Маркетингілік жоспар Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы Объективті түрде алғанда Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің 70%-на дейін сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.
Суреттен көрініп тұрғандай, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 510 млн.теңге (немесе 19,5%-ға) ұлғайды.
Сонымен, ҚР-да өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі жиһаз саласы өнімдерінің үлесі 2010 жылы 0,2%-ды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында жиһаз өндіру көлемі 9 229 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 37,1%-ды құрайды. Алдағы айға қарағанда жиһаз өндіру бойынша заттай көлем индексінің (ЗКИ) – 81,8%-ға төмендеуі байқалады.
Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер Кәсіпорынға жалпы басшылықты директор жүзеге асырады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының түрі төменде көрсетілген
Директор
Бухгалтер - кассир
Шебер-технолог
Ағаш шебері
Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер
Сатушы
Ораушы
Кеңсе жинаушы
Қызметкерлерді басқарудың келтірілген құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмыс жедел басқаруға және барлық оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік береді.
Пайдалану шығыстары Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады.