Дисконттаудың 16% ставкасы болған кезде 5 жыл ішіндегі инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 9 736 мың теңгені құрайды.
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR)
93%
Таза ағымдағы құны (NPV), мың теңге
9 736
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
2,0
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
2,2
Жобаның тұжырымдамасы Жобаның тұжырымдамасы кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.
Цех өндіретін кеңсе жиһазының негізгі түрлері мыналар болады:
- үстелдер;
- шкафтар.
Кейіннен өндірілетін өнімнің жиынтүрлері кеңселік жиһаздың басқа да түрлерімен толықтырылуы мүмкін.
Ірі ұйымдар да, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындар да, сонымен бірге үй кеңселерінің иелері де жоспарланып отырған цехтың тұтынушылары болады.
Цех жалпы алаңы 100 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналастырылатын болады.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарында жоспарланып отырған айналымдарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланып, қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар іс-қимылға басшылықтың түпкілікті нұсқасы болып табылмайды, ол тек қана осындай бизнес-идеяның әлеуетті даму мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасының да, сондай-ақ шығарылатын өнімнің жиынтүрінің де өзгеруі мүмкін.