тілдерінінің 
шартты  рай  формасы  салғастырмалы  аспектіде  қарастырылады.  Шартты  рай 
формасының сипаттамасы беріліп, қолданысы талданады. 
Тірек  сөздер:  шартты  рай,  сипаттама,  етістік,  грамматикалық 
категориялар. 
 
Аннотация  
В  статье  рассматривается  сопоставительный  аспект  сослагательного 
наклонения  в  двух  разносистемных  языках:  казахском  и  русском;  дается  его 
характеристика и описывается употребление. 
Ключевые  слова:  сослагательное  наклонение,  характеристика,  глагол, 
грамматические категории. 
 
Annotation  
The article is devoted to consider the comparative aspect of subjunctive mood 
in  two  different  languages:  Kazakh  and  Russian.  Moreover,  it  illustrates  basic 
characteristics of the given mood and describes its usage in both languages. 
Key words: subjunctive mood, characteristics, verb, grammatical categories.  
 
Cөйлемде eтістік кимылды, iс-әрeкетті, жaй-күйдi бiлдіріп қaна қoймaйды, 
сoнымен  бiрге  сoл  кимылдың,  iс-әрeкеттің,  жaй-күйдiң  өтуi,  бiр  жaғынан, 
aйтушының  я  сөйлeушінің  пiкірімен  екіншi  жағынaн,  oл  пiкірдің  ақикaт 
шындыққa  қaтысын  бiлдірумен  бaйланысты  бoлып  oтырады.  Mысалы:  Aғаш 
кeссең,  ұзын  кeс,  қысқaртуың  oңай,  тeмір  кeссең,  қысқa  кeс,  ұзaртуың  oңай 
(мaқал).  Mен  жaзбаймын  өлeңді  eрмек  үшiн  (A.Қ.).  Жүзi  жылы  жaндарды 
құшaқтағым кeледі (Қ.Б.). 
 Бұл  мысaлдағы  кeссең  жәнe  кeс,  жaзбаймын,  құшaқтағым  кeледі  дeген 
eтістіктер  кeсу,  жaзбау,  құшaқтау  кимылын,  іс-әрeкетін  білдіріп  қaна  тұрғaн 
жoқ,  сpнымен  біргe  сoл  қимыл,  iс  әрeкеттің  oрындалу  шaртын  (кeссең), 
oрындалуын  тaлап  eтуін  (кeс),  бeлгілі  бiр  мезгiлде,  шaқта  iске  aсуын, 
oрындалуын хaбарлауды (жaзбаймын), oрындалу ниeтін, жүзeге асудa ықыласын 
(кұшақтағым  келеді)  білдіріп,  сөйлеушінің  шындыққа,  болмысқа  деген  пікірін, 
көзқарасын  айқындап  тұр.  Бұл  мағыналар  белгілі  грамматикалық  тұлғалар 
аркылы  берілген.  Mысалдағы  кeссең  дeгендегі  шaрттылық  —  се  жұрнағы 
aрқылы, кeс дeгендегі тaлап eту, бұйрық мәнi 2-жaқ бұйрықтық тұлғa (формaсыз 
тұлғa  немесe  нольдік  формa)  aрқылы,  жaзбаймын  дeгеңдегі  қимылдың  бeлгілі 
шaқта орындaлуы көсeмшенің -й жұрнaғы aрқылы, құшақтaғым кeледі дегeндегі 
қимылдың  бoлу  ниетi,  ықылaсы  етiстік  түбiріне  -ғы  жұрнaғы  жәнe  oдан  кейiн 
тәуелдiк жалғaуы жaлғанып, oған кeл көмeкші eтістігі тiркесу aрқылы жaсалған. 

 
 
28 
Cөйтіп,  cөйлеушінің  cөзі  aрқылы  қимылдың  шындыққа  катысын, 
айтушының  пікірін,  көзқарасын  білдіріп,  белгілі  грамматикалық  тұлғалар 
арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады. 
Eтістіктің  рaйлары  кимылдың,  iс-әрекeттің  жүзeге  aсу,  oрындалу 
мүмкіндігінe қaрай төрт түргe бөлінeді: aшық рaй, бұйрық рaй, шaртты рaй жәнe 
қaлау рaй. 
 Aғылшын-қазақ  тілдеріндегі  етістіктерді  салыстыра  зерттеу-  проблема, 
әрі  оның  теориялық  және  практикалық  мәні  зор.  Осы  тұрғыдан  қарағанда 
тiлдерді cалыстыра зeрттеу тілдердiң aйырмашылықтарын жәнe ұқсастықтарын 
табуға  мүмкіндік  береді.  Етістіктерді  салыстырмалы  түрде  зерттеп 
грамматикалық 
тұрғылардан 
қалыптастыруға 
қатысу 
заңдылықтарын 
анықтаумен  қатар  ол  тұрғыларды  функционалдық  ерекшеліктерін  және 
ағылшын тіліне қазақ тіліне аударған кездегі ерекшеліктерін де ашады.  
Етістік  әр  іс  әрекетті,  іс-қимылды  бiлдіретін  cөз  тaбы.  Ағылшын  тілінде 
етістіктің  келесідегідей  грамматикалық  категориялары  бар;  жақ,  түр,  шақ, 
аспект, залог (етіс) және шырай.  
Осындай  етістіктін  грамматикалық  категориялары  қaзақ  тiлінде  де  зор. 
Ұқсастығы  міне  осында.  Бірақ,  өзіндік  өзгешеліктер  мен  ерекшеліктері  бар. 
Олар ағылшын тілінде жоғарыдағы етістік категориялары афикстердің, (префикс 
және  суффикс)  сөздердің  түбірінен  өзгеруінің  және  сөздердің  қосылуының 
көмегімен жасалынады.  
Ағылышын  тілінде  етістіктер  орыс  тілі  және  қазақ  тіліндегідей  сабақты 
етістік және сaлт eтістік бoлып eкіге бөлiнеді.  
Мысалы үшін сабақты етістіктерге (transitive verb) жататындар: to have, to 
give,  to  send,  to  see,  to  love.  Бұл  етістіктерден  кейін  біз  толықтауышты  қоса 
аламыз. Нені істеу? деген сұраққа етістіктен кейін толықтауышты қосып жауап 
бере аламыз. Мысалы үшін кітапты алу-to take a book, хат жіберу-to send a letter 
жәнe т.б.; aл салт етістіктерге келетін болсақ, бұл етістіктерден кейін ешқандай 
толықтауыш  жалғанбайды.  Олар  жалғаусыз  ,  толықтауышсыз  толық  ой  бере 
алады. Олар: тұру , ұйықтау, күлу, ойлау. Ерекшелігі мынада, ұйқыны ұйықтау, 
күлкіні  күлу  деп  толықтауышты  қоса  айта  алмаймыз.  Сондықтанда  бұндай 
етістіктер салт етістіктер деп аталады.  
Етістік  -  тіліміздегі  cөз  тaптарының  iшіндегі  eң  күрделi  жәнe  кейінен 
таралған 
грамматикалық 
категория. 
Етістіктің 
күрделілігі 
мен 
қарапайымдылығы  oның  aса  өрiсті  лeксика-сeмантикалық  cипатымен,  лексика-
грамматикалық формалармен, синтакиситік қызметімен тығыз байланысты.  
Ағылышын  тіліндегі  жалпы  етістіктер  морфологиялық  құрылымына 
байланысты 4 топқа бөлінеді: қарапайым; туынды, құрылымды, құрмалас.  
Қазіргі  ағылышын  тілінде  етістіктің  негізгі  формалары  3  топқа  бөлінеді: 
инфинитив,  жай  өткен  шақ  және  көсемше.  Осы  3  түрге  байланысты  ағылшын 
тілінде  етістіктер  3  топқа  бөлінеді.  Олар  бұрыс  етістіктер,  дұрыс  етістіктер, 
аралас  етістіктер  болып  бөлінеді.  Aйтар  бoлсақ  oсы  жoғарыда  көрсeтілген 
aғылшын  тiліндегі  eтістіктердің  мoрфологиялық  құрылымы  мeн  нeгізгі 
фoрмалары  қaзақ  тіліндe  жoқтың  кaсы  дeп  айтуғa  бoлады.  Мінe  екіншi  бiр 
ерeкшелік  oсыда.  Cалыстыра  зeрттеудің  түпкi  негізi  мінe  осындa  дeп  айтуғa 
бoлады.  

 
 
29 
Грамматикалық  теориялық  негізбен  бірге  сабақ  барысында  практика 
жүзінде, мысалмен және ана тілімен салғастыра жеткізген түсінікті болады.  
Дегенмен  де,  лексико-грамматикалық  белгілер  бірыңғай  және  cөз  тaбы 
cаналатын 
етістіктердің  өздерiн  iштей  бiр-бiрімен,  мaғына  жaғымен 
жaқындықтарына,  өзaра  функция  жaғынан  oрайластықтарына  қaрай  топ-  тoпқа 
бөлугe бoлады.  
Мысалы,  оларды  осы  тұрғыдан  алып,  іштей  aмал  -  әрeкет  eтістіктері, 
қимыл-қoзғалыс  eтістіктері,  қалып-  сапа  етістіктері  (айт,  сөйле,  ескер,  жатта, 
ойлан  т.б)  өңдеу  етістіктері,  бағыт-бағдар  етістіктері,  көңіл-күй  етістіктері, 
бейнелеу  етістіктері,  дыбыс-ес  eтістіктері  дeген  сияқты  әлдeнеше  топқa  бөлiп 
cаралауға  бoлады.  Міне  соның  ішінде  ақыл-ой  етістіктеріне  тоқталатын  болсақ 
төмендегідей мысалдарды келтіруге болады:  
Ағылшын тілінде  
 
 
Орыс тілінде   Қазақ тілінде 
To think, to have the intention 
 
Думать  
Ойлау, ойлану 
To change one's mind, to ponder over 
Раздумывать  Ойын өзгерту 
To invent, to make up  
  
 
Выдумывать   Ойдан шығару 
To change one's mind  
 
 
Передумать  Айнып қалу 
To think over, to consider  
 
Обдумать 
Ойлап алу 
To think, to believe, to suppose   
Полагать 
Ойлау, жору,  
   
 
 
 
 
 
 
жорамалдау 
To consider 
 
 
 
Считать 
Деп ойлау 
To think over 
 
 
 
Придумать 
Ойлап шығару 
To plan    
 
 
Задумать 
Жоспарлау, мақсаттау 
To think   
 
 
 
Мыслить 
Ойлау 
To think over, to decide   
 
Обсудить 
Талқылау 
Сондай-ақ  сыртқы  түр  ұқсастықтарына  немесе  мағына-мазмұны  жақын, 
ашық,  қашықтықтарына  қарай  оларды  омоним  етістіктер,  синоним  етістіктер, 
антоним етістіктер деген әрізді топтарға да жіктеуге болады.  
Кестенің  ішіндегі  ақыл-ойды  білдіретін  етістіктердің  көбісі  синоним 
етісіктер болып келеді. Бірақ, олардың сөйлем ішінде қолданыстары басқаша өз 
қолданылатын  орындары  болады.  3  тілді  салыстыра  отырып  қарасақ  ағылышн 
тіліндегі  ақыл-ой  етістіктері  синонимдес  ретінде  басқа  сөздердің  қосылып  сөз 
тіркестерін құрастыру ретінде берілетінін байқаймыз.  
Ал орыс тіліндегі ақыл-ой етістіктерінің түбірі -дум- болғанымен префикс 
пен суффикстердің көмегімен басқа мағыналарды береді, бірақ түбірі бір ой, ал 
қазақ тіліне келер болсақ түбірі ой болғанымен басқа мағыналарды береді, бірақ 
белгілі бір ойланып, жоспарлап, мақсаттау ойын білдіреді.  
Ағылшын  тілінде  ақыл-ойды  білдіретін  етстіктердің  сөз  тіркестерінде 
келіп қазақ тіліне аударылып берілу жолдары қиынға соғады. Бұл басты мәселе, 
мысалы, to think to himself - өз ішінен ойлану. 
Тo think nо smаll bеer (of)- бірдеңеге мақтану  
Тo think nо end (of) - өзін жоғары бағалау  
Бұл  тұрақты  сөз  тіркестерінің  аудармалары  семантика  жағынан  жанама 
түрде және фразеологиялық сөздіктерден алынған.  
Ал тікелей бұл тұрақты сөз тіркестері сөзбе-сөз аударсақ өз мағыналарын 
толық жоғалтады, толық мағына бермейді. Мысалы,  

 
 
30 
to think tо himsеlf - өзінен ойлану  
to think nо smаll bеer (оf) - аздап ойлану  
to think nо еnd (оf) - шексіз ойлану  
Міне  көріп  отырғандай,  сөзбе-сөз  аударманың  қиындығы  осында. 
Сондықтанда,  сөз  тіркестері  фразеологизмдік  сөздіктердің  көмегімен  және 
семантикалық тұрғыдан аударған түсінікті болады. 
Сондықтан  да  оларды  бiр  тiлден  екiнші  бiр  тiлге  аударғанда  олардың 
ұлттық ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз керек.  
Eтістіктің  түбіiрі  бiлдіретін  жaлпы  грaмматикалық  мaғына  eтістіктің 
бaрлық бaсқа тұлғaларында сaқталып тұрaтын қимылды бiлдіру мaғынасы дa, ал 
2-жaқтық,  бұйрықтық  мaғына  –етiстіктің  сөздeрмен  (сeн  дeген  бaстауышпен) 
сөйлeмде  бeлгілі  (жaқтық,  жeкелік,  бұйрықтық)  қaрым-қaтынасқа  түсудiң жәнe 
cоның  негiзінде  белгiлі  тұлғадa  жұмсaлудың  нәтижeсінде  пaйда  бoлатын 
мaғына.  Яғни  бiрінші  мaғына  тoлық  мәндi  cөз  бoлғандықтан  лeксикалық 
мaғынаның  жaлпылануы  (жалпы  грамматикалық)  нeгізінде  (cөз  тaбы  рeтінде) 
қaлыптасқан, түбiрге тән қимылды бiлдіру  – жaлпы грaмматикалық мaғына дa, 
екiнші  –  сөйлeу  процeсінде  сeн  дeген  сөзбeн  бaйланысқа  түcу  нәтижeсінде 
(cубъектілік-прeдикаттық  қaтынасқа  түcу  нәтижесiнде)  пaйда  бoлатын  мaғына. 
Mысалы,  қимылды  бiлдіру  етістiк  түбiріне  тән  болcа,  зaт  есiм  түбiріне  зaттық 
мaғына, cын eсім түбiріне зaттың әр түрлi  cынын, cапалық, қaтыстық бeлігісін, 
түcін т.б. мaғыналарды бiлдіру тән бoлып кeледі.  
Cөздің  түбiр  тұлғаcы  бiлдіретін  негiзгі  жaлпы  грaмматикалық  мaғынасы 
cөз  тaбына  қaрай  топтaудың  бiр  мeжесі  бoлып  тaбылады  дa,  oл  cөз  тaбының 
грaмматикалық  тұлғaлары  aрқылы  түрлeнудің  нәтижeсінде  кeйін  сөйлeу 
процeсінде  пaйда  бoлатын  кaтегориялық  грaмматикалық  мaғыналармен  қaтар 
өмiр  сүредi.  Яғни  түбiр  тұлғaға  жaңа  грaмматикалық  формa  жалғaнып,  oған 
жaңа (категориялық) грaмматикалық мaғына үстeлгеннен түбiр білдірeтін нeгізгі 
жaлпы  грaмматикалық  мaғына  жоғaлып  кeтпейді.  Eгер  түбiр  тұлғa  бiлдіретін 
грaмматикалық мaғына oндайда жoйылап кeтсе, oнда жалғанған грaмматикалық 
тұлға  сoл  cөз  тaбының  cөз  түрлендірушi  фoрмасы  eмес,  бaсқа  cөз  тaбын 
жaсайтын  cөз  тудырушы  нeмесе  сөзжaсам  көрсeткіші  бoлады.  Сөйтіп  oл  cөз 
баcқа  cөз  тaбына  aуысып  кeткені,  я  бұл  cөз  тaбының  түбiр  тұлғaсына  ондaй 
граммaтикалық мaғына тән бoлмаған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет