Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет74/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Гемагглютинацияларды тежеу реакциялары (РТГА) иммунды 
сарысу эритроциттері гемагглютинациясының вирустармен теже-
лу құбылысына негізделеді. Олар ісікке қарсы антиденелерді титр-
леу жəне анықтау үшін қолданылады. Ол тұмаудың, қызылшаның, 
эпидемиялық паратифтің, кене энцефалитінің жəне қоздырғыштары 
гемагглютинирлеуші қасиеттеріне ие болатын вирусты инфекция-
лар серодиагностикасының негізгі əдістерін атқарады. Мысалы, кене 
энцефалитінің серодиагностикасы үшін ұяшықтар тақтасына ауру адам 
сарысуының сілтілі буратты буферлі ерітіндіде екі реттік сұйылтуын 
құяды. Содан кейін белгілі бір мөлшерде 8 АЕ (агглютинирлеуші 
бірлік), кене энцефалитінің антигенін қосады, 18 сағат экспозиция-
дан кейін, 4°С температурада қышқыл фосфатты буфер ерітіндісінде 
дайындалған қозы эритроциттерді енгізеді. Егерде ауру адам қан са-


187
рысуында, кене энцефалитінің вирусында антиденелер бар болса, 
онда антиген нейтралданады жəне эритроциттердің агглютинациясы 
жүрмейді.
Преципитация ерекше құбылысына негізделген реакциялар. Преци-
питация антиденелердің ерітінділерімен өзара əсерлесуі нəтижесінде 
болады. Преципитацияның ең қарапайым мысалы антиденелерде 
антигендердің қоюлануы шекарасында преципитацияның түтікте мөл-
дір емес жолақтардың түзілуі болып табылады.
Жартылай сұйық агар гельдері мен агарозаларда преципитацияның 
түрлі реакциялары кең қолданылады. Ал ол, өз кезегінде, бір уақытта 
сапалы жəне санды сипатқа ие болады. Антигендер мен антидене-
лер гельде бос диффузиялардың нəтижесі қатынасының қолайлы 
аймағында арнайы кешен түзеді. Арнайы кешендер – бұл визуалды 
немесе бояу кезінде анықталатын преципитация жолақтары. Əдістің 
ерекшелігі – əрбір антиген-антидене жұптары преципитацияның жеке 
жолақтарын қалыптастырады жəне реакция зерттелетін жүйенің басқа 
антигендер мен антиденелердің болуына тəуелді емес.
Қос иммунодиффузияны анықтау үшін, шыны пластинкаларға 
ерітілген гель қабатын құяды жəне қатудан кейін 1,5-3 мм диаметр-
де яшықтарды кеседі, айналым бойынша орнатылған ұяшықтарға 
зерттелетін антигенді енгізеді, орталық ұяшықтарға белгілі ар-
найы иммунды сарысуды қосады. Бір-біріне қарама-қарсы отырып, 
гомологиялық сарысулар жəне антигендерден преципитаттарды түзеді.
Радиалды иммунодиффузия əдiсi. Радиалды иммунодиффузияның 
ең қарапайым жəне таралған əдiсінің қағидасы преципитацияның 
гелiнде антиген (зерттелетiн сарысуды иммуноглобулинді) жəне 
антиденелерi (үйреншiктiсi сарысу болатын адамның иммуноглобу-
линге антиденелер) өзара əрекеттесу пайда болатын сақиналардың 
диаметрiнiң бағасында болады. 
IgG, IgМ, IgА антденелерде болатын үйреншiктi сарысулар ерiген 
агармен араластырады. Бұл қоспаны арнайы пластиналарға құяды. 
Оның мұздап кетуiнен кейiн əрбiр пластинада арнайы ойғыш 2 
мм-шi диаметрiмен 35 қуыстары iстейдi (5.1-сурет). Қуыстарында 
микротамызғышпен 2 мкл бiртiндеп өсiрулер бойынша (1:1, 1:2, ..., 1:8) 
белгi иммуноглобулиндің концентрациясы бар үйреншiктiсi сарысуды, 
сонымен бiрге зерттелетiн сарысудың өсiрулерiн сондай етіп (белгiсiз 
иммуноглобулиндердің концентрациясымен) кiргiзеді. 


188
5.1-сурет. Радиалды иммунодиффузия əдiсi арқылы иммуноглобулиндердің 
концентрациясын анықтау жобасы 
http://medbook.medicina.ru/chapter.php?id_level=404
А – иммуноглобулиндерде болатын антиденелер агар енгiзілген пластина 
қуысында үйреншiктi жəне зерттелетiн сарысудың құйылуы.
Б – инкубациядан кейiн пластинаның бөлiгi (диаметрi иммуноглобулин-
дердің концентрациянан тəуелдi болатын преципитацияның сақинасы 
көрiнедi). В – үйреншiктi сарысуды иммуноглобулиндердың 
концентрациясы преципитация сақиналары диаметрi тəуелдiлiгiнiң 
калибрлеуден кейінгі қисығы


189
Радиалды иммунодиффузия кезінде (Манчини əдісі бойынша) им-
мунды сарысуды оларға енгізеді. Ұяшықтарға енгізілген антигендер 
агар арқылы диффундирленеді жəне иммунды сарысуымен преци-
питация нəтижесінде ұяшықтар айналасында мөлдір емес сақиналар 
түзіледі, яғни оның сыртқы диаметрі антиген концентрациясына 
шамалас. Бұл əдіс иммуноглобулиндер топтарын анықтау үшін 
қолданылады, ал əдістің жанартылуы микробқа қарсы антиденелерді 
анықтау үшін қажет.
Иммунды электрофорез электр өрісінде антигендер мен антиде-
нелердің гельде миграциялануын реагенттерімен, гель пластин-
калардың орнату жолымен жоғарылауына негізделген. Антиген мен 
антиденелердің жылжымалылығы мен зарядына сəйкес құрамдас 
бөлiктерге бөлінуі іске асады. Иммунды электрофорездің əртүрлілігі, 
əралуандылығы радиоиммунды форез болып табылады. Бұл жағдайда 
антигенді электрофоретикалық бөлуден кейін гельде антигендердің 
параллель қозғалысымен қиылған ойыстарға, ең алдымен, анықтаушы 
антигендерге қарсы радиоактивті иодпен таңбаланған иммунды сары-
суды құяды, содан кейін антигендермен түзілген кешендерді преци-
питациялайтын IgG антиденелеріне қарсы иммунды сарысуға кұяды. 
Барлық байланыспайтын реагенттерді жуады, ал антиген-антидене 
кешенін авторадиография əдістерімен табады. Теңіз шошқаларының 
жаңа сарысу қолдану ретінде комплементінің қатысуымен жүретін 
реакциялар Скg комплементінің субқұрамдас бөлiк қабілеттілігіне 
негізделген, содан кейін комплементінің басқа құрамдас бөлiктерімен 
иммунды кешендерге қосылады, комплементті байланыстыратын ре-
акция (РСК) антиген-антидене комплексімен комплементтің бекiту 
деңгейі бойынша антигендерді немесе антиденелерді титрлей ала-
ды. Бұл реакция екі фазадан тұрады: антигендердің сыналатын қан 
сарысуымен өзара əсері (зерттелетін жүйе) жəне гемолитикалық 
сарысулардың қой эритроциттерімен өзара əсері (индикаторлы жүйе). 
Зерттелетін жүйеде оң реакция кезінде комплементпен байланысуы 
жүреді жəне сол кезде эритроциттер гемолизінің сенсибилизирленген 
антиденелерін қосу байқалмайды. Реакцияларды сифилис (Васерман 
реакциясы), вирустық жəне бактериалды инфекциялардың серодиаг-
ностикасы үшін қолданады. Эритроциттердің радиальды гемолизінің 
реакциясы гельде өтуі мүмкін. Қой эритроцитінің өлшемін ком-
плементпен агароздық гельде орнатады; шыныда суып кеткен 
қабаттан ұяшықтар жасайды жəне оған гемолитикалық қан сарысуын


190
5.2-сурет. Иммунды электрофорез əдiсiнiң үлгiсi 
http://medbook.medicina.ru/chapter.php?id_level=404:
А – iзделiп антигенмен зерттелетiн сарысуды қуысқа енгiзу;
Б – зерттелетiн сарысу белоктарының электрофорез арқылы бөлiнуi;
В – iзделiніп отырған антигенмен антиденелер бар үйреншікті 
антисарысуды қуысқа енгiзу;
Г – зерттелетiн сарысуда iзделiп, антиген болған жағдайдағы 
преципитация доғаларының пайда болуы
енгізеді. Ұяшықтар айналасында антиденелердің радиальды диф-
фузия нəтижесінде геолиз аймағы түзіледі, бұл жерде радиус сарысу 
типтеріне шамалас болады.
Иммунологияда биологияның басқа да салаларының экспери-
менталды əдістері қолданылады. Антигендер мен антиденелерді бе-
локтарды фракционирлеудің биохимиялық əдістерінің көмегімен 


191
бөліп алады, иммунологиялық маңызды молекулалардың гендерін 
қарапайым молекулалық генетикалық əдістермен секвенирлейді. 
Сонымен қатар иммунологияда антиген-антидененің өзара əсеріне 
негізделген өздерінің арнайы зерттеу əдістері құрастырылған. Бұл 
иммунологиялық əдістер, өз кезегінде, биологияның алуан түрлі са-
лаларында кең қолданыс тапқан. Антигендік қасиетке ие кез келген 
молекуланы ұлпаларда иммуногистохимиялық əдістермен шығарып 
алуға болады. Едəуір төмен коцентрацияда болатын осындай молеку-
лаларды сандық анықтау үшін радиоиммуноталдауды жəне ферментті 
иммуносорбентті талдауды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет