Кенжин жаксат болатович


Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау



бет67/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызмет құру, дамытуға қолайлы жағдай туғызатын шаралар кешенін сипаттайды. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар қатарына мемлекеттік және мемлекеттің тарапынан құрылған ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетел ұйымдары, коммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы төмендегідей анықталады: кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі, және дамуы кезінде мемлекеттік жәрдем беру және қолдау, қаржылық көмек, ақпараттық-сараптамалық көмек, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыруда материалдық-техникалық көмек көрсету. 28-суретте ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының жүйесі берілген.
Мемлекеттік институттар жүйесі шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық Уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР Индустрия және сауда министрлігі, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қала және облыс әкімдіктері жанындағы департаменттерден тұрады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік емес институттарының жүйесіне кәсіпкерлердің өңірлік және салалық қоғамдық бірлестіктері – кәсіпкерлік инкубаторлар мен технологиялық парктер кіреді.

Сурет 28 - Кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы институттар жүйесі

Жеке кәсіпкерлікті реттеу мен қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.


Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:
- мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;
- үкіметтік емес мекемелер;
- коммер циялық мекемелер кіреді.
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады:
-бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау;
- қаржылық қолдау;
- ақпараттық - талдау жағынан қолдау;
- кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау;
- материалдық-техникалық жағынан қолдау.
Жеке кəсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді қоса алғанда, жеке кəсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсіндірледі.
Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет