75
Гельдің бөлшектері белгілі орташа диаметрмен
сипатталатын ішкі
арналарда өткізгіш болып келеді. Белоктардың қоспасын гельмен
бірге бағанаға енгізеді жəне буферлі ерітіндімен сұйылтады. Гельдің
түйіршіктеріне өтуге қабілетсіз
белоктық молекулалар жоғары
жылдамдықпен көшіріле бастайды. Орташа жəне кішігірім белок-
тар қандай да бір деңгейде гельдердің түйіршіктерімен ұсталынып
қалады. Шығарда элюат бағаналарын жеке фракциялар түрінде жи-
найды.
Қандай да бір белоктың көлемі, негізінен, оның молекулалық
салмағына тəуелді болады. Сонымен, гель-сүзу – бұл əртүрлі
молекулалық салмағы бар заттардың қарапайым алуан түрлі ұяшықты
гельдер деп аталатын сүзу жолы арқылы бөлу əдісі.
Сондай-ақ гель-сүзу молекулалардың салмағының көлемін анықтау
үшін, нативті белоктардың ерітінділерін тұзсыздандыру үшін,
полимерлі ерітінділерді концентрлеу үшін қолданылады. Медицинада
гель-сүзу қан сарысуының белоктарын диагностикалық бөлу, мысалы,
макроглобулинемия, гемолюбинапатия, жүктіліктің ерте диагностика-
сында, ферменттердің таза дəрі-дəрмектерін алу үшін қолданылады.
Жоғарыда айтып кеткендей, гель-сүзуін ісінген түйіршікті гельдермен
толтырылған хроматографиялық бағаналарда жүргізеді, яғни сефадекс
гельмен (коммерциялық атауы – арнайы
химимялық өңдеуден өткен
полисахаридті декстрандар), биогельмен жəне т. б. жүргізеді.
Гель-сүзудің тиімділігі түйіршікті гельдер арасындағы саңы-
лаулардың мөлшері арқылы жəне əрбір түйіршік
ұяшықтарының
көлемімен анықталады: заттардың кіші молекулалары (гельдің едəуір
кіші ұяшықтары) түйіршіктердің ішінде таралады жəне өзіндік
ерекшелігі бар молекулалық сүзгі арқылы сүзген кезде ұсталынып
қалады. Ал неғұрлым үлкен молекулалар ұяшыққа кіре алмайды жəне
түйіршіктер арасындағы саңылауларға кіреді. Бұл əдістің
орындалуы
өте қарапайым жəне қолайлы жағдайда жүргізіледі.
Белоктарды бөлекшелеу əдісі ретінде гель-сүзу 1959 жылдан бері
белгілі жəне белоктарды сипаттау мен кіші көлемді үлгілері бар бе-
локтарды тазалау үшін биохимиялық зертханалар да кең түрде
қолданылады.
2.3-суретте гель-сүзудің жалпы жобасы көрсетілген.
76
2.3-сурет. Гель-сүзудің жобасы
(http://yanko.lib.ru/books/biolog/nagl_biochem/84.htm)
Гель-сүзуге арналған қондырғыны тазалау жəне залалсыздандыру
қиындық туғызбайды. Гель рН пен температураның
жоғары диапазо-
нына тұрақты жəне оны 120°С-та 30 минут аралығында автоклавтауға
77
болады. Күнделікті тазалау 0,1 жəне 1%-дық NaОН ерітіндісін 60°С
аралығында қолдану арқылы жүргізіледі, шамамен 200 сағат өткеннен
кейін гель 0,8-1% НNО
3
ерітіндісімен өңделеді.
Бұл əдісті ДЭАЕ-сефадекстің əртүрлі таңбаларымен жүргізеді.
ДЭАЕ-сефадекс дегеніміз – шамасы əртүрлі саңылауы бар түйіршік
түріндегі полисахарид (декстран немесе агароза). ДЭАЕ – диэтилами-
ноэтил. Мұндай сүзгіден белоктардың өту жылдамдығы олардың мо-
лекуласы шамасына байланысты. Гель-сүзу молекулалық елек сияқты.
Шағын молекулалы белоктар бағана арқылы өткен кезде сефадекс
түйіршіктерінің
ішіне енеді, ал ірілері түйіршіктердің аралығында
жүреді. Осыған байланысты ірі молекулалы белоктар бағана арқылы
тезірек өтеді де, бірінші болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: