Кәмелетке толмағандар арасында


Оқушыларды мектепішілік есепке қою және мектепішілік есептен шығару туралы ереже



бет17/52
Дата15.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#123667
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52

Оқушыларды мектепішілік есепке қою және мектепішілік есептен шығару туралы ереже


І. Жалпы ереже

    1. Осы Ереже балалар мен жасӛспірімдердің бейәлеуметтік жүріс- тұрыстарының алдын алу бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады,білім беру ұйымдарында әлеуметтік қауіпті жағдайдағы және жеке жұмыс жасауды талап ететін оқушыларды ішкі есепке тұрғызу ережесін реттейді.

    2. Мектепішілік есепте кӛрсетілген топтардағы оқушыларды ерте кезеңде анықтау және оларға жеке алдын алу (түзету) кӛмегін кӛрсету мақсатында жүргізіледі.

    3. Мектепішілік есепке алу жұмысының мақсаты -алдын алу жұмысы сапасын жақсартуға қажетті барлық тиімді объективті жағдайларды жасау, білім беру ұйымдарында білім алушыларды әлеуметтік және құқықтық қорғау.

    4. Осы ереже білім алушыларды мектепішілік есепке қою және есептен шығару ережесін реттейді.



ІІ. Негізгі мақсаттары мен міндеттері


    1. Мектепішілік есеп мектепішілік бейімделмеуді, оқушылардағы бейәлеуметтік жүріс-тұрысты ерте кезеңде диагностикалау, білім алушыларды бақылау және оларға уақытында әлеуметтік-педагогикалық кӛмек кӛрсету үшін жүргізіледі.

    2. Негізгі міндеттері:

      • кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің, құқық бұзушылық, бақылаусыздық, қаңғыбастылықтың алдын алу, ескерту;

      • кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

-әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған немесе әлеуметтік жетімдік бойынша тәуекел топтағы балаларды дер кезінде анықтау;
-сабақ оқуға ынтасы жоқ, тәртібінде ауытқулары бар жасӛспірімдерге әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық кӛмек кӛрсету, қолдау;
-балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасыларға мекенжайлық жеке кӛмек кӛрсету.

ІІІ. Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару қызметін ҧйымдастыру


    1. Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару туралы шешім құқықбұзушылық Кеңестің отырыстарында қабылданады.

    2. Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың, директордың тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарының пікірі, айтуы бойынша жүзеге асады. (1 қосымша)

    3. Кәмелетке толмаған тұлғаны мектепішілік есепке қою үшін құқық бұзушылық Кеңесінің отырысы болардан 3 күн бұрын директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарына келесі құжаттар ұсынылады:

  1. Кәмелетке толмаған тұлғаға мінездеме.

  2. Сынып жетекшісінің алдын алу жұмысы бойынша жасӛспіріммен және оның ата-анасымен (заңды тұлғасымен) жүргізген жұмысы туралы анықтама.

  3. Отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (қажетіне байланысты).

  4. Кӛмек кӛрсетуін ӛтінген жасӛспірімнің ата-анасының (заңды тұлғасының) ӛтініші.

    1. Құқық бұзушылық Кеңесінің отырысында жасӛспіріммен және оның ата- анасымен жүргізілетін жұмыстар жоспары талқыланады және бекітіледі,

жоспарланған шараларды орындау мерзімін белгілейді әрі жауапты тұлғалар тағайындалады.

    1. Сынып жетекшісі құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысына жасӛспірімді мектепішілік есепке қою туралы ескерту үшін ата-анасын отырысқа шақырады, сонымен бірге егер кейбір себептермен отырысқа келе алмаған ата-аналар болса, Кеңес отырысының шешімдері туралы жасӛспірімнің ата-анасын ақпараттандырады, яғни, ресми қағазбен отырыс хаттамасының нӛмірі, ӛткізілген күні, мектепішілік есепке тіркеу себептері немесе мектепішілік есептен шығару туралы жазылған ескертпе-хабарлама жібереді.

    2. Әлеуметтік педагог мектепішілік есепте, ІІБ есепте тұрған оқушылар туралы мәліметтер базасын жасайды және жүргізеді.

    3. Әлеуметтік педагог ай сайын мектепішілік есепте, ІІБ есепте тұрған оқушылар тізіміне салыстыру жүргізеді, толықтырады немесе азайтады.

    4. Кәмелетке толмағанды мектепішілік есептен шығару үшін құқық бұзушылық Кеңесімен тағайындалған жауапты тұлға жасӛспіріммен және оның ата-анасымен жүргізілген шаралар туралы, міндетті түрде оның нәтижесі туралы, басқа да ұсыныстарымен ақпарат береді.

    5. Жасӛспірімді педагогикалық қолдау, психологиялық-әлеуметтік кӛмек кӛрсету мақсатында жүргізілетін мектепішілік есепке қоярда мектеп директорының бұйрығымен педагогтар ұжымынан жауапты тұлға тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер білім алушыны мектепішілік есептен шығарғанға дейін онымен жұмыс жоспарын құрады, оқушымен жасаған алдын алу, атқарылған жұмыстары туралы Кеңес отырыстарында есептер жасайды (қажетіне байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет