1837ж. Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекеті көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан хорунжий Рытовтың әскерін тас-талқан етті.
1837ж. Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекеті көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан хорунжий Рытовтың әскерін тас-талқан етті.
1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті.
1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды.
1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді.
1844 жылы 21 шілдедегі түнгі шайқаста Кенесары қолы Ахмет Жантөреұлының әскерін тас-талқан етті. Ұрыс даласында патша үкіметін қолдаған 44 сұлтан ажал құшты. Ал Жантөреұлына көмекке келген Дуниковский Кенесарының әскеріне жақындауға қорыққандықтан ешнәрсе жасай алмады.
1845 жылы Кенесары ханның әскері Мерке бекінісін басып алды. Дәл осы жылы патшаның бұйрығымен Кенесары ауылына Долгов пен Герн елшілігі келді. Қос тарап ешқандай да келісімге келе алмады. Патша өкіметі көтерілістің алдыңғы нәтижелерін жоққа шығаратын қисынсыз талаптар қойғандықтан Кенесары патшаның барлық талабын орындаудан бас тартты.
Қоқаннан қайтып келгеннен кейін Кенесары Орта Жүздің жеріне келген.Бірақ оған дейін Ресей шешуші әрекеттерді ойластырды,содан Орта Жүзде күресті жалғастыру мүмкін емес болды.Сонда Кенесары Ұлы Жүзге бару туралы шешім қабылдады.Ұлы Жүзге інісі Наурызбайдың қасына жүз жігітті оларға көшпенді жер бөлуіне жіберді.Рүстем Сұлтан Наурызбайды қабылдап,жер бөлуді және Кенесарыны қолдайтынына уәде берген.
1846 жылы хан Орта Жүзден кетті.Ұлы Жүздің аумағына келген ол қырғыз манаптарымен келіссөздерді бастады.Олар ханды қолдаймыз деп уәде берген,негізінде қосарланған саясат жүргізген болатын.Екі жақтың арасындағы тыныштықты қырғыздар Саурық батырдың өлтіргенімен бұзды.
1847 жылдың сәуірінде олардың әрекеттеріне жауап ретінде Кенесары 15 мыңдық әскерімен Қырғызстанға басып кірді.Бұл шабуыл өте қатал болды, содан қырғыздар соғысқа дайындықты бастады.Майтөбе қаласында - Кеклик-Сэнгирде Орманның жетекшілігімен қырғыз манапасымен шайқас өтті.Бірақ шайқас кезінде Сұлтан Рүстем мен Сыпатай Кенесарыны сатып кетіп, оның әскерінің басым бөлігін алып кетті.Шайқас бірнеше күнге созылды.Кенесары ұсталып және тұтқында үш айдай болған,өйткені қырғыздар онымен не істейтінін білмеген.Содан оны өлтіру туралы шешім қабылданды.Көз жұмбас бұрын Кенесары намаз оқуға рұқсат сұраған.Басынан айырылды.Оның басын қырғыз манабы Орман балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлап,қырғыздардың Ресей империясына деген адалдығын көрсеткісі келді.