3.4 Желілік реттегіштердің көмегімен кернеуді реттеу
Желілік реттегіштер (ЛР) торапта қосымша ЭҚК жасауға арналған. Бұл қосымша ЭҚК тораптың кернеу векторымен қосылып оны өзгертеді. Сонымен, тораптың кернеуі реттеледі. Желілік реттегіштер торапта пайдаланылады, егер күштік трансформатордың РПН құрылғысының реттеу аралығы тораптағы кернеудің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге жетпесе. Олар торапты қайта құрғанда қолданылады, егер онда РПН жоқ трансформаторлар орнатылған болса. Желілік реттегіштер күштік трансформаторға (8.3 сурет, а) тізбектеп және электрберілістің шығатын желілерінде қосылуы мүмкін (8.3 сурет, б).
сурет – Тораптағы ЖР қондырғысы
Желі реттегішінің сұлбасы 8.4 суретте берілген. Желілік реттегіш екі трансформатордан тұрады: қоректендіруші трансформатордан 1 және тізбектелген трансформатордан 2. Қоректендіруші трансформатордың біріншіреттік орамы 3 қоректендіруші болады. Ол фазалық А – 0 және желілік кернеуге (А–В, А–С) қосылуы мүмкін. Қоректендіруші трансформатордың екіншіреттік орамы 4 РПН бар трансформатор сияқты ауыстырып қосқыш құрылғысы 5 бар. Тізбектелген трансформатордың біріншіреттік орамының бір ұшы 6 қоректендіруші трансформатордың екіншіреттік орамның орта нүктесіне қосылған. Басқасы ауыстырып қосқыш құрылғыға. Тізбектелген трансформатордың екіншіреттік орамы 7 күштік трансформатордың жоғары кернеу орамымен тізбектеліп жалғанған. 7 орамдағы қосымша ЭҚК күштік трансформатордың ЭҚК қосылып оны өзгертеді.
Желілік реттегіш жасайтын ЭҚК тәуелді:
қорек кернеуінің шамасынан;
қорек кернеуінің фазасынан;
желілік реттегіштің трансформация коэффициентінен.
Қоректендіруші трансформатордың біріншіреттік орамын тораптың әртүрлі фазаларына қосып реттегіштің шықпасында әртүрлі кернеулерді алуға болады. Желілік реттегіште фазалық реттеу жасалынады. А фазасы үшін векторлық диаграммаларды тұрғызады.
Біріншіреттік орам 0–А фазасына қосылғанда күштік трансформатордың жоғары кернеу орамының ЭҚК желілік реттегіштің көмегімен модуль бойынша реттеледі (8.3, а сурет). Мұндай реттеуде желілік реттегіштің қосымша ЭҚК ∆Е тораптың фазалық кернеулерімен фаза бойынша сәйкес келеді. Мұндай реттеу бойлық деп аталады. Трансформация коэффициенті – айғақты шама.
Қоректендіруші трансформатордың орамы 3 В – С желілік кернеуіне қосылса, онда күштік трансформатордың және тізбектелген трансформатордың екіншіреттік орамының 7 нәтижелік ЭҚК фаза бойынша өзгереді (8.5, б сурет). Мұнда күштік трансформатордың ЭҚК және қосымша ЭҚК өзара 90○ ығысқан. Мұндай реттеу көлденең деп аталады.
Орамды 3 А және В фазаларына қосқанда бойлық - көлденең реттеу жасалынады. Қосымша ЭҚК векторы желілік кернеулердің бойымен бағытталған. Трансформация коэффициенті кешенді шама. Қуаты үлкен желілік реттегіштер қуаты 16 – 100 МВ∙А, РПН құрылғысы 15 %, кернеуі 6 – 35 кВ үшфазалық болып жасалынады. 35 – 150 кВ кернеуіне ЖР (ЛР) қуаты
92 – 240 МВ∙А болып жасалынады. 6 – 10 кВ тораптарында ЖР (ЛР) автотрансформаторлар түрінде жасалынады.
а) – модуль бойынша; б) – фаза бойынша; в) – модуль және фаза бойынша.
сурет – ЖР кернеуді реттеу
Күштік трансформатордың және желілік реттегіштің реттегіш құрылғылары тізбектеліп қосылғасын олардың өзара орындайтын міндеттерін анықтау керек. Олар келесідей болуы мүмкін:
күштік трансформатор желілердің бір тобы бойынша кернеуді реттеуі мүмкін. Мұнда бір желілік реттегіш үнемделеді. Бірақ желілік реттегіштің реттеу аралығы электрқабылдағыштарда кернеудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті үлкен болу керек. Күштік трансформатор реттегішінің және желілік реттегіштің уақыт ұстамалары бірдей болуы мүмкін;
күштік трансформатор қосалқы станция шиналарында кернеуді тұрақтандыруды орта деңгейде жасайды. Желілік реттегіштің реттеу аралығы
мұнда төмендеуі мүмкін. Мұндай реттеу желілік реттегіштің қуатын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Кернеуді реттеу белгілі реттілікпен жасалыну керек. Күштік трансформатор кернеуді, ал желілік реттегіш шығатын ЭБЖ кернеуді тұрақтандыруына байланысты желілік реттегіштің уақыт ұстамасы күштік трансформатордың РПН құрылғысынікінен көп болу керек. Бұл трансформатордың РПН көмегімен жалпы ауыстырып қосуларды жойып желілік реттегіште ауыстырып қосу санын азайтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |