186
рысу арқылы толық емес антиденелерді шығаруға негізделген. Белгілі
арнайылығы бар эритроциттерге қанның зерттелетін сарысуын, одан
кейін IgG-ге қарсы антиглобулинді сарысуды қосады (Куллебустың
тікелей қатынас емес реакциясы). Зерттелетін қан сарысуындағы толық
емес антиденелердегі Fab-фрагменттері эритроциттерге қосылады, ол
осы антиденелердің бос Fс-фрагменттеріне IgG-ге қарсы антиденелер
қосылады. Сөйтіп, эритроциттердің агглютинациясы жүреді.
Енжар немесе тікелей емес гемагглютинациялардың реакцияла-
ры (РПГА, РНГА) бетінде антигендер (бактериалдық, вирустық) не-
месе антиденелер сорбирленген эритроциттер немесе нейтралды
синтетикалық материалдарда қолданылады. Олардың агглютинациясы
тиісті сарысуларды немесе антигендерді қосу кезінде жүреді. Антиген-
дермен сенсибилизирленген эритроциттерді антигенді эритроцитарлы
диагностикум деп атайды жəне антиденелерді анықтау мен титрлеу
үшін қолданады. Антиденелермен сенсибилизирленген эритроциттерді
иммуноглобулинді эритроцитарлы диагностикумдар деп атайды жəне
антигендерді анықтау үшін қолданады.
Енжар гемагглютинация реакциясы бактериялармен (құрсақ, сүзек
жəне паратифтер), дизентерия (қан тышқақ, бруцеллез, оба, холера
жəне т.б.), қарапайымдылармен (безгек), вирустармен (тұмау, аденови-
русты инфекциялар, В вирусты гепатит, қызылша, кене энцефалиті,
крымдық геморрагиялық безгек жəне т.б.) туатын аурулардың диаг-
ностикасы үшін, сонымен қатар кейбір гормондарды анықтауда, ауру
адамның дəрілік препараттар мен гормондарға, мысалы, пенициллин
мен инсулинге жоғарғы сезімталдығын анықтауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: