Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі Кеніштің өнімділігін анықтау


Кен қоры – барлау дәрежесіне, сапасын анықтау деңгейіне және қазудың техникалық жағдайына қарайпайдалы қазба қорын төрт санатқа бөледі: А, В, С



бет13/22
Дата06.01.2022
өлшемі373,94 Kb.
#13123
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
stud.kz-69390

Кен қорыбарлау дәрежесіне, сапасын анықтау деңгейіне және қазудың техникалық жағдайына қарайпайдалы қазба қорын төрт санатқа бөледі: А, В, С1 және С2.Олардың ішінде А, В, С1 санатты қор барланған, ал С2 санатты қор алдын ала бағаланған деп аталады.Қорды тиісті бір санатқа жақызу үшін пайдалы қазбаның әртүрлі дәлдік дәрежесіндегі кеңістік-морфологиялық ерекшеліктері, сапалық сипаттамалары, кен – техникалық жағдайлар зерттеледі.
Шахталық қызмет ету мерізімі келесі теңдеу арқылы анықталады:
Т = tж + tдам + tөшу , жыл
мұнда:

tдам – шахтаның жобалық қуатын игеру уақыты (tдам=2-3 жыл)

tөшушахта өнімділігінің өшу уақыты(tөшу=2-3 жыл)

tжшақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;


tж = Өқ / А , жыл
Кесте 1.


Шахта

алабының

типы


Кен шоғырдың

белгілі қалыңдығынан

шахта алабының

ұзындығының сәйкестігі, м



Кеншоғырдың

қалыңдығы 15-ден

артығырақ

жағдайдағы

ауданының мөлшері,

мың км2






15 м-ге дейін

15 м-ден артық




Шағын

500-600 м-ге дейін

300 м – ге дейін

5 м -ге дейін

Орташа

600-1000 м

300 – 600 м

5-12 м

Үлкен

1000-1500 м

600 – 1000 м

12 - 25 м

Өте үлкен

>1500

>1500

>25

Кесте – 2.Өңдіру жұмыстарының жылдық оңтайлы төмендеуі




Шахта алабының типы

Қабаттар саны

Vж , м

Өте үлкен

1

2


15

20


Үлкен

1

2


22

25


Орташа

1

2

бірнеше



25

30

40



Шағын

1

2

бірнеше



30

45

50


Кесте – 3.Кен шоғырдың жату шамашарттарын ескеретін коэффициент.




Кеншоғырдың белгілі қалыңдығы

< 5

5-15

15-25

>25

К1

1.25

1

0.8

0.6

Кеншоғырдың құлау бұрышы

90

60

45

30

К2

1.2

1

0.9

0.8



Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау
Кенорнының геологиялық қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:
Гқ= Lсоз ⋅Lқұл⋅ m 710,6=82073160 т
Кенорнының баланстық қоры келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:
Бқ= Гқ(1 - )= 82073160(1 - ) = 65658528 т
Кенорнының өңдірістік қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:
Өқ = Бк ⋅ Кш =65658528 = 57779504,6 т
tж – шақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;
tж = Өқ / А = 57779504,6 /1554124 = 37 жыл
Шахталық қызмет ету мерізімі келесі теңдеу арқылы анықталады, жыл:
Т = tж ⋅ tдам ⋅ tөшу = 37 + 2 + 2 = 41 жыл
мұнда:

tдам – шахтаның жобалық қуатын игеру уақыты (tдам=2-3 жыл)

tөшушахта өнімділігінің өшу уақыты(tөшу=2-3 жыл)

tж – шақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;


Кенді уату
Қазылатын кен әдетте профессор Протодъяконовтың шкаласы бойынша бекем не өте бекем болады.

Сондықтан кен, сілемнен алу алдында уатылады, яғни ол кесектерге ұсатылып сілемнен ажыратылады.


Кесте 1. Кенді уату тәсілдерінің жіктеушісі

Тәсіл

Ерекшеліктері

  1. Жарылыспен уату

а) Теспелік

б) Ұңғымалық


Сілемде бұрғыланған теспелермен және ұңғымаларда орналастырылған жарылғыш заттарды жару

Теспелер тереңдігі 5м-ге дейін

Ұңғымалар тереңдігі 100м-ге дейін

  1. Механикалық уату

Комбайындарды қолдану

  1. Кенді өздігінен құлату

Төменнен ашылған кен, өз салмағының және жоғарғы тау жыныстар қысымының күшімен

  1. Басқа әдістер ( гидравликалық уату)

Жоғары қысымды судың күшімен

Механикалық уату әдетте жұмсақ тау жыныстарды қазу барысында пайдаланады, кейде арнайы жабдықтармен мықтылық коэффициенты f=6-8 тең тау жыныстар уатылады. Қазымдалып жатқан тау жыныстардың 90% жарылыс тәсілімен уатылады. Өздігінен құлау тәсілімен, жарықшақтығы өте жоғары тау жыныстар уатылады.



2.Теспелік уату

Теспелерде орналастырған оқтамдарды жару арқылы орындалған уату теспелік уату деп аталады.



Теспелік уату әдiсi – тау-кен қазбаларын қазғанда, қалыңдығы шағын (10 м-ден аспайтын) кендердi қопарып алуға қолданылады. Теспелік уату әдiсiнiң артықшылығы мыналар: таужыныстары жақсы ұсақталады; әртүрлi жағдайда (өте тар жерлерде де) қолдануға болады; жеңiл бұрғылау машиналары пайдаланылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi мыналар: бұрғылау және аттыру жұмыстарының мөлшерi көбiрек; перфоратормен бұрғылағанда шаң көп бөлінеді.

Теспе дегеніміз – цилиндр тәрізді ұзындығы 5 м аспайтын, диаметрі 75 мм артық емес тау массивін қопару үшін массивтің ішіне ЖЗ орналастыруға арналып жасалатын қуыс.



Cурет 1. Теспелік уатудың тәсімдері

а-теспелер горизонталь бағытта бұрғыланған;

б- теспелер жоғарыдан төменғе тік бағытта бұрғыланған;

в- теспелер горизонталь бағытта бұрғыланған;

г- теспелер төменнен жоғарғы бағытта бұрғыланған;

д- төбекертпешті алу;

е- қабатаралық уату.



2. Жерасты жазық тау-кен қазбаларын өту кезіндегі

жарылыс жұмыстарындағы теспелердің орналасуы және түрлері
Жерасты қазбаларын бекемдігі жоғары таужыныстарында қазғанда міндетті түрде жару жұмыстары қолданылады. Қазбаларды жерасты әдісімен қазғанда: теспелерді (ұңғымаларды) бұрғылау; ЖЗ оқтау және аттыру; қазбаны желдету; қопарылған таужыныстарын тазарту; қазбаны бекіту операциялары орындалады

Жарылыс параметрлерін дұрыс таңдау, қазбаны өтудің басқа да көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Қазбаның забойын қопару – бұрғылау-аттыру жұмыстарының (БАЖ) паспортына сәйкес орындалады. БАЖ паспортында таужыныстарының қасиеті, теспелердің саны, диаметрі және тереңдігі, үңгі түрі, ЖЗ түрі, оқтам мөлшері, жару сұлбасы мен жарылыс нәтижесі көрсетіледі.

Қазбаларды қазған кезде тек бір ашық кеңістік – забой болады. Забойға теспелерді перпендикуляр және көлбей бұрғылап аттырады. Сонымен қатар теспелер жарылысында:

- теспелердің қопару тиімділігін жоғарылату үшін бірінші забойда бір топ шпурды аттыру арқылы үңгіме жасау;

- таужыныстарын талап етілетін өлшемде қопару;

- БАЖ паспортында белгіленген қазба тиімділігін шығару талаптары орындалуы керек.



Белгіленген жарылыс нәтижесін алу үшін теспелер үш топқа бөлініп аттырылады: үңгіме (бірінші кезекте атылатын теспелер); қопарғыш (көмекші) (екінші кезекте атылады) және жиектеуші теспелер (ең соңында атылады) (6.1-сурет)


2- сурет.Қазбаларды қазған кездегі шпурлардың забойда орналасу сұлбасы: 1–4-үңгіме теспелер; 5–9-қопару теспелер; 10–21-жиектеуші теспелер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет