Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет39/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесінің теориясы 
мен практикасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларында, «Интеллектуалды ұлт-2020» 
жобасында ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім жүйесімен кіріктіру 
стратегияларының мақсаты мен талаптарына сәйкес бағыттардан туындап отыр. 
Диссертациялық зерттеу нәтижесінде алға қойылған міндеттер 
орындалды, зерттеу болжамы расталды және қорғауға ұсынылған қағидалар 
дәлелденді 
Сонымен жүргізілген зерттеу нәтижелері келесі қорытынды жасауға 
мүмкіндік берді: 
1. Диссертацияда, кӛпұлтты да, кӛпдінді елде, егемендігі мен мемлекеттігі 
қатар қалыптасып отырған әлемнің алпауыт та, алып елдерінің кӛшіне ілесуде 
еліміздің ұстанған бағытын және жоғары мектептің мақсат-міндеттерін 
айқындап бірінші қатарға еліміздің зияткерлік элитасы, болашақ мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесінің ӛзектілігі айқындалды.
2. Зияткерлік әлеует – тұлғаның іс-әрекетінің табыстылығын қамтамасыз 
ететін тапқырлық, қиылыстыру қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация 
еркіндігі, мотивация және зияткерлік бағыттылық қорынан құрылатын 
ӛзгеріске бейім психологиялық құрылым. 
3. Зияткерлік әлеует психологиялық құбылыс ретінде ӛзгереді, дамиды. 
Оның зияткерлік және мотивациялық критерийлері анықталып, тапқырлық, 
қиылыстыру қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация еркіндігі, зияткерлік 
мотивация және зияткерлік бағыттылық кӛрсеткіштерімен нақтыланды. 
3. Педагогикалық-психологиялық шарттардың жиынтығы негізделді және 
олар мына ортада басымдық мәнге ие болатыны анықталды: білім беру 
үрдісінің акмеологиялық бағыттылығы және оқытушылардың кәсібилілігін 
айқындау, болашақ мұғалімдерді дайындау үрдісінде андрагогикалық 
қағидаларға сүйену, ЖОО-нда зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал етуші 
кәсіби-зияткерлік орта, студенттердің жалпы және арнайы дайындығының 
қажетті және жеткілікті деңгейінің болуы.
4. Зияткерлік әлеуетті дамытудың психологиялық механизмдері 
(рефлексиялық, ӛзін басқару және ӛзін-ӛзі бағалау) анықталды. Олардың ЖОО 
– нда кәсіби дайындау үрдісінде ӛнімділігі эксперименталды зерттеу 
нәтижелерімен дәлелденді.
5. Зияткерлік әлеуетті дамыту кезеңдік сипатқа ие және ӛзара 
байланысқан үш кезеңмен, яғни мотивациялық-мақсатты, мазмұндық-әрекеттік, 
бақылаушылық-диагностикалық кезеңдерде жүзеге асырылды. 
6. Зияткерлік әлеуетті дамытатын теориялық (құрылымдық-мазмұндық) 
модель әзірленді. Онда зерттеудің әдіснамалық бағыты, сол бағытты 
жетілдіретін стратегия бар. Әзірленген модель ӛзара байланысқан кезеңдік 
ӛлшемдік кӛрсеткіштер арқылы даму деңгейін арттыруға бейімделгені 


130 
дәлелденді. Жүргізілген эксперимент нәтижелері зияткерлік әлеуетті кәсіби 
дайындық үрдісінде дамыту қажет екенін әрі мүмкін екенін мойындайды.
8. Модельді жоғары оқу орындарында білім беру ісінде белгіленген тәртіп 
бойынша мақсатты түрде жүзеге асыратын болса, болашақ мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетін дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Сол арқылы 
кәсіби білім беру сапасын арттыруға болады.
9. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың арнайы курс 
бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды және оның тиімділігі тәжірибелік 
тұрғыда дәлелденді. 
Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту күрделі әрі кӛпқырлы 
мәселеле болып табылады. Біздің зерттеу жұмысымыздан алынған нәтижелер 
оны шешудің бір ғана жолы деп есептейміз. Осы бағытта тек болашақ 
мұғалімдердің ғана емес, сонымен жалпы білім беру жүйесінің барлық 
мамандарында осы сапаны дамытудың жолдарын айқындап, зияткерлік 
әлеуеттің кӛрсеткіштері және оларды зерттеуді әдістемелік жағынан 
қамтамасыз ету тұрғысынан жалғасын табуы қажеттілігі бар деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет