139
Рекомбинантты ДНҚ құрастырудың ең кең таралған əдісі рестрикта-
заларды қолдануға сүйенеді. Ол жабысқақ ұштар əдісі деп аталады. Бұл
əдісте рекомбинантты ДНҚ құрастыру Коэн-Бойер үлгісі бойынша іске
асады. Генде (бөтен ДНҚ үзіндісі де) жəне векторда бір рестрикциялық
ферменттің көмегімен үзіледі, нəтижесінде олардың ұштары бір-біріне
комплементарлы, яғни жабысқақ болғандықтан, гибридтік (немесе
химерлі) ДНҚ молекуласына ДНҚ лигаза ферментінің көмегімен оңай
бірігеді. Жабысқақ ұштар əдісі өзі танитын ДНҚ бөлігін симметрия
өсінен біршама қашықтықта үзетін рестриктазаларга сүйенеді.
Рекомбинантты ДНҚ-ны жабысқақ ұштар əдісі
бойынша құрас-
тырудың жақсы жақтары жəне кемшіліктері бар. Алынған гибридтік
ДНҚ тізбегінде рестриктаза тани алатын бөліктердің қалпына келуі
əдістің жақсы жағын сипаттайды. Бұл бөтен ДНҚ фрагментін осы
рестриктазаның əсерімен салыстырмалы оңай бөліп алуға мүмкіндік
береді. Ал рестриктаза арқылы алынған барлық тізбектердің –
жабысқақ ұштардың бір-бірімен (гомологты тізбектер) реассоцияла-
нып (қайтадап бірігуі) кетуі əдістің кемшілігін көрсетеді.
Осының
нəтижесінде векторлық молекулалардың бірқатар бөлігі ендірмелермен
емес, өз ұштарымен тікелей əрекеттесуі арқасында қалпына келеді, ал
басқа векторлар болса, бірнеше біріккен бөтен ДНҚ молекулаларынан
құралған ендірмелермен қосылып кетуі мүмкін. Сондықтан бір ғана
ендірмесі бар гибридтік векторларды іректеу жұмысын іске асыру ке-
рек.
Бұдан басқа, бұл əдістің күрделілігі бар: рестриктаза танитын
нүктелер тəжірибе үшін ыңғайлы бөлікте орналаспауы мүмкін, мы-
салы, олар қажет геннің ішінде орналасады. ДНҚ-ның кез келген
ұшын плазмидамен рекомбинациялау үшін пайдалануға мүмкіндік
туғызатын басқа əдістер де бар.
Гомополимерлі ұштар əдісінде немесе конекторлық симметрия
өсімен үзетін рестриказа арқылы алынған ДНҚ фрагменттерінің
«доғал» ұштарына (шығыңқы бір тізбекті бөлігі жоқ)
терминалдық
трансфераза ферментінің көмегімен гомонуклеотидтер, мысалы,
ДНҚ-ның 3'-ұштарын поли (Т) немесе поли (Ц), ал
векторлық ДНҚ-
ның 3'-ұштарына поли (А) немесе поли (Г) жалғанады. Гомополимерлі
ұштардан құралған ДНҚ фрагменттерін (бөтен ДНҚ жəне вектор) бір
ортаға қосса, олар комплементарлы жұп негіздерін түзеп, оңай бір
молекулаға бірігеді. Немесе ДНҚ бөлiкке де, вектордың ұшына да
синтетикалық қос тізбек (линкер) жалғайды. Содан соң линкерді тани-
140
тын жəне оны жабысқақ ететін рестриктазамен үзеді.
Бұл жолмен де
жабысқақ ұштар алынады.
Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастырудың ыңғайлы əдісі –
доғал ұштарды жалғау (тігу). Оның негізіне Т4 фагынан бөлінген
ДНҚ-лигаза ферментінің доғал ұшты екі ДНҚ молекуласын жалғау
қабілеттілігі жатады. Бұл əдістің артықшылығы оның кез келген соңғы
нуклеотидтер тізбегін жалғай алатындығынан тұрады. Егер белгілі екі
тізбекті араларын ендірмеусіз жалғау керек болса, онда бұл əдісті пай-
далану өте ыңғайлы.
Рекомбинантты ДНҚ құрастырудың қаралған үш əдісінің бірнеше
модификациялары (өзгешеліктері) бар жəне де
ген мен векторлық
молекуланың ерекшелігіне байланысты əдістемесі əртүрлі болуы
мүмкін. Көпшілік жағдайда линкер технологиясы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: