Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Натрий додецилсульфаты катысуымен полиакриламидті



Pdf көрінісі
бет35/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
2.8. Натрий додецилсульфаты катысуымен полиакриламидті 
гельдің (ПААГ) электрофорез арқылы белоктардың 
қоспасын бөлу əдісі
Белоктарды электрофорез арқылы зерттеу белоктардың қоспасын 
(фракциялау) немесе жеке белокты бөлу үшін кен таралған əдіс бо-


93
лып табылады. Белоктардың электрофорезі белоктық қоспа құрамдас 
бөлiктерін талдауға жəне гомогендік белокты алуға да қолданылады. 
Электрофорез əдісі электрлік өрістегі зарядталған молекулалар 
козғалысын бөлуге негізделген. Полиакриламидті гельдегі (ПААГ) 
белоктардың электрофорезі – полиакриламидті гельде белоктардың 
қоспасын, олардың электрофоретикальқ қозғалысқа сəйкестігін 
анықтау (полипептидті тізбектің ұзындығы функциясына немесе 
молекулалық салмағына жəне де белоктың молекулалық ұйымдасуына, 
посттрансляциялы турлендіру жəне басқа факторларға бөлу) əдісі.
Электрофорез – бұл электр өрісінің əсерімен анодка немесе ка-
тодка ерітіндідегі зарядталған бөлшектердің (олардың жиынтық 
электрлік заряды таңбаға байланысты) орын ауыстыруы. Электр 
өрісі де молекулалардың қозғалыс жылдамдығына, олардың заряды
қалыбы жəне өлшеміне тəуелді болады, онда электрофорез оларды 
бөлу үшін қолданылады. Молекуланың буферлік ерітіндіде болатын 
шамасы жəне таңбасы ортаның рН-сы негізіне тəуелді кейбір жиынтық 
электрлік зарядқа ие болады. Егер бұл ерітіндіден электр тогын 
өткізсе, айналадағы орта туралы олардың үйкеліс қоныс аударудың 
жылдамдығына шек қояды, онда өз жиынтық зарядымен сəйкес 
үлкен молекуланың электр өрісінің əсерімен теріс заряды катод неме-
се анод бағытына көшеді. Зарядтың шамаларына жəне молекуланың 
өлшемдеріне байланысты əртүрлі жылдамдықтар алады жəне бұл – 
электрофорез үдерісінің мəні. Əртүрлі молекуладан тұратын бастапқы 
құралдың бірдей молекулалары бұрынғы жылдамдықпен көшетін 
аймақта бөлінеді. Дегенмен сұйықтарда айырғыш аймақтарды дефор-
мациялайтын жəне араластыратын конвекциядан құтылуға болмайды, 
сондықтан электрофорезді əдетте гельді ортада өткізеді. Демек, гель 
торының негізі гель торында түзілген, фракцияланған макромолеку-
лалар полимер желілерімен соқтығысады, бұл орта туралы үйкелісті 
үлкейтеді, сонымен қоса молекулалардың қозғалыс жылдамдығын 
төмендетеді. Егер гельдің кеңістіктік ұяшықтарының орташа диаметрі 
макромолекулалардың өлшемімен сəйкес келсе, қоныс аударуға 
арналған бөгеуілдер маңызды болады. Əртүрлі молекулалардың 
электрофоретикалық қозғалысы мен бөлінуінің дəрежесі олардың 
сызықты өлшемдеріне байланысты. 
Электрофорез макромолекулаларды мынадай маңызды параметрлер 
бойынша, өлшемдер (немесе молекулалық массасы), кеңістіктік кескін, 


94
екіншілік құрылым жəне электрлік заряд бөлуге мүмкіндік береді 
жəне де бұл параметрлер жеке немесе бірігіп шыға алады.
Биологиялық макромолекулалар – белоктар, нуклеин қышқылдары, 
полисахаридтер жəне т.б. су ерітіндіде нақты электрлік зарядтарды 
тасымалдайтын бөлшектер түрінде болады. Макромолекула заряды 
оның құрамдарына кіретін электролиттік диссоциацияға қабілетті 
топтармен анықталады. Топтардың диссоцияция дəрежесі көптеген 
жайттарға, оның ішінде ортаның рН-ына тəуелді. Сонымен бірге 
биологиялық макромолекуланың ортақ заряды басқа молекулалармен 
немесе иондармен өзара əрекеттесуінде өзгере алады.
Электрофорез белоктарды жəне нуклеин қышқылдарын талдау 
тазартуға өте кең қолданылады. Бір жағынан, бұл əдіс басқа зарядталған 
биологиялық молекулалар – қанттар, амин қышқылдары, пептидтер, 
нуклеотидтер жəне т.б. қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда белоктарды, 
нуклеин қышқылдарын жəне олардың бөліктерін фракциялау үшін тек 
қана гель-электрофорезді қолданады. Агароза жəне полиакриламидті 
(ПААГ) гельдер кең пайдаланылады. Полимердің концентрация-
сын езгертіп, кеуек өлшемдері өрісімен гельдерді алуға болады. Со-
нымен қатар буфердің рН-ы өзгеруі арқылы макромолекулалардың 
электрлік зарядтарын, ал олардың кескініне (конфигурация) буферге 
денатурациялайтын заттарды немесе детергенттерді қосуымен өзгерту 
мүмкін. Сұйық фазалардың басқа тасымалдаушылары ретінде целлю-
лоза ацетатының қабыршақтары, қағаз сүзгілер, силикагельдің жұқа 
қабаты, полисахарид, сефадекс жəне т.б. пайдаланылады. Мысалы, те-
мен молекулалық заттардың бөлінуі бұл жүйелерге кейбір жағдайларда 
өз артықшылығын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет