Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы



Pdf көрінісі
бет50/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Əдебиеттернег. 3[241-256], 4[83-101], қос. 12[8-21], 19[1-15].
Бақылау сұрақтар:
1. Ағынды сулардың анықтамасы жəне ағынды суларды тазартудың
негізгі əдістері.
2. Тазартудың, залалсыздандырудың жəне қауіпсіздендірудің мəні неде?
3. Ағынды суларды биологиялық əдіспен тазарту деген не?
4. Ферменттер дегеніміз не? Биологиялық тазарту əдісінде олардың ролі
қандай?
5. Биологиялық тазарту əдісінде қандай шарттарды орындау қажет?
6. Биологиялық тазарту процесінде ағынды сулар сапасының қандай
негізгі көрсеткіштерін білесіздер?
7. ОБҚ, ОХҚ, илдік индекс дегеніміз не?
6-тақырып. Өндірістік ағынды суларды улы заттардан (Cr(6
+
), Cu
2+
,
Ni
2+
 жəне т.б.) тазарту əдісі.
Тапсырма: оқытушының тапсырмасы бойынша, құрамында активті
түрдегі екі валентті темір бар (ферроксид реагенті) тотықсыздандырғыш-
реагент арқылы, гальваника цехының ағынды суын улы металдардан жəне
жүзгін заттардан тазарту керек. Лабораториялық жұмыстың əдістемелерінде
берілген ұсыныстарға сəйкес, ағынды суды хром, мыс, никель жəне т.б. ауыр
металдардың иондарынан тазартуға мүмкіндік беретін, ферроксид реагентінің
жəне известь сүтінің оптимальды мөлшерлерін, эксперимент арқылы таңдап алу
керек. Гальваника өндірісінің ағынды суларын тазартудың технологиялық
схемасын жасау керек, реагенттердің шығынын есептеу жəне технологиялық
схеманың балансын жасау керек.
Əдістемелік ұсыныстар: Галваникалық хром жабулары (қорғаныс,
декоративтік немесе т.б.) тұрмыста да, техникада да кең қолданыс тапқан. Хром
жабуымен жабу үшін, негізгі компоненттері хром қышқылы немесе хром оксиді
болып табылатын электролиттер қолданылады.
Улылығы өте жоғары хромның (6+) қосылыстары гальваникалық өңдеу
процесінде түзілген, жууға қолданылған ағынды сулардың жəне жұмыс істеп
шыққан технологиялық ерітінділердің құрамында болады.
Өндірістік ағынды суларда 600 мг/л дейін хром (6+) болуы мүмкін.
Сонымен қатар жууға қолданылған ағынды сулардың құрамында, əдетте біраз
мөлшерде мыс, мырыш, никель, темір, қорғасын қосылыстары, сульфаттар,
хлоридтер, фосфаттар жəне т.б. болуы мүмкін.
Мұндай ағынды суларды канализацияға төгуге тиым салынған. Мысалы,
Алматы қаласы бойынша ағынды суларды канализацияға төгуге төмендегідей
нормативтер тағайындалған, мг/л: хром (6+) – 0,1; хлоридтер – 350; хром (3+) –
2,5; сульфаттар – 500; мыс – 0,5; фосфаттар – 8,0; никель – 0,5; мұнай өнімдері
– 3,0; қорғасын – 0,1; СБАЗ (биологиялық тотығатын) – 20,0.


90
Құрамында хром бар ағынды суларды тазарту үшін реагентті əдіспен
тазарту кең тараған. Бұл кезде ағынды су екі сатымен тазартылады: 1) алты
валентті хромды улылығы аз үш валентті хромға дейін тотықсыздандыру
(айналдыру); 2) үш валентті хромды жəне басқа да металдардың иондарын
гидроксид түрінде, сілтілік реагент қосу арқылы тұнбаға түсіру.
Реагент-тотықсыздандырғыш ретінде күкіртті қышқылдың натрий
тұздары ( натрийдің сульфиті жəне бисульфиті) жəне т.б. қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, темірдің екі валентті тұздары, оның ішінде темір сульфаты кең
қолданыс тапқан. Осындай, құрамында темір бар реагенттерді (ферроксидтерді)
метал түріндегі темірдің қалдықтарынан (болат жаңқаларынан), оларды
минералды қышқылдармен (күкірт, тұз, азот) өңдеу арқылы алуға болады.
Хромды (6+) екі валентті темірдің тұздарымен тотықсыздандыру
қышқыл, нейтраль жəне сілтілік ортада жүреді. Мысалы, қышқыл ортада
хромның тотықсыздануы келесі реакция бойынша жүреді:
Cr
2
O
7
2+
+ 6Fe
2+
+ 14H
+
= 6Fe
3+
+ 2Cr
3+
+ 7H
2
O (1)
(1) –теңдеу бойынша хромның (6+) 1 бөлігі (масса бойынша) үшін
темірдің (2+) 3,23 бөлігі қажет. Ары қарай металдардың гидроксидін жəне
хромды (3+) тұнбаға түсіру үшін рН-тың оптимальды мəні 8,5 – 9,0 арасында
болуы керек, сілтілік реагенттер, көбінесе известь сүтін қосу арқылы осы
шамаға жеткізіледі:
Cr
3+
+ 3ОН
-
= Cr(ОН)
3
Хромның (6
+
) тотықсыздану процесінде, темірдің (2
+
) жақсы коагулянт
болып табылатын жəне ағынды судағы ластаушы заттарды толық бөліп алуға
мүмкіндік беретін темірге (3
+
) дейін тотығуы жүретіндігін айтып өту керек.
Берілген лабораториялық жұмыстың мақсаты құрамында хром (6+) жəне
ауыр металдардың иондары (мыс, мырыш, қрғасын, никель) бар ағынды
суларды, «Восток-Аква» МИЦ фирмасы ұсынған технология бойынша алынған,
«ферроксид» реагентін тотықсыздандырғыш ретінде қолданылу арқылы
тазартудың реагентті əдісімен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет