Кератопластиктер



бет11/64
Дата03.12.2023
өлшемі312,85 Kb.
#134211
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Изменения слизистой оболочки полости рта при детских инфекционных заболеваниях
$$$001
Бала 4 жаста. Тіс дәрігеріне анасы дене қызуының 38С көтерілуіне, ауыз қуысының қызаруына шағымданып келді. Балада жөтел, мұрыннан шырыштың көп бөлінуі, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: қатты және жұмсақ таңдайдың сілемейлі қабығында қызыл энантемалар. Ұрттың сілемейінде, молярлар тұсында, жиегі сақиналанып қызарған ақ дақтар анықталады. Осы аурудың қоздырушысы не?
A) А гемолитикалық стрептококк
B) фильтрлеуші вирус
C) Леффлер таяқшасы
D) Коксаки вирусы
E) кандида зеңі
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделігі}= 3

Грибковые заболевания слизистой оболочки полости рта
$$$001
Бала 3 жаста. Анамнезде: бала бірнеше күн бұрын жедел бронхитпен науқастанған. Ем жүргізілген. Кейіннен ауыз қуысында ақ түсті ұсақ түйіршікті қақ түзілген. Қақ тампонмен оңай сүртілген. Дәрігерге қаралмаған. Ауыз қуысын түймедақ қайнатпасымен шайып, ұйықтар алдында тіл мен ұртты балмен сылаған. Бала әлсіреп, дене қызуы 38,4С көтерілген. Ауыз қуысында: ерін, ұрт, тіл сілемейлі қызарған, бетін көптеп ақ – сұр түсті, ұсақ түйіршікті қақ басқан. Қақ тампонмен алынуы қиын, алған орнында сілемей қатты қызарған. Диагноз қойыңыз.
A) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, жеңіл дәрежесі
B) жедел атрофиялық кандидоз, орташа дәрежесі
C) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, орташа дәрежесі
D) созылмалы гиперпластикалық кандидоз, жеңіл дәрежесі
E) жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, ауыр дәрежесі
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделігі}= 2

Болезни зубов у детей некариозного происхождения
$$$001
Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 14 13 12 11 21 22 23 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Диагноз қойыңыз.
A) беткейлік кариес, декомпенсациялық түрі
B) флюороз, бортүстес теңбілді (меловидно-крапчатая) түрі
C) жүйелік гипоплазия, дақты түрі
D) флюороз, дақты түрі
E) жүйелік гипоплазия, эрозиялық түрі
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделігі}= 3

$$$002
Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 14 13 12 11 21 22 23 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Ем тағайындаңыз.


A) кальций препаратымен рем.терапия, реставрация
B) ағарту, кальций препаратымен рем.терапия, реставрация
C) рем.терапия, стеклоиономерлі цементпен ақауды жабу
D) ақауды егелеу, күміс нитратымен импрегнация
E) ақауды егелеу, кальций, фтор препаратымен рем.терапия
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделігі}= 3


Острый гнойный периостит

$$$001
Бала 5 жаста. Төменгі жағының оң жағы ауыратынына шағымданады. Қарау кезінде: беті ассимметриялы – ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі себебінен. Сипап көргенде инфильтрат жұмсақ, аурушаң, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында: 85 тістің ½ бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады. 84,85 тістер айналасындағы кілегей қабығы қызарған, ісінген, өтпелі қатпары тегістелген, сипап көргенде ауырсынады. Диагноз


A) жедел одонтогенді остеомиелит
B) жедел іріңді периостит
C) одонтогенді флегмона
D) аденофлегмона
E) одонтогенді абсцесс
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3
$$$002
Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесіне 6 жасар қыздың ата-анасы жоғарғы жақсүйектің оң жағының ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауырсыну 4 күн бұрын пайда болған, кеше ісіну пайда болған. Дәрігерге қаралмаған, үйде емделген, құрғақ жылы компрессор қойған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, бала жігерсіз, дене қызуы 38,1°С. Оң жақ беттің және көзастының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің ассиметриясы байқалады. Ісінген аймақта тері жабындысы аздап қызарған, ыстық. Пальпацияда жұмсақ консистенция байқалады, ауырсыну жоқ. Ауыз қуысында: 54 тістің сауыттық бөлігі ½ бөлігіне дейін бұзылған, тіс қозғалмалы. 54 тіс аймағының шырышты қабаты ісінген, пальпацияда ауырады, флюктуация анықталады. Қандай емдеу әдісі бұл жағдайда қолданылады?
A) 5.4 тісті жұлу, антибактериальды терапия
B) Периостотомия, антибактериальды терапия
C) Периостотомия, 5.4 тісті жұлу
D) Остеоперфорация, 5.4 тісті жұлу
E) Остеоперфорация, сүйекішілік лаваж
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 3

$$$003
Бала 7 жаста. Төменгі жағының оң жағы ауырып, ісінгеніне шағымданады. Қарау кезінде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,5*С, беті ассимметриялы – ұрт жұмсақ тіндерінің ісінуі себебінен. Сипап көргенде инфильтрат жұмсақ, шекарасы айқын емес, аурушаң, терісі өзгермеген. Ауыз қуысында: 85 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады, 1 дәрежелі қозғалғыштық бар, өтпелі қатпар қызарған, тегістелген аурушаң. Емдеу тәсілі


A)Тісті жұлу, антибактериальды терапия
B) Іріңдікті ашу, остеоперфорация, сүйек ішілік лаваж
C) Тісті жұлу, периостеотомия
D) Іріңдікті ашу, антибактериальды терапия
E)Антибактериальды, қабынуға қарсы терапия, физиоем
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 3




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет