Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет60/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
ВаmН1 жəне SaL1 реетриктазаларына арналған қос сайтқа мəн беріңіз. 
Осындай рестрикциялық сайттарда екі антибиотикке төзімділік 
гендерінің болуы қажет ДНҚ-сы (бөтен ДНҚ-сы) бар плазмидаларды 
сұрыптап алуға мүмкіндік туады.
Плазмиданы ВаmН1 рестриктазасымен үзеді де, босаған орынға 
бөтен ДНҚ молекуласын (оларда алдын ала Ват1 рестриктаза-
сымен үзіледі) жалғайды, нəтижесінде рекомбинантты плазмида 
тетрациклинді ортада өсе алмайды, өйткені плазмиданың tеt генінің 
біртұтастығы бұзылған. Керісінше, плазмида ампициллинді орта-
да өседі, осындай ортада көбейетін бактериялардан қажет генді оңай 
табуға болады. Вектор антибиотиктерге төзімділік гендері бойынша 
таңбаланады.


149
рВR322 векторынан басқа СоlЕ1 плазмидасы негізінде бірнеше век-
тор құрастырылған. Қазіргі заманда көп генетикалық құрылымданған 
векторлар бар. Оларды пайдалану зерттейтін фрагмент пен ДНҚ плаз-
мидасы бар клеткаларды сəйкестендіруге мүмкіндік береді. Рекомби-
нантты ДНҚ əдісінде рUC18 деп аталатын плазмида жиі қолданылады 
(4.6-сурет). рUC18 плазмидаға тəн қасиеті вектор ретінде пайдалану 
ыңғайлы болады. 
4.6-сурет. Рекомбинантты ДНҚ əдісінде рUC18 плазмидасы жиі 
қолданылады. рUC18 плазмидада қасиеті мен ерекшелігіне 
байланысты векторды пайдалану ыңғайлы. Плазмидада сұрыптау жүйесі 
бар, сондықтан оның негізінде рекомбинантты плазмидаларды сұрыптап 
алуға болады. рUC18 ДНҚ-ның молекуласында lасZ бактериалдық 
геннің фрагменті бар. Оның ішінде полилинкерлі жер орналасады. 
Хgаl компоненті бар қоректік ортада рекомбинантты плазмидалар-
ды өсіргенде құралмаған бактериалдық клеткалар көк колонияларда 
қалыптасады. Полилинкерлі жерде ДНҚ фрагменті біріктірілгенде, 
lасZ геннің нуклеотидтік тізбегі ыдырайды. Ген бəсеңдетеді жəне 
рекомбинантты плазмидаларда құралған бактериалдық клеткалар 
ғана колонияларды түзейді (У. Клаг, М. Каммингс, 2007)


150
Фагтық векторлар. Вектор ретінде бактериялармен қатар бакте-
риалдық вирустар негізінде векторлар да қолданылады (4.4-сурет). 
Плазмид негізінде құрылымдалған векторларға 10 мың н.ж. тізбекті 
нуклеотид енгізуге болады. Бірақ векторларға ДНҚ-ның үлкен 
фрагменттерін енгізу болмайды. Осы мақсатқа байланысты векторлар 
ретінде генетикалық өзгерілген бактериальдық вирус лямбда штам-
дарды немесе лямбда фаг (λ) деп аталатын қолданылады. 
Фагтың векторлары. Вектор ретінде бактериялармен қатар бакте-
риалдық вирустар да қолданылады (4.7-сурет). Плазмид негізінде 
құрастырылған векторларға 10 мың н. ж. тізбекті нуклеотид енгізу 
қажет, бірақ векторларға ДНҚ-ның үлкен фрагменттерін енгізуге бол-
майды. Осы мақсатқа байланысты векторлар ретінде генетикалық 
өзгерілген бактериалдық вирус лямбда штамдарын немесе лямбда фаг-
ты (λ) қолданылады.
4.7-сурет. Электрондық микроскоп көмегімен алынған лямбда λ 
бактериофагтардың бояулы фотографиясы. Рекомбинантты ДНҚ əдісті 
ДНҚ-ны клондау үшін лямбда бактериофагтың ДНҚ-сы вектор ретінде 
кең қолданылады (У. Клаг, М. Каммингс, 2007)
Лямбда (λ) фагты вектор ретінде пайдаланғанда, бастапқыда 
оның ДНҚ-сын рестриктазасымен (мысалы, ЕcоRI) үзеді. Осының 
нəтижесінде үш бөлiк: сол жəне оң хромосоманың иық жəне орталық 
бөлігі пайда болады. Фаг хромосомының иығы бөтен ДНҚ-ның 
фрагменттерімен байланысады. Содан кейін молекулаларды ДНҚ-
лигазамен «тігеді». 
Қазіргі уақытта лямбда фагтың барлық гендері сəйкестендірілген. 
Оның барлық геномының тізбекті нуклеотиді белгіленген (4.5-су-
рет). Олардан вектор алу əдістемесі лямбда фагында жете зерттелген. 


151
Лямбда фагтың ДНҚ-сы қос тізбекті жəне формасы түзу, оның гено-
мы 48,5 мың н. ж. тұрады. Фаг ДНҚ-сының 12 н. ж. құралған компле-
ментарлы жабысқақ ұштары бар. Олар фаг клеткаға енгеннен кейін 
бір-бірімен бірігіп, ДНҚ сақиналы формаға ауысады. Сақиналы ДНҚ 
репликациялық форма болып саналады. Лямбда фагтың ДНҚ мо-
лекуласында 60-тай ген бар. Фагтың геномында лизистік даму мен 
ұрпағын көбейту үшін қажет (маңызды) гендері жоқ екі учаскесі бар. 
Бірінші учаске фаг геномының орталық бөлігінде (маңызды емес ген-
дер) орналасқан, оның ұзындығы 22,0 мың н. ж. тең, екінші учаске Р 
мен Q гендер арасында орналасқан, ұзындығы 3,0 мың н. ж. тең. Осы 
бөліктерді бөтен ДНҚ молекуласымен ауыстыруға болады. Лямбда 
фагтың вектор ретінде кең таралуы осы қасиеті мен ерекшелігіне бай-
ланысты, бұдан басқа оның орташа фаг екендігі бұрыннан белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет