Кернеудің шамасы мен сапасын реттеу


Екіорамды трансформатордың РПН құрылғысы



бет3/8
Дата25.11.2023
өлшемі137,52 Kb.
#126691
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭСН-200 КМ10-Эл.қам-з ету 18.11.2023 сабақ

Екіорамды трансформатордың РПН құрылғысы

Реакторы бар РПН құрылғысының қағидалы сұлбасын қарастырады (1.1 сурет).






    1. сурет – Реакторы бар РПН сұлбасы

РПН бар трансформатордың жоғары кернеу орамы екі бөліктен тұрады: реттелмейтін немесе негізгі (а) және реттелетін (б).


Орамның реттелетін бөлігінде 1, 2, 0, - 1, - 2 жылжымайтын түйіспелеріне бірнеше тармақтар бар. 1, 2 тармақтары негізгі орамның тармақтарына үйлесіп қосылған. 1, 2 тармақтарын қосқанда трансформация коэффициенті көбейеді. – 1, - 2 тармақтары негізгі орам тармақтарына қарсы қосылған тармақтар бөлігіне сәйкес келеді. Оларды қосу трансформация коэффициентінің азайуына алып келеді.
Жоғары кернеу орамының негізгі шықпасы болатын нөлдік шықпа.
Одан номиналды кернеу алынады.
Орамның реттелетін бөлігінде ауыстырып қосқыш құрылғы бар. Ол в және г жылжымалы түйіспелерінен, К1 және К2 түйістіргіштерінен және Р реакторынан тұрады. Реактор орамының ортасы трансформатордың жоғары кернеу орамының реттелмейтін бөлігімен жалғанған. Жұмыстың қалыпты режимінде жоғары кернеу орамының жүктеме тогы (ауыстырып қоспай) реактор арқылы өтеді және реактор орамының екі бөлігіне тең бөлінеді. Сондықтан магнит ағыны аз және реактордағы кернеу шығыны да аз.
Ауыстырып қосулар келесі жолмен жүргізіледі. 2 тармақтан 1 тармаққа ауыстырып қосу қажет болсын дейік. Ол үшін К1 түйістіргіші ағытылады, в жылжымалы түйіспесі 1 тармаққа ауыстырылады және контактор К1 түйістіргіші қайтадан қосылады. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1 - 2 секциясы реакторға тұйықталады. Реактордың едәуір индуктивтігі 1 - 2 секциясында кернеу пайда болғасын ағатын теңгеруші токты шектейді. Сосын К2 түйістіргіші ағытылады, жылжымалы түйіспесі 1 тармаққа ауыстырылады және К2 түйістіргіші қайтадан қосылады.
Реактор және ауыстырып қосқыш қондырғының барлық жылжымалы және жылжымайтын түйіспелері трансформатордың багында орналасады. Түйістіргіштер бөлек қаптамада орналасады. Ол маймен толтырылған және трансформатор багының сыртында орналасқан. Бұл түйіспелердің ревизиясын және майды аумастыруды жеңілдетеді.
Реакторлары бар ауыстырып қосқыштар жүктеме тогының ұзақ өтуіне есептелген. Бірақ реактор ауыр және қомақты элемент. Сондықтан кернеуі 220 кВ және жоғары трансформаторлардың ауыстырып қосқыш құрылғылары активтік кедергілерде жасалынады. Мұндай құрылғыларда электрэнергия шығындарын төмендету үшін оларды қысқа мерзімді уақытқа есептейді. Құрылғы ықшам болады, бірақ қуатты тезәсерлі жетектерді қолдануды талап етеді. Мұндай құрылғылардың жұмыс істеу қағидасы кернеуі 220 – 330 кВ автотрансформаторлардың мысалында қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет