Керемет бастауыш мектеп-балабақша кешені берік Назым Берікқызы Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет5/20
Дата07.01.2022
өлшемі411,5 Kb.
#19609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Anahtarkelimeler: yetkinlik, yetkinlik, tanıyetkinlik, tanı, öğrenmeperformansı


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі білім беру жүйесінің қойған мақсаты – бәсекеге қабілетті білікті, құзыретті маман қалыптастыру. Жаңа заман педагогіне қойылатын бірден - бір талап - кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасқан білімді, білікті, сапалы қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті маман иесі болу.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқына жолдаған мақаласында: "Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.", -деп баршамызға көрсетілген еді .

Отанымызда орын алып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты қоғамда шығармашылықпен ойлай білетін креативті мамандар қажеттілігі туындайды. Бұл білімді дамыту бағыттарында педагог кадрларды даярлауды жаңартуды қажет етеді. Елімізде 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мақсат етіліп қойылған басым бағыт ұлттық білім беруде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар барлық буынның сапасын жақсарту мақсатында педагогтан өзіндік ізденіс, сындарлы ойлау мен кәсіби, ақпаратты, коммукативті құзыреттіліктерін арттыруын талап қойды. Бұл бағдарлама кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру бағытында педагогтың құзыреттілігін, болашақ маманнан кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті тұлғалар тәрбиелеуді міндеттейді.

Білім берудің жаңғыртылуы - бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша тұлға деген көзқарастың өзгеруі. Өйткені тұлға-өзіндік ішкі құрылымы бар адамзат. Сол себепті білімнің көп деңгейлік жаңа модулінде тұлғалардың даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін зерттеу аса маңызды. Заманауи білім беру жүйесінің барлық үдерісінде, білімнің ерекше тұстарын ескеру, оқушының тұлғасына және қабілетіне бағыталып ықпал жасау талап етіледі. Бұл жерде басты мақсат саналы оқушы тәрбиелеп, оның дара ерекшеліктерін қалыптастырып, жан дүниесін айқын біліп оқып-үйрену. Осы орайда педагог-психологтың диагностикалық қызметінің маңызы ерекше. Ол үшін жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық диагностикалық қызметтің оқу-тәрбие үдерісінде қаншалықты маңызды екенін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана алатындай диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау қажет. Мұның өзі болашақ педагогтардың диагностикалық құзыреттілігі болу мәселесін көкейкесті етеді.

Болашақ маманның-студенттердің қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық ойлауды, интеллектуалды белсенділікті жоғарғы деңгейге шығару, жаңаны тез түсінуді, білімнің жетіспеушілігін сезінуді үйрету арқылы қалыптастырудың күтілетін соңғы нәтижесі құзыреттілік болып табылады. Мұндай маман иелері әрдайым құбылмалы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді талдай білуі, нарық бәсекелестігіне сәйкес шешім қабылдай алып, оны іске асыра білуі керек. Осыған байланысты педагог мамандарды даярлаушы жоғары оқу орнындарының басты міндеті ең бір маңызды міндеті кәсіби қалыптасқан құзыретті мама нәзірлеу болмақ.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру жалпы білім беретін мекемелерде қаншылықты маңызды екендігін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс -тәсілдерін іздестіру психология және педагогика ғылым саласы тұрғысынан басты мәселе болып саналады. Болашақ педагог-психологтарды даярлауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың өзектілігі болашақ білім беру қызметінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді кәсіби тұрғыда сауатты шешу қажеттілігіне байланысты оны жетілдірудің оңтайлы жолдарын іздеуді нәтижелі етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет