Кенжин жаксат болатович


Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау



бет65/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайының, оның қаржылық нәтижелерін, актив құрылымындағы, капиталдағы және мінндеттегі өзгерістерді объективті және дәл суреттейтін ең ақпаратты параметрлерінің аз санын алу.
Нарық жағдайдағы кәсіпорын әрекетінің мақсатқа сәйкестілігі табыс алумен анықталады. Шаруашылық субъекттің табыстылығы абсолюттық және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың қосындысы. Арнайы шетел әдебиетінде табыстың келесі анықтамасы беріледі: «Табыс – бұл есепті мерзімнің ішінде қаражат ағылып келу немесе актив құнының көбейуі әлде пассивтерді қысқарту түрінде экономикалық пайданы көтеру, ол капиталдың өсуіне әкеледі, ондай өсу акционерлер жарналары арқасында қамтылу жағдайын санамағанда».
Жалпы түрде табыс шаруашылықтың нәтижесін, жанды және заттандырылған еңбек шығынның өнімділігін көрсетеді. Біреулер оны экономикалық әсер көрсеткіші деп, басқалары кәсіпорын жұмысының тиімділік нәтижесі ретінде санайды.
Нарық жағдайында табыс алу әр шаруашылық субъекті жұмыс істеуінің негізгі мақсаты болып табылады. Ол кәсіпорын қаржылық базасының басты көзі, өндірістік және әлеуметтік даму құралы болып саналады.
Табыстың арқасында кәсіпорынның бюджет, банктер және басқа нарық субъектілерінің алдындағы міндеттердің бөлігі орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның қаржылық және өндірістік әрекетін бағалаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі деп саналады. Ол оның іскерлік белсенділігі және қаржылық саулығы деңгейін сипаттайды.
Нарық қатынас жағдайында табыс екі негізгі функцияларды өтейді: біріншіден, мемлекеттік бюджет көзі ретінде, екіншіден, кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзінің ретінде.
Кәсіпорын табыстылығы көрсеткішін талдау міндеттеріне кіреді:
- табыстықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің жоспарын орындауды бағалау;
- таза табыс қалыптасудың құрылым элементтерін зерттеу;
- факторлардың табыс мөлшеріне ықпал деңгейін табу және сапалы өлшеу;
- табыс бөлу көрсеткіштерін зерттеу;
- табыстылықтың түрлі коэффициенттерін зерттеу;
- табысты тиімді пайдалану бойынша нұсқауларды өңдеу.
Кәсіпорын табыстылығының бірінші абсолюттік көрсеткіші болып өнім өткізуден келген табыс саналады. Өнім өткізуден келген табыс мөлшеріне өнім өндіру деңгейі, өнім сапасы, өткізілмеген өнімдердің қоймаларда және сатып алушыларда жауапты сақталуда болған тауарлар қалдықтарын өзгерту ықпал етеді.
Кәсіпорын табыстылығының екінші абсолюттік көрсеткіші болып жалпы пайда саналады. Ол - өнім өкізілуден алынған қаржылық нәтиже, өнім өткізу табысы және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының айырмасы ретінде есептеледі. Жалпы пайда көптеген факторларға тәуелді, біріншіден, өндірістік өзіндік құнына, өткізу бағасына, сату көлеміне, өткізілген өнім құрылымына.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне кәсіпорын әрекетінің тиімділігін сипаттайтын рентабельдік көрсеткіштері жатады. Көрсеткіштердің үш тобын айқындайды:
а) жалпы активтердің;
б) өнімдердің;
в) ақша қаражатының таза ағылып келу базасында есептелген.
Ең бірінші жалпы активтердің табыстылық деңгейі көрсеткішін атау керек. Тәжірибеде қысқамерзімді активтер табыстылығы сияқты көрсеткіш кеңінен қолданылады.Өнім табыстылығының көрсеткіші– сату көлемінің табыстылығы. Өнім бірлігінің табыстылығы сату баға мен бұйымның өзіндік құны арасындағы айырма қатынасымен анықталады.Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақшалай қаражаттың таза ағылып келу негізінде есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет