Керек болады Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Электр тізбегінің физикалық шамаларына



бет2/10
Дата01.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#70936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Электр тізбегінің физикалық шамаларына

  • электр тоғы,

  • қабылдағышқа түсірген кернеу,

  • электр қозғаушы күш жатады.

Электр тоғы – еркін зарядталған бөлшектердің реттелген немесе бағытталған қозғалысы. Қабылданған белгілеу:
тұрақты токтың күші; айнымалы токтың лездік мәні.

  • Қабылдағышқа түсірген кернеу – бұл электр тізбегінің қабылдағышындағы әрбір электр зарядына шығындалатын энергия. Қабылданған белгілеу:

тұрақты кернеу; айнымалы кернеудің лездік мәні.
Электр қозғаушы күш (ЭҚК) – бұл электр энергиясының көзіндегі бірлік оң зарядты тасымалдауға кететін энергиясы. ЭҚК былай белгіленеді:
тұрақты ЭҚК; айнымалы ЭҚК-тің лездік мәні.
Электр тізбегінің элементтері - электр тізбегіне кіретін электрлік құрылғыларды (олар: электр энергиясының көзі, қабылдағыштар) атайды. Олар активті және пассивті деп бөледі. Ток жоқ кезде қысқыштарында кернеуі бар элемент активті, ал кернеуі де жоқ элемент пассивті элемент деп аталады. Активті элементтерге электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері жатады. Электр тізбегінің пассивті элементтеріне кедергі, индуктивтік, сыйымдылық және т.б. радиоэлементтер жатады.
Әрбір пассивті элементтің кернеуі, тоғы және кедергісі Ом заңы бойынша байланысқан:
, (1)
Егер ЭҚК көзіне электр қабылдағышты қосса, онда тізбекпен жүретін ток
. (1)
мұндағы: E - электр қозғаушы күш, [В]; R - электр қабылдағыштың кедергісі, Ом; ЭҚК көзінің ішкі кедергісі, Ом.


2. Тұрақты ток. Тұрақты токтың тығыздығы. Тізбек бөлігі үшін және тұйықталған тізбек үшін Ом заңы және оның дифференциальдық түрі. Ток көздері. Бөгде күштер. Электр тогынын куаты және ПӘК -і .
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді.
Тұрақты ток үшін: . Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А). Практикада ток өлшемінің жиі кездесетін үлестік және еселік бірліктері: микроампер (мкА) 1 мкА, миллиампер (мА) 1 мА, килоампер (кА).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет