Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет29/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
2.2. Диализ
Диализ (грек тілінен dialysis – ажырату, ыдырату) – бұл жартылай 
өткізгіш мембраналар арқылы коллоидты жүйелерден жəне жоғары мо-
лекулалы қосындылардың ерітінділерінен кіші молекулалы заттардың 
бөлініп алынуы, яғни кіші молекулалар мен иондарды өткізетін, бірақ 
коллоидты бөлшектер мен макромолекулаларды ұстап қалатын қалқа. 
Диализ үшін қарапайым жабдық – бұл диализатор, жартылай өткізгіш 
материалдан жасалған қапшық. Бұған тазаланатын (диализденетін) 
сұйықтықты толтырады жəне еріткішке (дисперсионды ортаға) сала-
ды. Көбінесе қапшықтың орнына жартылай өткізгіш мембранасы бар 
цилиндрлік шыны қолданылады. Мембраналарды коллодиядан, целло-
фаннан, жануарлар жəне өсімдіктердің жарғақтарынан, синтетикалық 
материалдан жəне тағы басқалардан жасайды. 2.2-суретте диализге 
арналған жоба көрсетілген.
Диализ жəне электродиализ əртүрлі технологиялық үдерістерде, 
физикалық-химиялық жəне биологиялық зерттеулерде, сонымен 
қатар медицинада да кең қолданылады. Диализ əдісін ең алғаш 1913 
жылы америкалық ғалым Абель тірі организмдегі қанның құрамды 
бөліктерін зерттеу үшін қолданды. Абель аппараты жасанды бүйректің 
негізгі конструкциясы болып табылады жəне сол арқылы гемодиализ 
жүргізеді.
Диализдік қапшықты еріткішке (мысалы, суға) орналастырады. 
Диализдейтін сұйықтықта диализденетін заттардың жəне еріткіштің 
концентрациясы тең болады. Еріткішті ауыстыру арқылы керек емес 
қоспалардан толық тазартуға болады. Сонымен қатар диализ жасанды 
талшықтардың өндірісінде дəрілік препараттарды дайындау үшін де 
қолданылады. Диализдеу үдерісі осмос жəне диффузия процестеріне 
негізделген яғни оның жылдамдауына əкеледі.
Диализдің негізі – диффузия үдерістері, сол себепті ол өте баяу 
жүреді. Диализ мембраналар ауданының диализденетін сұйықтық 
көлеміне қатысты ұлғаюымен, температураның жоғарылауымен, ара-
ластыруымен, ультрафильтрациямен жылдамдатылады, үздікті жəне 
үздіксіз еріткішті ауыстыру арқылы, яғни онда мембрана арқылы ион-
дар немесе төменгі молекулалы заттардың молекулалары өтеді, соны-
мен осындай үдерістерден кейін жылдамдатылады. 
Электр өрісіндегі (аймағындағы) диализ – электродиализ, электро-
литтерден диализденетін жүйелердің тазалығын 10 есе жылдамда-


74
тады. Қарапайым электродиализ үш камерадан тұрады жəне олар 
бір-бірімен мембраналар арқылы бөлініп тұрады. Орташа камераға та-
заланатын сұйықтықты құяды. Шеткі ағымды камераларда еріткішке 
толтырылған электродтар орналасқан. Үнемі электрлік аймақта бола-
тын иондар бағытты түрде тиісінше электродтарға орналастырылады 
жəне орташа камерадан шеткі камераға мембрана арқылы өтеді. 
2.2-сурет. Диализге арналған жоба 
(http://yanko.lib.ru/books/biolog/nagl_biochem/84.htm)
Негізінен, ионалмасушы материалдан дайындалған жəне ионитті 
мембраналар қолданылатын электродиализ тиімді болып табылады. 
Электрлік зарядтың белгісіне тəуелді мембраналар өздерінің беткі 
аймағынан катиондарды немесе аниондарды өткізеді. Ионитті мем-
браналы, көп камералы электродиализаторлар гидрометаллургия-
да жəне атом өндірісінде (қалдық суларды, тұздың концентрленген 
ерітінділерін тазалау үшін, қасиеті бір-біріне жақын элементтерді бояу 
үшін), теңіз суларын тұзсыздандыру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет