114
ала салқындатылған 5 M калий ацетатының (pH 5,2) 200 мкл қосады.
Біраз араластырып, мұзды моншада 20 мин бойы инкубациялайды.
Клеткалық дебристі 15 мин бойы 12000 айналымда (g) центрифугалап,
тұнбаға түсіреді. Тұнба бетіндегі сұйықты жаңа түтiкке іріктеп алады.
Фенолдың хлороформмен қоспасының тең көлемін алып қосады да,
галогенді эмульсия алғанға дейін араластырады. Су жəне органикалық
фазаларды 5 мин бойы 12000 айналымда (g) центрифугалау арқылы
ажыратады. Интерфазаны араластырмай, су фазасын таза пробиркаға
іріктеп алады. Тазалауды қайтадан жүргізеді. 5 мин бойы 12000 ай-
налымда (g) центрифугалайды. Қайтадан ақырындап су фазасын таза
пробиркаға жинап алады. 96% салқын этанолдың екі көлемін қосады
да, тұнба түскенге дейін араластырады. Тұнба толығымен түсуі үшін
түтiкті 20°С температурада 30 мин бойы (немесе түнге қалдырады)
мұздатады. Нуклеин қышқылдарын 15 мин бойы 12000 айналымда (g)
центрифугалап тұнбаға түсіреді. Тұнбаны 200 мкл 70% этанолмен шая-
ды, 2-3 рет оны қайталайды. Тұнба түбінен ажырайтын болса, тағы
да центрифугалайды. Тұнбаны кептіреді де, 20-50 мкл дистильденген
суда ерітеді. ДНҚ ерітіндісін 4°С температурада сақтайды.
Алынған ДНҚ-ны келесі рестрикциялық талдауларды жүргізу үшін
немесе полимеразалық тізбектік реакцияға негізделген əдістер үшін
кестелiк ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: