Кернеудің шамасы мен сапасын реттеу


Автотрансформатордың РПН құрылысы



бет4/8
Дата25.11.2023
өлшемі137,52 Kb.
#126691
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Автотрансформатордың РПН құрылысы

Автотрансформатордың РПН құрылымы орта кернеу орамының желілік ұшында орналасқан (8.2 сурет). РПН құрылымының мұндай орналасуында жоғары және орта кернеулер орамдарының арасында трансформация коэффициенті өзгереді. Трансформация коэффициенті жоғары және төменгі кернеу орамдары арасында өзгермейді. Алдында автотрансформаторлардың РПН трансформаторлардікіндей бейтарапқа ендірілетін. Реттегенде трансформация коэффициенті барлық орамдар арасында өзгеретін. Мұнда төменгі және орта кернеулер жақтарында тұтынушылардың кернеулерін реттеу талаптарын үйлестіру қиын еді. РПН құрылымының орта кернеу орамының желілік ұшында орналасқанында төменгі кернеу орамы реттелмейтін болады. Егер автотрансформатордың төменгі кернеу орамын реттеу қажет болса төменгі кернеу орамымен тізбектеп желілік реттегішті қосады. Экономикалық жағынан қарағанда мұндай шешім автотрансформаторды екі РПН құрылымымен жасағаннан көрі тиімді болады.


Бейтарап жағынан тармақтар жасау РПН құрылымының оқшауламасын жеңілдетеді және оны жоғары және орта кернеулер орамдарының токтар айырмасына есептеуге мүмкіндік береді (IВIС). Бірақ реттеу байланысты болады. Орта кернеу орамының желілік ұшында тармақтарды жасағанда құрылғы толық номиналды токқа, ал оның оқшауламасы орта кернеу орамының UС кернеуіне есептелу керек. Бірақ реттеу тәуелсіз болады.




    1. сурет – Активтік кедергілердегі РПН сұлбасы

Суретке сәйкес, жұмыс тогы тұйықталған түйіспе 1 және көмекші түйіспе 2 арқылы өтеді. Ауыстырып қосу келесі ретпен жүреді. а сатысынан в сатысына өткенде әуелі жұмыс түйіспесі 1 ағытылады, сосын - көмекші түйіспе 2. Жүктеме тогы R кедергісі арқылы өтеді. Доғасөндіргіш түйіспе 3 тұйықталады. Көпір пайда болады – теңестіруші ток екі R және R активтік кедергі арқылы өтеді. Доғасөндіргіш түйіспе 3 ағытылады және жүктеме тогын оң иінге аударады. 2 және 1 түйіспелері тұйықталады. Жаңа жұмыс жағдайы пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет