Шығармашылық жұмыспен айналысады: эссе, өлең, мақала, шығарма, ертегі, әңгіме (сторителлинг), баяндама, сөз, жоспар, сценарий жазады, слайд жасайды, есептер/жаттығулар құрастырады, жоба жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, компьютерлiк бағдарлама жазады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады, ғылыми гипотеза (болжау) құрастырады, құрамдас бөліктерді жаңаша біріктіреді, ...
Бағалау
Бірнеше жауаптың (ұсыныс, нұсқа, пікір, т.б.) ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді (дәлелдейді), өзіндік шешім қабылдайды, қажеттілігін (маңызын, пайдасын, құндылығын, зиянын) айқындайды, дұрыс-бұрысын ажыратады, дәлелдейді, тұжырымдайды, жақтайды немесе қарсы шығады, өз пікірін дәлелдеп келтіреді, керектісін таңдап алады, тізім (рейтинг) жасайды, ...
Танымдық саладағы оқу мақсаттарының категориясы
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары
Оқу мақсаттарының жинақталған типтерінің үлгілері
Білу
Бұл категория оқылған материалды, нақты фактілерден бастап тұтас теорияға дейін, есте сақтау және қайталап айтуды білдіреді. Бұл категорияның жалпы белгісі – сәйкес мәліметтерді еске түсіру.
Оқушы: қолданылатын терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен әрекеттерді, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.
Түсіну
Оқылған материалдың мәнін түсінудің көрсеткіші оны бір формадан екіншісіне «көшіру» (трансляциялау) болып табылады. Мысалы, сөздік формада берілген материалды математикалық тілмен өрнектеу. Оқушының материалды интерпретациялауы (түсіндіруі, қысқаша мазмұндауы) немесе оқиғаның барысын болжауы түсінудің көрсеткіші бола алады. Мұндай оқу нәтижелері материалды жай есте сақтауға қарағанда тиімді.
Оқушы: фактілерді, ережелер мен қағидаларды түсінеді, сөздік материалды, сызбаларды, графиктерді және дианраммаларды интерпретациялайды, сөздік материалды математикалық өрнектерге ауыстырады, бар мәліметтен туындайтын болашақ салдарды сипаттайды.