Кернеудің шамасы мен сапасын реттеу


Төмендеткіш қосалқы станцияларда кернеуді реттеу



бет2/8
Дата25.11.2023
өлшемі137,52 Kb.
#126691
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭСН-200 КМ10-Эл.қам-з ету 18.11.2023 сабақ

Төмендеткіш қосалқы станцияларда кернеуді реттеу

Қосалқы станция трансформаторларымен кернеуді реттеу үшін трансформация коэффициентін 10 – 20 % шектерінде өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Қиыстырмалық жасалыну түрі бойынша ауыстырып қосқыш құрылғылардың екі түрін айырады:



  • қоздырмай реттеу (ПБВ), яғни трансформация коэффициентін өзгерту үшін трансформаторды тораптан ағытады;

  • жүктеме барда кернеуді реттеу (РПН).

РПН құрылғысы ПБВ құрылғысынан қымбат. Құрылғы құнының трансформатордың қуатынан тәуелділігі аз. Сондықтан РПН бар трансформатордың салыстырмалы қымбаттауы қуаты аз трансформаторлар үшін едәуір үлкен болады. Соған байланысты кернеуі 6 – 20 кВ трансформаторлар көбінесе ПБВмен, ал кернеуі 35 кВ трансформаторлар РПНмен жасалынады.
РПН құрылғысын, әдетте, келесі себептермен жоғары кернеу орамында орнатады:

  • жоғары кернеу жағында токтар аз, сондықтан құрылғының ауқымы аз;

  • жоғары кернеу орамының орамдар саны көп, сондықтан реттеу дәлдігі жоғары;

  • қиыстырмалық жасалынуы бойынша жоғары кернеу орамы сыртқы (магнит өзекшесі – төменгі кернеу орамы – жоғары кернеу орамы). Сондықтан РПН құрылғысына ревизия жасау қарапайым;

  • РПН құрылғысын жоғары орамның бейтарабында орналастырады. Жоғары кернеу орамдары жұлдызбен, ал төменгі кернеу орамдары үшбұрышпен жалғанады. Үшфазалық реттеуді жұлдызбен жалғанған орамдарда жасау жеңіл.

Кернеуі 110 кВ қуаты 2,5 МВА және кернеуі 150 кВ қуаты 4 МВА трансформаторларда РПН құрылғысы төменгі кернеу орамында орналасқан.
Трансформаторларда РПН құрылғысының тармақтар саны және реттеу сатылары әртүрлі. ПБВ бар трансформаторларда барлық уақытта қосымша
тармақтар 4 -  2 х 2,5%.
РПН құрылғылары және оларды басқаратын автоматты реттеу жүйелері сипатталады:

  • реттеу сатысының кернеу шамасымен;

  • сезбейтін аймағымен;

  • іске қосылу уақытының ұстамасымен;

  • реттеу дәлдігімен.

Реттеу сатысы деп көрші тармақтар арасындағы кернеуді айтады. Оны реттейтін тармақтары бар орамның номиналды кернеуіне пайызбен өрнектейді. Сезбейтін аймақ деп реттейтін аппаратура іске қосылмайтын кернеу өзгеруінің кейбір аралығын айтады. Реттегіштің сезбейтін аймағы реттеу сатысынан біршама артық болу керек: болмаса реттегіш орнықты жұмыс істемейді. Реттегіштің уақыт ұстамасы кернеудің қысқа мерзімді өзгергендерінде оның жұмыс істеуін болдырмайды. Реттегіштің сезбейтін аймағы және уақыт ұстамасы реттеу дәлдігін анықтайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет